Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Полиграфиялық басу әдістерінің тиімді түрін таңдау



бет15/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
annotation33162 (1)

Полиграфиялық басу әдістерінің тиімді түрін таңдау


Баспа ісін ұйымдастырудың бизнес-жоспарын құрастыруда баспа өнімдерінің ерекшеліктеріне қарай, оларды сапалы əрі экономикалық тиімді басып шығару үшін полиграфия саласында қолданылатын басу əдістерін жете білу керек..
Барлық басу əдістері– басу қалыптарының ерекшеліктеріне, оларды дайындау технологияларына, басу қалыбындағы бояудың басылатын материалдарға (қағаз, картон, пленка) берілу ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Ежелден қолданылып келген басу əдісінің бір түріне – шығыңқы басу əдісі жатады.
Шығыңқы басу əдісін – адамдардың ең алғашқы ойлап тапқан əдісі деп айтады. Ертеректе адамдар ағаш тақтада мəтіннің немесе бейненің сұлбасын ойып дайындаған. Бедерленіп шығыңқы орналасқан басу элементтеріне бояу жағылып, үстіне қойылған қағазға қысым беру арқылы мəтін-бейне материалдары алынған. Бұл əдіс полиграфиялық терминмен - ксилография əдісі деп аталады. Бұл көп еңбекті талап ететін, өнімділігі төмен жұмыс болатын. Шығыңқы басу əдісінің басу элементтері ашық жол элементтерінен шығыңқы, бедерлі түрде орналасқан. Басу элементтерінің шығыңқы орналасуы осы басу əдісінің шығыңқы деп аталуына себеп болған. Ал ашық жол элементтері керісінше, басу элементтерінен төмен, ойыңқы орналасқан. Қазіргі кезде шығыңқы басу əдісі негізінде флексографиялық басу əдісі қолданылады. Мұнда басу қалыптары əртүрлі майысқақ фотополимерлік материалдардан дайындалады. Фотополимерлік басу қалыптарындағы басу элементтері шығыңқы орналасады.
Бұл əдісті орап-буу, жарнамалық арнайы материалдарда дайындалатын түрлі-түсті өнімдерді басқан тиімді.
Жазық басу əдісі (плоская печать) – негізгі басу əдістерінің бірі. Мұнда басу жəне ашық жол элементтері бір жазықтықта орналасқан. Арнайы химиялық – гидрофильдеу жəне гидрофобтау қасиеттерін қалыптастыратын үдерістерімен өңделген қалыптағы басу элементтері бояуды қабылдап алады, ал ашық жол элементтеріне бояу жұқпайды. Жазық басу əдістеріне литография, офсеттік басу əдісі, фототипия жатады.
Мысалы, кеңінен қолданылып жүрген офсеттік басу қалыптарындағы басу элементтері арнайы офсеттік майлы бояуларды қабылдайды да, ылғалды қабылдамайды. Сондықтан осы əдіспен басатын офсеттік жабдықтарда алдымен басу қалыбына ылғал жағылады. Сонда офсеттік қалыптың басу элементтеріне бояу жағылып мəтін-бейне материалдары пайда болады, ал ылғалданған ашық жол элементтеріне бояу жағылмай, оттискідегі ашық жерлерді қалыптастырады. Офсеттік басу қалыбын дайындау қарапайым жəне арзан түсетіндіктен, полиграфиялық кəсіпорындарда ең кеңінен қолданылатын басу əдісіне, осы офсеттік басу əдісі жатады. Офсеттік басу əдісімен басатын жабдықтар мен осы əдіске арналған қосалқы материалдардың түрлері де көптеп шығарылады.
Жазық басу əдісіне жататын офсеттік басу əдісінің басу қалыптарын даярлау басқа əдістермен салыстырғанда қарапайым əрі арзандау түсетіндіктен, өнімдері сапалы дайындалатындықтан бұл əдіс қазір кеңінен қолданылады.
Ойыңқы басу əдісінің (глубокая печать) басу қалыбы ойыңқы басу машинасында бекітілетін, осы машинаның формалық цилиндрі болып табылады. Формалық цилиндрдегі басу элементтері əртүрлі тереңдікте лазермен оймаланып ойыңқы орналасады да, өзара жіңішке ашық жол элементтерімен бөлінеді. Ашық жол элементтері цилиндрдің үстіңгі бетінде бір жазықтықта орналасады. Басу үдерісінде формалық цилиндрдегі ойыңқы басу əдісінің қалыбы толығымен бояуға батырылады да, бояудан шыққан соң осы қалыптағы ашық жол элементтеріндегі жағылған бояу, машинадағы арнайы ракель пышағы арқылы тазартылады. Басу элементтерінің тереңдігі əртүрлі болғандықтан басылып шыққан оттискідегі бояу қабатының қалыңдығы мен қанықтығы да əртүрлі болады. Ойыңқы басу əдісінің қалыптары да əртүрлі болады. Мысалы, басу қалыбындағы басу элементтерінің тереңдіктері бірдей болып та келуі мүмкін. Оларды дайындау да əртүрлі технологиялармен орындалады.
Ойыңқы басу əдісімен басылған өнімдердің сапасы жоғары, бояудың ақшыл жерден қаралау тұстарына берілу сапасы мен қанықтығы да сапалы шығады. Бірақ басу қалыптарын даярлау əрі қымбат, əрі күрделі болғандықтан, таралымы үлкен, жоғары сапалылықты қажет ететін өнімдерді басуда ғана қолданылады. Осы себептен де қазіргі кезде нарық талабына қарай ойыңқы басу əдісімен дайындайтын кəсіпорындар сирек кездеседі.
Трафареттік басу əдісі. Трафареттік басу əдісінде мəтін-бейне материалдарына берілетін бояу, үстіңгі беті тор материалмен қапталған басу қалыбындағы тор саңылауларының ұяшықтарынан арнайы ракель пышағының көмегімен баяуды сығып шығаралыды. Осы бояу арқылы мəтін-бейне материалдарының бейнесі қалыптасады.
Дəстүрлі трафареттік басу əдісін кейде шелкография немесе тормен басу əдісі деп те атайды. Трафареттік басу əдісімен басылған
оттискілердегі бояу қабатының қалыңдығы басқа əдіспен басылған оттискілердегі бояу қабатына қарағанда əлдеқайда қалың болады. Сондықтан трафареттік басу əдісін қолдана отырып бояуды қатты сіңіретін немесе кедір-бұдыр материалдарда қанықтығы жоғары жəне қалың бояу қабаты бедерлі болып айшықталып, ерекше безендірілген мəтін-бейнелерді алуға болады.
Ризография – санды жəне трафареттік басу əдістерінің ұтымды жақтарын қолданып басатын басу əдісінің бір түрі. 20 данадан 20 000 данаға дейінгі əр түсті (толық түсті емес) өнімдерді басуда өте қарапайым жəне экономикалық тиімділігі жоғары басу əдісі. Өнімнің əр түсін басу үшін бөлек бояумен жабдықталған басқа барабанды қолданады. Көбіне сапасы орташа прайстарды, парақшаларды, бланктерді, қарапайым кітапшаларды басуда қолданылады. Ризографиялық машиналарда толық түсті (бір-біріне дəл түсірілетін төрт бояудан тұратын) сапалы өнімдерді басу мүмкіншілігі жоқ.
Тампонды басу əдісі – арнайы басу əдістерінің ерекше бір түріне жатады. Тампонды басу əдісінің арнайы тығыз жəне майысқақ материалдан (силикон т.б.) жасалған басу қалыбы, осындай ерекшеліктерінің арқасында, геометриялық формалары əртүрлі, үстіңгі беттері кедір-бұдыр, дөңгеленген, пішімдері де əртүрлі – қаламсап, қарындаш, значок, кесе, ыдыс, мата, кепка, майка жəне тағы да басқа көптеген өнімдерге мəтін немесе бейнесуреттер басып шығарады. Тасмпонды басу əдістерінің жабдықтары бір, екі жəне көп бояулы болып шығарылады.
Санды басу əдісі (цифровая печать) – қазіргі кезде барынша кеңінен қолданылып жəне дамып жатқан басу əдісі. Бұл басу əдісінде басылатын материалдар жайлы компьютерден жіберілетін ақпараттар тікелей басу машинасында басыла береді. Басуға дейінгі басу қалыбын жасау технологиясын қажет етпейтін, яғни, бұл жұмыстарды жасайтын жабдықтарды (көшіру рамасы, айқындағыш процессор, жуу, құрғату құрылғылары, монтаждау столы), материалдарды (үлбір, калька, формалық пластина, айқындағыш ерітінділер, түзеткіш қаламсаптар, т.б.), адам күші мен жабдықтарды қоятын үлкен жұмыс аудандарын да қажет етпейтін экономикалық жағынан ұтымды технология. Санды басу əдісінің үдерісі кезінде басылатын материалдың əр бетіне, баспа жүйесінің компьютерінен əртүрлі өзгерістер енгізіп, өзгертіп баса беруге болады.
Санды басу əдісімен таралымы тым аз өнімдерді баса береді. Себебі басу қалыбын даярлайтын қымбат операциялардың қажеті жоқ болғандықтан, аз таралымды өнімдерді басу дəстүрлі əдістермен салыстырғанда экономикалық тұрғыдан өте ұтымды келеді. Мұнда даярланатын өнімдердің бағасы таралым санына тəуелді емес. Полиграфия мен бизнес саласы дамыған елдерде талап бойынша, жедел басатын санды технология кеңінен дамыған. Санды басу əдісімен визиткалар, буклеттер, бірнеше қағазда бірден көшірмеленетін құжаттар, флаерлер, жарнамалық өнімдер жəне тағы да басқа əртүрлі өнімдер басыла береді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет