Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Баспа өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге әсер ететін факторлар



бет13/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
annotation33162 (1)

Баспа өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге әсер ететін факторлар.




Экономикалық есептеу барысында баспа өнімдерін даярлаудың барынша ұтымды экономикалық тәсілдерін таңдау керек. Мысалы таралымы мен көлемі кіші өнімдерді кіші пішімді офсеттік машиналарда және ризография жабдықтарына басу экономикалық тиімді. Жаппай бұқаралық, орташа сапалы өнімдерді орташа сапалы арзан қағаздарда басқан тиімді.
Кітапшалау-түптеу өндірісі үлкен еңбек сиымдылығын қажет ететіні белгілі. Сондықтан, еңбексиымдылығын жеңілдету жолдарын қарастыру керек. Мысалы: кітап-журнал өнімдерін дайындау технологиясын ұқсастыру және басылымдардың құрылымын қарапайымдау құрастыру және оларды кеңінен қолдану. Тікпей желімдеп бекіту тәсілін кеңінен қолдану. Кешенді және экономикалық ұтымды, әртүрлі операцияларға арналған жабдықтармен қамтамасыздандыру.
Ірі және орташа өндірістерде таралымдары үлкен, дайындау технологиялары ұқсас өнімдерді модульді және агрегатты автоматтандырылған ағымды желілерде даярлау еңбек өнімділігін арттырады. Көлемі үлкен, жұмсақ мұқабамен қапталатын басылымдарды бүктемелеу барысында терможіптермен немесе тікпей желіммен бекітудің экономикалық тұрғыдан ұтымдылығын да ескеру керек.
Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады. Өзіндік құнға есептеу жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті ұтымды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы техниканы мен технологияларды, материалдар мен шикізаттардың және тағы басқа материалдық ресурстардың тиімді түрлерін таңдау, өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы өндірістердегі өзіндік құнды азайту жөніндегі жеткен жетістіктері мен тәжірибелерін ескеру қажет.
Қорытындылап айтатын болсақ, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандату көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің ең басты көздері – еңбек ресурстары мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану. Ол еңбек өнімділігін арттырады немесе бір уақыт бірлігінде өнімді шығару артады, ал екінші қайнар көзі – материалдық шығындарды азайту. Сонымен қатар, өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:

  • өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

  • өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;

  • басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • технологиялық үрдістердің қуаттылықтары мен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту;

Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің тиімділігін арттыру материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты.
Өнімнің қор сиымдылығы мен материал сиымдылығы басты экономикалық категорияларға жатады. Өнімнің материал сиымдылығы өндіріс үрдісінде материалдық шығындарды тиімді пайдалану деңгейін көрсетеді. Неғұрлым жаңа техника мен технология пайдаланылса, оны қолданатын жұмысшылар жоғары дәрежелі маман болса, соғұрлым тауардың материал сиымдылығы кемиді, ол кеміген сайын оның өзіндік құны да кемиді. Өнімнің материал сиымдылығы өндірістік қорға ықпалын тигізеді. Неғұрлым материал сиымдылығы аз болса, соғұрлым материалдық қорға шығын аз керек болады.
Материалдық ресурстарды үнемдеуде материалдық шығынды нормалау үлкен рөл атқарады. Барлық экономикалық болжам-есептер нормативті көрсеткіштерге байланысты есептеледі. Егер материалдық шығындар нормативі технико-экономикалық жан-жақты негізделген болса, онда материалдық шығын азаяды, ал пайдалану тиімділігі артады. Материалдық ресурстарды үнемдеу жолдары әрбір фактор бойынша бөлек есептеліп, қорытынды жасауды талап етеді.
Калькуляциялық статьялардың жоспарлы, нақтылы көрсеткіштерін салыстырып, қорытындыларын жеке-жеке талдап, материалдық шығындарды азайту көздерін, нақтылы шараларды белгілеу керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет