Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Түптеу материалдарының шығынын есептеу



бет22/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
annotation33162 (1)

Түптеу материалдарының шығынын есептеу


Баспа-полиграфия саласында жарыққа шығарылатын көптеген кітаптар қатты картонмен түптелген мұқабаларда шығарылатындықтан нарықта шығып жатқан арнайы түптеу материалдарының көптеген түрлері бар. Мысалы, арнайы түптемелік коленкор, бумвинил және ледерин сияқты түптеу маталары кеңінен қолданылады. Әсіресе, соңғы екеуі қазіргі кезде көптеп қолданылады. Мұндай материалдар кітаптың әсемдігін, безендірілуін және уақытқа төзімділігін арттыра түседі.


Түптемдік коленкор дегеніміз —арнайы мақта-мата немесе сұр матадан тұратын кездеме. Түптемдік коленкордың құрамына крахмал, минералды толтырғыштар және бояғыштар кіреді. Коленкор рулондарының ені 62, 71, 86 сантиметр ұзындығы 50 - 200-250 метрлік болады. Түптемдік коленкордың 1 текше метрінің салмағы 170 грамм келеді.
Түптеу материалдары бір жағына толтырғыштары бар нитроцеллюлозалық пленка жапсырылған, баспа тапсырыстары бойынша түрлі түсті, ою-өрнекті, бедерлі және ойыңқы оюлармен безендіріліп шығарылады. Түптеу материалының рулондары — 60, 71, 82, 86, 91, 103 және 106 сантиметрлік, ал ұзындығы — 50 және 150-200 метр болып келеді.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген, қағаз негізден тұратын түптеу материалдарының біріне – бумвинил түптеме материалы жатады.
Бумвинил – түптеу материалының ішкі жағы қағазбен, ал үстіңгі жағы жасанды теріге ұқсас келетін поливинилхлорид қабатымен қапталған. Бумвинил А және Б маркаларымен шығарылады. Массасы 80 г/м2, А маркалы бумвинил түптеу материалы №7-, №5-, №8-, №9- түптеу мұқабаларын қаптауда, ал Б маркалы, массасы 200 г/м тең бумвинил материалы №6- түптеу мұқабасын қаптауда қолданылады.
Ледерин түптеме материалдарының ішкі жағы мақта-матадан, ал үстіңгі жағы нитроцеллюлозамен қапталған. Ледерин материалының ішкі жағы мата болғандықтан құны бумвинилден 4-5 есе қымбат келеді. Ледерин түптеме материалдары үш маркамен шығарылады. Олардың біріншісі – А маркалы ледериннің 1 шаршы метрінің салмағы — 220 граммға тең.
А маркалы ледерин түптеу материалы №7-, №5- (сирек), №8-, №9- түптеу мұқабаларын қаптауда қолданылады. Пресстеу арқылы «алтындап», «күмістеп» безендіру операциялары сапалы шығады. Б маркалы материалдың (220 г/м) негізі мақта мата, үстіңгі беті полиамидпен өңделген. Төзімділігі жоғары №7-, №5-(сирек), №8-, №9-түптеу мұқабаларын қаптауда қолданылады. В маркалы материал крахмал-каолинді қабаты мен нитроцеллюлоза қабатымен қапталған мақта-матадан тұрады. №7-, №5-түптеу мұқабаларындағы картон беттерін қаптауда қолданылады.
Триацетатты пленка. Көптеген кітапшалар, журналдар, кітаптар мұқабалық кағаздармен қапталып шығарылады. Қарапайым мұқабалық қағазбен қапталған кітап-кітапша, журнал мұқабаларының беріктігі мен төзімділігі төмен болғандықтан көп жағдайда умаждалып, жыртылып, тез тозып қалатын жағдайлар болады. Осы кемшіліктердің алдын алу мақсатында, жұмсақ мұқабалы қағазбен қапталып шығарылған басылымдардың сыртын әртүрлі әсерлерден сақтау үшін және сыртқы әсемдік көрінісін арттыра түсу үшін, қалың микронды триацетат мөлдір пленкаларды мұқабаларға қыздырып, престеп бекітеді. Мұндай пленкалы рулондарды кітап мұқабасына бекіту полиграфия саласында кеңінен қолданылатын арнайы жабдықтарда орындалады. Осындай пленкалармен қапталған мұқабалар жалтырап тұрады, мықтылығы артып ұзаққа шыдайды және әсем көрініс береді.
Картонман түптелген мұқабалардың түрлері мен ерекшеліктері.
Картонман түптелген қатты мұқабалар № 4а (өндірістерде № 4-деп аталып кеткен, жалпы оқулықтарда осы мұқаба жайлы өте сирек жазылған, сондықтан осылайша белгіленді), №5-, №6-, №7-, №8-, №9- деп нөмірленген.
№4а-түптеу мұқабасы тұтас қағазбен қапталған қатты картоннан тұрады. Шеттерінен шығып тұратын канттары бар, бұрыштары да, кітаптың түбі де тік болады. Картон беттері пленкамен престелген мұқабалық қағазбен немесе арнайы қағаздармен қапталады. №4-түптеу мұқабасын дайындауда шпацияны марлямен немесе басқа жұмсақ матамен картон беттеріне 10-12 мм-дей кіргізіп желімдеу керек. Бұл түптеу мұқабасы біраз жылдар бұрын ғана қолданыла бастады. Қазіргі кезде кеңінен қолданылуда.
№5-түптеу мұқабасы жоғарыда айтылып кеткендей, бөлек пішілген құрама бөлшектерден тұрады. Басылымның түбі бөлек түптеу материалымен, ал картон беттері мұқабалық қағазбен немесе қағаз негіздегі түптеу материалымен қапталады. Кітаптың түбі дөңгеленген немесе тіке бола береді. №5-түптеу мұқабасын оқулықтарды, көркем әдебиеттерді, анықтамалық және ресми әдебиеттерді қаптауда қолданады. Қазіргі кезде сирек қолданыста.
№6-түптеу мұқабасы кейде шеттерінен канттары шығып тұратын, кейде канты жоқ, бұрыштары дөңгелене кесілуі мүмкін, тұтас майысқақ жұқа картоннан немесе тығыз қағаздан дайындалады. Бұл мұқабадағы отстав пен шпацияның өлшемдері бірдей болады. Расставтың өлшемі 10 мм-ден аспайды. №6-түптеу мұқабасын көбіне анықтамалық басылымдарды қаптауда қолданады. Соңғы кездері мектеп жасына дейінгі балалар әдебиетін қаптауда жиі қолданылуда.
№7-түптеу мұқабасы шеттерінен канттары шығып тұратын, картон беттері түптеу материалымен тұтас қапталған, басылымның түбі дөңгелене немесе тіке болып келетін өнімдерде қолданылады. №7-түптеу мұқабасымен қапталған басылымдарда супермұқаба қолданылуы мүмкін. №7-түптеу мұқабалары күнделікті өмірде барынша кеңінен қолданылады.
№8-түптеу мұқабасы түптеу материалымен қапталған, құрама, қатты, шеттерінен канттары шығып тұратын, түбі теріден немесе матадан тұратын, картон беттері басқа түптеу матасымен қапталған болып келеді. №8-түптеу мұқабасы ерекше безендірілген басылымдарда ғана қолданылады.
№9-түптеу мұқабасы канттары шығып тұратын немесе кантсыз, төрт жағынан да қапталған құрама картон немесе пластмассадан тұрады. Кітаптың түбі дөңгеленген және бұрыштары да дөңгелене кесілуі мүмкін. Бұл түптеу мұқабасының үш түрі бар. Олар: №9м, №9п.ж. және №9ж. – түптеу мұқабалары. Олар әртүрлі поливинилхлоридті жұмсақ, мөлдір әрі қатты және мөлдір емес пленкалардан тұрады.
№9м. – пластикаттың бір қабатынан құралған жұмсақ пластмассадан тұратын мұқаба. Бұл түптеу мұқабасы негізінен қысқаша анықтамалық тілашар, анықтамалық күнтізбе сияқты басылымдарда қолданылады.
№9п.ж. – түптеу мұқабасы жұмсақ және қатты екі пластикат қабатты жартылай жұмсақ пластмассадан тұратын мұқаба. Қатты пластикат мұқабаның ішкі жағында орналасқан. №9п.ж. – түптеу мұқабасы кіші мектеп жасындағы балаларға арналған кейбір әліппелерде, ерекше көркемдеп безендірілген арнайы басылымдарда қолданылады. №9ж. – түптеу мұқабасы араларында картон беттері қойылған, қатты пластикаттың екі қабатынан тұрады. №9ж. – түптеу мұқабасын №9п.ж. – түптеу мұқабасы қолданылатын басылымдарды түптеуде қолданады. Полиграфия саласында сирек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет