Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Басу қалыптарының қажетті санын есептеу



бет30/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
annotation33162 (1)

Басу қалыптарының қажетті санын есептеу


Полирафияда қолданылып жүрген басу қалыбы – құрамы әртүрлі материалдардан тұратын – алюминий пластина, формалық цилиндр, фотополимерлік материал, металл, пластмасса, қағаз, ағаш, литографиялық тас сияқты әртүрлі материалдардың үстіңгі беттерін өңдеу арқылы басу бояуын қабылдап алатын басу элементтерінен және бояуды қабылдамайтын ашық жол элементтерінен тұратын арнайы қалып. Бұл қалыптардағы басу элементтеріне алдымен әртүрлі әдістермен бояу беріліп, сонан соң осы бояудың қағазға немесе басқа материалдарға берілуі арқылы мәтін және бейне суреттері қалыптасады.
Қазіргі кезде үстіңгі беті жарыққа сезімтал қабаттан тұратын қалыптар кеңінен қолданылады. Барлық басу әдістері–басу қалыптарының ерекшеліктеріне, оларды дайындау технологияларына, басу қалыбындағы бояудың басылатын материалдарға (қағаз, картон, пленка) берілу ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Басу қалыбындағы басу элементтері дегеніміз – басу қалыбын өңдеу, жарық сәулесінің әсерін беру, лазермен оймалау және т.б. көптеген технологиялық үдерістер арқылы, осы қалыптың бетінде қалыптасқан мәтін немесе бейне материалдары. Басу үдерісінде басу элементтеріне бояу беріліп, одан қағазға немесе басқа бояу жағылатын әртүрлі материалдарға көшіріледі.
Ашық жол элементтері (пробельные материалы) – керісінше басу қалыбындағы бояу қабатын қабылдамай, терілген беттердегі ашық жерлерді қалыптастырады.
Басу үдерісінде бояу қабатының тек қана басу элементтеріне жағылуы, мысалы офсеттік басу әдісінде, яғни, басу элементтері мен ашық жол элементтерінің әртүрлі болып қалыптасуы – олардың бедерлі түрде, жазық немесе ойыңқы түрде болуы, басу әдістерінің түрлеріне және ондағы басу және ашық жол элементтерінің физико-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты келеді.
Полиграфиялық басу қалыптарының таралымды басуға кететін шығынын есептеу үшін төменде келтірілген мәліметтерді білу керек:
Басу машинасының басатын пішімдік өлшемі мен басылатын өнімнің бояулылығын білу керек.


Мысал: Басылымның пішімі 84х108 1/16
Көлемі 10 баспа табақ
Бояулылығы (4+4) / 2= орташа бояулылығы 4 бояу
Басу машинасының пішімі басылатын өнімнің пішімінен 2 есе кіші.

Басу қалыптары басу машинасының пішіміне сәйкес дайындалатындықтан (84х108 1/16 пішімі басу машинасына сыймайды) 2 есе кіші өлшемде дайындалады.


Басылымның көлемі 10 б.табақ болғандықтан он басу қалыбы керек. Басу қалыптары 2 есе кіші өлшемде дайындалатындықтан оларды екіге көбейтеміз.

10 х 2 = 20 б.т.


Әр бояу бір басу қалыбымен басылатындықтан тағы 4 бояуға қажетті басу қалыптарын есептейміз.


20 х 4 = 80 басу қалыбы шығады.


Шыққан санға техникалық шығындарға кететін норманың пайыздық көрсеткішін қосып басу қалыптарының қажетті санын шығарамыз.


Мысалы техникалық шығын нормасы 5% болса (әр баспаханада әртүрлі болуы мүмкін):

80 + 5% = 84 басу қалыбы керек.


Нарықтағы басу қалыбының құнына жоғарыдағыдай есептеліп шыққан қалыптың қажетті санын көбейтіп, кететін соманың құнын табады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет