Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет23/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
annotation33162 (1)

Қатты түптелген мұқабаларды дайындау технологиясы
Түптеу мұқабаларын дайындау технологиясы, жалпы кітапшалау үдерісінен бөлек дайындалады. Түптеу мұқабалары деп қағазбен немесе түптеу материалымен қапталып, картонмен түптеліп дайындалатын мұқабаларды атайтыны жоғарыда айтылып кетті. Картонман түптелген мұқабаларды дайындау үшін алдымен – картонды, түптеу материалдарын, бекітуге арналған арнайы материалдарды, желімдерді, мұқабаның үстіне басуға арналған бояуларды, фольгаларды және тағы да басқа көптеген қажетті материалдарды дайындап алу керек.

Түптеу мұқабасының құрылымы
1. Картон – массасы 250г/м2- ден асатын тығыз қағаз түрі. Картондар бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді.
2. Отстав - түптеу мұқабасына желімденетін бума қалыңдығына сәйкес келетін жұқа картон немесе тығыз қағаз. Кітап түбіне белгілі бір пішім береді. Мұқабадағы отставтың сыртқы жағына автордың аты-жөні мен кітап тақырыбы жазылады
3. Шпация – түптеу мұқабасындағы картон беттерінің арақашықтық өлшемі.
4. Расстав – картон беттері мен отставтың арақашықтық өлшемі
5. Қайыру (загиб) – сыртқы түптеу материалын кітаптың ішкі жағына қарай қайыру.


Кант – кесілген кітап бумасынан шығып тұратын картонды мұқабаның шеті.
Алдымен – картон беттері, түптеу материалдары, қағаз мұқабалар, шпация, отстав және расстав өлшемдері кітаптың техникалық көрсеткіштеріне сәйкес есептеліп, қажетті өлшемдерде кесіліп-пішіледі. Осылайша кесіліп-пішіліп дайын болған дайындамалардан түптеу мұқабасын дайындайды.
Мысалы, жоғарыдағы түптеу мұқабаларының ішіндегі № 4а-түптеу мұқабасын дайындау керек болса, алдымен мұқабалық қағазда басылатын сурет-бейне материалы басу машинасында басылып, үстінгі беті үлбірмен (пленкамен) қапталып престеледі (немесе ламинацияланады). Әрі қарай алдын-ала кесіліп-пішіліп қойған картон дайындамаларын басылып, өңделіп дайындалған қағаз мұқабасына желімдеп, № 4а-түптеу мұқабаларын дайындайды. № 4а-түптеу мұқабасының басты ерекшелігі – қағаз мұқабасының түрлі түсті алуан түрлі безендірілу мүмкіндігі (№7-түптеу мұқабасымен салыс-тырғанда).
Ал егер кеңінен қолданылатын №7-немесе басқа түптеу мұқаба түрлерін дайындау қажет болған жағдайда, сәйкес келетін арнайы түптеу материалдарын кесіп, пішіп дайындайды. Әрі қарай алдын ала кесіліп-пішілген картон дайындамаларын осы түптеу материалдарына желімдеп, түптеу мұқабаларын дайындайды.
№5-құрамалы түптеу мұқабасын дайындау үшін болашақ мұқабаның түбінде желімденетін (3) арнайы материалдың немесе техникалық матаның ортасына отстав желімденеді. Сонан соң барып түптеу материалымен немесе қағазбен қапталған картон беттерімен бірге құрастырылып құрама түптеу мұқабасы дайындалады.
Түптеу картондарының тығыздығы мен қалыңдығына қарай түптеу мұқабалары қатты немесе жұмсақ әрі майысқақ болады.
Кесіліп пішіліп желімденген картон беттерінің арасының өлшемі шпация деп аталады. Шпацияның өлшемі кітап бумасының қалыңдығына қарай әртүрлі болады. Шпацияның қақ ортасына тығыз қағаздан немесе картоннан тұратын отстав желімденеді. Отставтың көмегімен кітап мұқабасының түбіне белгілі бір форма беріледі және мұқаба түбінің сыртын өңдеп-безендіруге мүмкіндік туады.
Отстав пен картон бетінің арақашықтығы расстав деп аталады. Расставтар отставтың екі жағында болады да, дайын кітаптың сапалы және оңай ашылуын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары түптеу мұқабаларын дайындауда пластмасса, поливинилхлорид пленкалары және т.б. әртүрлі арнайы материалдар жиі қолданылуда.
Енді кеңінен қолданылып жүрген № 7 түптеу мұқабасын қаптауда қолданылатын түптеу материалы - бумвинилдың бір басылымды даярлауда кететін шығынын есептеу жолдарын қарастырамыз. Түптеу материалдары негізінен рулонды түрде сатылатындықтан, рулонның екі шетінен 10-15 миллиметрдей кесілетінін ұмытпау керек.
Есеп: Басылымның пішімі 70х901/16,
көлемі 21 баспа табақ,
кітаптың негізгі мәтіні басылатын қағазы 80г/м2,
қағаз қалыңдығы 100 мкм.
Форзац қағазы 120 г/м2, қалыңдығы 160 мкм,
түптеу материалы - ледерин 135г/м2, қалыңдығы 675 мкм.
Кітап бумасы 16 беттік дәптерлерден жинақталған.
Таралымы 12 000 дана.

1.Алдымен болашақ басылымның кесілмей тұрғандағы және үш жағынан кесілгендегі өлшемін есептеп шығарамыз. Алдыңғы есептердегідей пішім үлесін: 1/16 - екі ең үлкен көбейтіндіге бөлеміз:


16 = 4x4.


70 : 4 = 17,5 см,
90 : 4 = 22,5 см

Яғни басылымның кесілмеген түрдегі өлшемі 17,5 х 22,5 см.



22,5—1 см = 21,5 см,
17,5 — 5 = 17,0 см

Үш жағынан кесілген басылымның өлшемі 17,0 х 21,5 см-ге тең.


2. Болашақ басылым бумасының қалыңдық өлшемін табу керек. Ол үшін -алдымен кітаптың қанша беттен тұратынын, сонан соң қанша қағаз беттен тұратынын шығарамыз. Шыққан бірлікті қағаздың, форзац қағазының қалыңдық көрсеткіштеріне көбейтіп дайын буманың қалыңдығын табамыз.
Үлес көрсеткіші мен басылымның баспа табақтағы көлемін көбейтіп болашақ кітаптың қанша беттен тұратынын шығарамыз.
16х 21 = 336 бет.
Енді кітап бетінің санын екіге бөліп қағаз парағының санын шығарамыз.
336: 2= 168 қағаз парағынан тұрады.

Қағаз қалыңдығы 100 мкм~0,1мм-ге тең


Кітап 4 форзац қағазынан тұрады, форзац қағазының қалыңдығы 160мкм.~0,16мм-ге тең.

(168 х 0,01 = 16,8 мм) + (4 х 0,16мм. =0,64) = 17,44 мм.


Кітап бумасының қалыңдығы 17,44 мм-ге тең болып шықты.


бумаларын түптеу мұқабаларына қондыруға дайындау, яғни бумалардың түптерін өңдеу.


Кітап бумасы түптерінің формалары төрт түрлі болады. Сондықтан бума түптерін өңдеу операциялары басылымды бекіту әдістерінің ерекшеліктеріне немесе тапсырыс берушінің сұранысына қарай әртүрлі болып келеді.
Кітап бумасы түптерінің формалары төмендегі суретте көрсетілді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет