Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Ризографияда қолданылатын тонер ұнтақтарының шығынын есептеу



бет31/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
annotation33162 (1)

Ризографияда қолданылатын тонер ұнтақтарының шығынын есептеу


Ризография – санды және трафареттік басу әдістерінің ұтымды жақтарын қолданып басатын басу әдісінің бір түрі. 20 данадан жоғары әр түсті (толық түсті емес) өнімдерді басуда өте қарапайым және экономикалық тиімділігі жоғары басу әдісі. Өнімнің әр түсін басу үшін белгілі бір түсті бояумен жабдықталған арнайы барабанды қолданады. Көбіне, бланктерді, қарапайым кітапшаларды, прайс – парақшалар сияқты көптеген басылымдарды басуда қолданылады. Ризографияда басылған өнімдердің экономикалық ұтымдылығы мен өнімділігі өте жоғары.
Riso бояуы аса ұнтақ бояғыштар мен сулы-майлы эмульсиядан (су, глицерин, ерітінділер, стабилизатор-тұрақтандырғыштар, консерванттар мен пленка қалыптастыратын компоненттер) 19 стандартты түстен тұратын арнайы тубаларда немесе тетрапакеттерде сатылады. Тапсырыс бойынша қажетті түсті дайындайды.
Ризо бояулары мен мастер-пленкалары (басу қалыбы) Riso корпорациясының ғылыми орталығында дайындалады және ұдайы жетілдірілу үстінде. Ризо бояуының сапасын арттыра түсу мақсатында оған әртүрлі қоспалар қосылып, оның қағазда ағып немесе жайыла жағылып кетпейтін қабілеттерін қалыптастырып, қанықтығын арттыра түсуде. Қол жеткен жетістіктері арқасында ризографтың түйіндері мен бөлшектерінің мерзімге төзімділігі жоғарылап, жалпы ризографтың қолдану мерзімі арта түсуде.

Ризо бояуларының артықшылықтары:



  • Қағазға тез сіңіп бірден бекітіледі.

  • Жұмыс барысында барабанда немесе мастер-пленкада кеуіп қалмайды.

  • Бояуы барабаннан ризографтың ішіне ағып кетпейді.

  • Бояу түсінің қанықтығы жоғары (өте жұқа жағылған бояу түстің сапасын жоғалтпай береді)

  • Бояудағы бояғыш ұнтақтары өте жұмсақ бөлшектерден қалыптасатындықтан басу қалыбына ешқандай әсер тигізбейді.

  • Мастер-пленкамен, материалдар мен ризографтың түйіндерімен химиялық реакцияға түспейді.
    Бояу арнайы насос арқылы тубадан немесе тетрапакеттен жаймалау білігінің ішінде орналасқан барабанға беріледі де, сонда бірқалыпты болып жағылады. Барабанның ішкі жағынан мастер-пленкада қалыптасқан арнайы торлар арқылы қағазға беріледі.

Бояудың шығынын есептеу үшін алдымен, мастер-пленкаға бірінші жағылатын бояудың шамасын біліп алу керек. Себебі, мастер-пленкаға жағылатын бояуға және басылымның таралымына қарай біраз бояу шығыны немесе негізгі бояу шығыны кетеді.
Мысалы, А4 пішімдегі мастер-пленкадағы ең алғашқы бір кадрға жағылатын бояудың шығыны шамамен 2,25 граммға, ал А3 пішімдегі мастер-пленкадағы ең алғашқы бір кадрға 4,5 - 5 грамм шамасында бояу кетеді.
Мастер-пленкаға алғашқы бояу жағылғаннан кейін өндірістік жұмысқа кететін бояудың шығыны төменде берілді.

  • А4 пішімінде басылған 1 оттискіге - 0,025 грамм

  • А3 пішімінде басылған 1 оттискіге - 0,055 грамм бояу кетеді.

Бұл орташа көрсеткіштер. Жалпы бояудың шығыны көптеген көптеген факторларға қарай әртүрлі болуы мүмкін.


Мысалы:

  • Басылымның таралымы артқан сайын (алғашқы бір кадрда жағылатын бояудың азаюы) ұтымды

  • Көп бояуды қажет ететін тұтас боялған бет немесе толық суреттерден тұратын басылым түріне қарай бояу көп кетеді

Тонер шығынын есептеу тәсілі:
Тапсырыстың таралымы 10 000 дана.
Пішімі А3. Мастер-пленканың саны 100 дана.
100 дана мастер-пленканың әрқайсысының ең бірінші кадрына жағылатын бояудың шығынын шығарамыз.

100 х 0,055 = 5,5 грамм


Жалпы таралымға кететін бояу шығыны:


10 000 х 0,055 = 550 грамм.


550 + 5, 5 = 555,5 грамм.


Ризо бояуларының 1 литрлік тубада немесе тетрапакетте шығарылатынын ескерсек (1литр = 1000 грамм) тапсырысты басуға тубаның немесе тетрапакеттің жартысынан көбі кететіні белгілі болды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет