Сымдарды бір-біріне қарсы тігіп бекіту.
Осы әдістің тағы бір түріне, екі сым скобаларының бір-біріне қарсы тігілуі жатады. Төменде берілген - суретте көрсетілгендей, сым скобаларының шеттері бүгілмей, тіке күйінде тұрады да сыртқа шықпайды. Бірақ бір-бірінен міндетті түрде 5 мм-дей асып тұруы керек. Бұл әдісті қалыңдығы 15 мм-ден жоғары, бірақ 60 мм-ден үлкен емес бумаларды бекітуде қолданылады. Бұл сыммен бекіту әдістері көбіне аспалы күнтізбелерді дайындауда жүзеге асырылады. Мұндағы сым скобасының негізгі өлшемі (спина) 14 мм-ге тең. Ал, сым скобасының бүгілетін тұсының өлшемі әрқашан 6 мм-ден кем болмауы керек, олай болмаған жағдайда өнімнің бекіту сапасы төмен болады. Өнім түбіндегі сым скобаларының саны, басылымның ұзындық өлшеміне байланысты келеді. Мысалы, басылымның биіктігі 150 мм-ге дейін болса, тігілетін сым скобасының саны біреу ғана болады. Егер өнімнің биіктігі 150 мм-мен 210 мм. аралығында, бекітетін екі сымнан өнімнің биіктігі 270 мм-ден биік болған жағдайда, сым скобасының саны үшеу болады.
Сым скобасының саны мен ұзындығын біле отырып, барлық таралымды тігуге кететін сымдардың мөлшерін есептеп шығаруға болады. Басылымдарды сыммен тігіп бекіту барысында – сымдарды басылымның ұзындығына қарай, жағалай, бірдей қашықтықта орналастырады. Өйткені басылымды ашқан кезде түсетін жүктеме өнімге бірқалыпты берілуі тиіс. Мысалы, 60х901/8 пішіміндегі басылымды бекіткенде сымдар үстіңгі және астыңғы кесілімдерден кейін 5см қашықтықта орналасуы керек. Олардың арақашықтықтары 10 см-дей болуы лазым.
Сыммен буманың ішінен сыртына қарай тігу (вразьем).
Сыммен буманың ішінен сыртына қарай тігу (вразьем) –дәптерлері бір-біріне кигізіліп (внакидку) жинақталған буманың бүгілген тұсынан, ішкі жағынан сыртқа қарай сыммен бекітіледі. Сым дәптердің сыртынан бүгіледі де бірден буманы бекітеді. Бұл бекіту әдісі – пішімі үлкен, көлемі кіші (64 беттен аз) қатты түптеу мұқабасымен қапталатын кітаптарды бекітуде қолданылады. Мысалы, кіші жастағы балаларға арналған кітаптар, ішіне ештеңе басылмайтын альбом (беловой), катологтар осы әдістермен бекітіледі.
Егер басылымдағы бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған дәптердің әр дәптері сыммен тігіліп бекітілетін болса, түптеу материалында бекітілген сым барлық дәптерлерді бір бумаға бекітеді. Бума түбіндегі сымдардың саны, кітап бумасының ұзындық өлшеміне байланысты болады. Сым арқасының ұзындығы көбінесе 13 мм-ге тең болады. Бұл бекіту әдісі сирек қолданылады.
Дәптерлері бір-біріне кигізіліп жинақталған бумаларды бекітуге арналған сымдардың диаметрін таңдау.
-кесте
Бума қалыңдығы, мм.
|
Қағаз массасы, г/м2
|
80 г. дейін
|
80 г. жоғары
|
Сым диаметрі
|
0,5 мм-ге дейін
|
0,40
|
0,45
|
0,5 мм-ден 1 мм-ге дейін
|
0,50
|
0,56
|
1 мм-ден 2 мм-ге дейін
|
0,56
|
0,60
|
2 мм-ден 3 мм-ге дейін
|
0,60
|
0,60
|
3 мм-ден 4 мм-ге дейін
|
0,60
|
0,70
|
4 мм-ден 5 мм-ге дейін
|
0,70
|
0,70
|
Достарыңызбен бөлісу: |