қайшылықтар анықталды.
Анықталған қарама-қайшылықтар зерттеудің мәселесін білім беру
үдерісінде логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық негіздерін айқындау және оның
тиімді әдістемесін дайындау деп анықтап, зерттеу тақырыбын: «Логикалық
амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін
дамыта оқыту» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық-әдіснамалық
негіздерін айқындау, оның әдістемелік жүйесін дайындап, тиімділігін
эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш білім
беру үдерісі.
Зерттеу пәні: логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер логикалық амал-тәсілдер арқылы
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық-
әдіснамалық негіздері айқындалса, оның құрылымдық-мазмұндық моделі
әзірленіп, әдістемелік жүйесі дайындалып, шығармашылықпен тәжірибеге
енгізілсе, онда ойлау қабілеті жетілген, икемділік пен тәуелсіз дамуға ие, пайда
болған мәселелерді өздігінен жан-жақты қарастырып, оларды талдай келе, нақты
шешімдерді ұсына алатын тұлға қалыптастыруға мүмкін болады, өйткені
логикалық амал-тәсілдер арқылы тәуелсіз ойлауы дамыған тұлғаның қалыптасуы
қоғамның сұранысын қанағаттандырады.
Зерттеудің міндеттері
1. Бастауыш білім беру жүйесінде логикалық амал-тәсілдер арқылы
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық-
әдіснамалық негіздерін айқындау.
2. «Логикалық амал-тәсілдер», «ой мен тілді дамыта оқыту» ұғымдарының
мазмұнын нақтылап, құрылымын анықтау.
3. Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.
4. Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесін дайындау, оның тиімділігін
тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |