Технологиялық – негізі ретінде пайдаланып, қосымша материалдарды орналастыру.
Топографиялық карталарды негізгі үлгі ретінде әртүрлі зерттеулік және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады.
Басқа карталардан айырмашылығы
Топографиялық карталар басқа да жалпы географиялық карталармен қатар жер бетін көрсететін басқа да бейнелерден (глобус, ғарыштық және аэрофотосуреттер) үш негізгі қасиеттерімен ажыратылады: 1) жер бетін жазықтыққа түсіру үшін белгілі бір математикалық тәсілді, яғни картографиялық проекцияларды қолданады; 2) жергілікті жердегі объектілерді, олардың мөлшерлі және сапалы көрсеткіштерін және де жер бедерін бейнелеу үшін картографиялық шартты белгілерді (легенда) қолданады; және 3) жергілікті жердің бейнеленетін объектілерді таңдау және жалпыластыруда картографиялық генерализацияны пайдаланады.
Масштаб стандарттары
Жалпы географиялық карталар, масштабы бойынша шолу карталары (масштабы 1:1 000 000 және одан да ұсақ), шолу топографиялық карталары (масштабы 1:1 000 000 – 1:500 000) және топографиялық карталары деп бөлінеді. Өз кезегінде топографиялық карталар ұсақ масштабты (масштабы 1:100 000 – 1:200 000), орта масштабты (1:25 000 – 1:50 000) және ірі масштабты (1:5000 – 1:10 000) болып бөлінеді . 1:5000 масштабтағы картографиялық бейнені жасаған кезде картографиялық проекция қолданылса, онда ол топографиялық карта болып есептеледі. Басқа жағдайда ол топографиялық пландарға жатады. Стандарттық топографиялық пландардың масштабы 1:500, 1:1000, 1:2000 және 1:5000.
ТМД елдерінде қолданылатын топографиялық карталар және олардың көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |