1:5 000
|
Бесмыңдық
|
1 см-де 50 м
|
0,25 га
|
1:10 000
|
Онмыңдық
|
1 см-де 100 м
|
1 га
|
1:25 000
|
Жиырмабесмыңдық
|
1 см-де 250 м
|
6,25 га
|
1:50 000
|
Елумыңдық
|
1 см-де 500 м
|
25 га
|
1:100 000
|
Жүзмыңдық
|
1 см-де 1 км
|
1 км2
|
1:200 000
|
Екіжүзмыңдық
|
1 см-де 2 км
|
4 км2
|
1:500 000
|
Бесжүзмыңдық
|
1 см-де 5 км
|
25 км2
|
1:1 000 000
|
Миллиондық
|
1 см-де 10 км
|
100 км2
|
Картадағы табиғи компоненттер
Топографиялық карталарда геодезиялық белгі, елдімекендер, құрылыс, жекеленген кәсіпорын, жергілікті заттар, темір және автомобиль жолдары, құбыр және электр желілері, саяси-әкімшілік, шекара, жергілікті жер релъефі, гидрографиялық тор және ыза сулардың көзі, өсімдік ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер, мұздық, жанартаулар т. б. толық бейнеленеді.
Картадағы гидрогеографияның элементтеріне өзендер, көлдер, каналдар, суқоймалар, бұлақтар және басқа да су акваториясын бейнелейтін нысандар жатады. Топографиялық карталардағы шартты белгілер шельфтік аумақтағы карталармен келісілген. Жағалық сызықтар тұрақты, анықталған және тұрақсыз, анықталмаған деп жіктеледі.Топографиялық карталар өзен жүйесінің, арналарының үйлесімдік ерекшеліктерін, жайылманың, жағаларының үлгісін және сипаттамасын береді. Ірі өзендердің шартты белгілері сапалық және сандық көрсеткіштермен беріледі – ағыстың жыламдығы мен бағыты, тереңдігі мен ені, арнадағы топырақ, су деңгейі, өткелдің бар болуы (паромдар, көпірлер, өткел) сарқырама мен табалдырықтар. Егер өзеннің атауы бас әріптермен жазылса, онда осы учаскеде кеме жүзеді.Кеуіп жатқан өзендер және өзендердің аумағы сызықтық пунктирмен, жер асты өзендердің аумағы нүктелі пунктирмен беріледі. Каналдардың шартты белгілері түзу сызықтар және карта масштабында каналдың енін көрсететін екі параллельді сызықтар беріледі. Карталарда теңіздердің және оның бөліктерінің, көлдердің, суқоймаларының, канал, құдық, бұлақ, соынмен қатар жағалаулық сызықтағы объектілер атауы жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |