құжаттамаға қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттаманың құрамында тапсырысшы:
1) жоспарланып отырған қызметтiң бүкiл жүзеге асырылуы кезеңiнде оның қоршаған ортаның жай-күйiне, халықтың денсаулығына тигiзетiн әсерiне берiлген кешендi экологиялық-әлеуметтiк және экономикалық бағаны және осы қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеменi;
2) жоспарланып отырған қызметтi iске асыру туралы орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу құжаттарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қоғамдық пiкiрдi ескеру нәтижелерiн табыс етуге мiндеттi.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға берiлетiн құжаттамада:
1) тиiмдi материалдарды, энергияны үнемдейтiн, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестердi енгiзу;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өсiру, өндiрiс қалдықтарын кешендi ұқсату және кәдеге жарату мен тұтыну;
3) сарқынды суларды тиiмдi түрде тазартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тазартылмаған суларды табиғи су ағыстары мен су қоймаларына, жергiлiктi жер бедерiне жiберуден басым түрде бас тарта отырып, оларды техникалық мұқтаждар үшiн пайдалану;
4) атмосфералық ауаны ластанудан қорғауға қатысты негiзделген шаралардың пәрмендiлiгi мен кепiлдiлiгi;
5) топырақты, өсiп тұрған өсiмдiк пен жануарлар дүниесiн сақтау мен қалпына келтiру, табиғи-қорықтық қор объектiлерiнiң мәртебесiн мүлтiксiз сақтау;
6) халықты және қоршаған ортаны антропогендiк физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың зиянды әсерiнен қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдер көрсетiлуге тиiс.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi сараптама бөлiмшесi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұратуға құқылы.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
16-бап. Қоршаған ортаға әсердi бағалау
1. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсердi бағалау рәсiмiн жоспарланып отырған шаруашылық қызметтiң тапсырысшысы, ал жұмыс iстеп тұрған объектiлер үшiн кәсiпорынның иесi не орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
2. Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсердi бағалау жобалау алдындағы және жоба құжаттамасының мiндеттi және ажырағысыз бөлiгi болып табылады, ал жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн бұл республикалық және облыстық маңызы бар бақылаушы органдардың, орталық атқарушы органдардың, кәсiпорын жұмыс iстейтiн аймақта тұратын азаматтар қоғамдық бiрлестiктерiнiң, сот және прокуратура органдарының, сондай-ақ кәсiпорынның өзiнiң бастамасы бойынша не қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң шешiмi бойынша не өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi.
3. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жобалаудың барлық сатыларында жүргiзiлiп, онда:
1) жоспарланып отырған қызметтiң жүзеге асырылатын жерi бойынша қоршаған ортаның жай-күйi;
2) жоспарланып отырған қызметтiң мақсатқа жеткiзетiн балама нұсқалары, соның iшiнде осы қызметтен бас тарту;
3) аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму перспективалары;
4) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданылып жүрген заңдарының өзге де талаптары ескерiледi.
4. Қоршаған ортаға әсердi бағалағанда:
1) жоспарланып отырған қызметтiң қоршаған ортаға әсерiнiң, соның iшiнде экологиялық тәуекелдiң түрлерi мен деңгейлерiн айқындау;
2) белгiленiп отырған қызмет жүзеге асырылған жағдайда қоршаған ортаның жай-күйiнiң өзгерiстерi мен олардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау;
3) жоспарланып отырған қызметтi жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеу;
4) осы саладағы барлық нормативтiк талаптарды пысықтау қамтылуға тиiс.
5. Қоршаған ортаға тиген әсерге жүргiзiлген бағалау нәтижелерi бойынша тапсырысшы оны iске асыру туралы шешiмдер әзiрлеуге негiз болатын жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын шаруашылық қызметтiң экологиялық зардаптары туралы мәлiмдеме әзiрлеп, сарапталатын материалдар құрамында табыс етедi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
17-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге
Достарыңызбен бөлісу: |