Қоршаған ортаны қорғау туралы заң[өңдеу


астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының



бет6/17
Дата15.09.2022
өлшемі52.64 Kb.
#460784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2 лекция

астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
экологиялық сараптама саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
3) экологиялық сараптама саласындағы құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi және мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қарауына жiбередi;
4) сарапшылық жұмыстарды жүргiзу үшiн экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тартады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

3-тарау. Мемлекеттiк экологиялық сараптама


13-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама және оны
жүргiзу нысандары
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiнiң және өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының сараптама қызметiнiң түрi. Ол мiндеттi сипатта болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету бөлiгiнде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдаудың алдында жасалуға тиiс. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша жобаны iске асыруға тыйым салынады.
Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жекелеген түрлерi бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындылары жобалардың мемлекеттiк сараптамасының жинақталған қорытындысына енгiзiледi.<*>
2. Қайталап мемлекеттiк экологиялық сараптама жасау табиғат пайдалану жағдайлары өзгерген реттерде, бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың ескертпелерi бойынша материалдар пысықталғаннан кейiн сот органдары шешiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiледi, сондай-ақ Үкiметтiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша қайталануы мүмкiн.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 454 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
14-бап. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет