туралы заңдары
Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары
Экологиялық сараптаманың мақсаттары:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтi iске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал терiс зардаптарын болдырмау;
2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтi iске асыру туралы шешiм қабылданар алдындағы сатыларда, сондай-ақ оларды салу және iске асыру процесiнде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау;
3) өндiргiш күштердi орналастыру мен дамыту салдарынан экологиялық жай-күйдiң болжамдалып отырған өзгерiстерiне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Экологиялық сараптаманың мiндеттерi
Экологиялық сараптаманың мiндеттерi:
1) ықтимал, әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектiлерде атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң әсер етуiн бағалаудың толымдылығы мен дұрыстығын анықтау;
2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн жан-жақты, ғылыми негiзделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарындағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген стандарттардағы, нормалар мен ережелердегi экологиялық талаптардың сараптама жасалып отырған құжаттамада сақталуын тексеру;
4) экологиялық сараптама қорытындыларын әзiрлеу, оларды сараптама объектiсiн iске асыру туралы шешiм қабылдайтын ұйымдарға беру және мүдделi органдар мен халыққа қажеттi ақпарат беру болып табылады.
5-бап. Экологиялық сараптаманың принциптерi
Экологиялық сараптама:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
2) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара iс-қимылы;
3) экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтiлiгi мен ғылыми негiздiлiгi;
4) сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз болуы;
5) жариялылық;
6) экологиялық сараптаманың кешендiлiгi мен оның алуан түрлi болуы;
7) экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердiң басымдығы принциптерiне негiзделедi.
6-бап. Экологиялық сараптама объектiлерi
1. Экологиялық сараптама объектiлерi мыналар болып табылады:
1) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келiсiм-шарттар, соның iшiнде халықаралық шарттар мен келiсiм-шарттар;
2) Қазақстан Республикасының қабылданбақ болып белгiленiп отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпал жасайтын заң актiлерi мен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары;
3) шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау жөнiндегi талаптарды (экологиялық аудиттi) сақтауын бағалау материалдары;
4) табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар мен сертификаттарды алу кезiнде экологиялық негiздеме үшiн табыс етiлетiн құжаттама.
2. Кейiннен ерекше құқықтық мәртебе (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары және басқалар) беру мақсатында аумақтарды кешендi зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектiлерi болып табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен .
7-бап. Экологиялық сараптама субъектiлерi
Экологиялық сараптама субъектiлерi мыналар болып табылады:
1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу бөлiгiнде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның жергiлiктi жерлердегi органдары;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерде мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартатын орталық мемлекеттiк органдар;
2-1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) субъектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу бөлiгiнде - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы;
3) қоғамдық экологиялық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер және олар құратын экологиялық-сараптама органдары;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргiзуге тартқан, тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (штаттан тыс сарапшылар).
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
8-бап. Экологиялық сараптаманың түрлерi
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама мен қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
9-бап. Экологиялық сараптаманың жариялылығы
1. Объектiлерге экологиялық сараптама жүргiзудiң бастамашылары оның жүргiзiлетiнi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауға мiндеттi. Экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орган да қажет болған жағдайда солай iстейдi.
2. Экологиялық сараптама жүргiзген сараптама органдары ол аяқталған соң, жұртшылықтың талап етуiмен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге түрде бiр ай мерзiмде экологиялық сараптама тұжырымдары туралы хабарлайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының
экологиялық сараптама саласындағы құзыретi
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және орталық
Достарыңызбен бөлісу: |