Қоршаған ортаны қорғау туралы заң[өңдеу


атқарушы органдарының экологиялық сараптама



бет5/17
Дата15.09.2022
өлшемі52.64 Kb.
#460784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2 лекция

атқарушы органдарының экологиялық сараптама
саласындағы құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi экологиялық сараптама саласында шет мемлекеттер аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын объектiлер мен кешендерге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда сол мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасасу мәселелерiн шешедi.
2. Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) экологиялық сараптаманың талаптарына қатысты бөлiгiнде мемлекетаралық және өзге де бағдарламалардың қамтамасыз етiлуiне және орындалуына қатысады;
2) экологиялық сараптама ұсыныстарын iске асыруға бағытталған ғылыми-техникалық шешiмдердiң енгiзiлуiн ұйымдастырады;
3) халықты экологиялық сараптама қорытындылары туралы сенiмдi ақпаратпен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады;
4) <*>
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
11-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық
атқарушы органның құзыретi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы барлық экологиялық-сарапшылық қызметтi үйлестiрудi орындайды.
2. Орталық атқарушы орган қоршаған ортаны қорғау саласында өз өкiлеттiгi шегiнде:
1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) Қазақстан Республикасында экологиялық-сараптама қызметiн үйлестiредi, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, экологиялық сараптама жүргiзу мәселелерi жөнiнде мемлекетте әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
3) қоршаған ортаға әсердi бағалауды және мемлекеттiк экологиялық сараптаманы, оны жүргiзу тәртiбiн қоса, жүргiзу жөнiнде нұсқама-әдiстемелiк құжаттарды белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және бекiтедi;
4) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қызметiн реттейтiн құжаттарды, ондағы экологиялық талаптарды барынша толық есепке алу бөлiгiнде, үйлестiрiп отырады және бекiтедi;
5) экологиялық сараптама саласында қоршаған ортаға әсер етудi бағалау проблемалары жөнiндегi ғылыми зерттеулердi үйлестiрiп отырады;
6) жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде табиғат қорғау нормалары мен ережелерi талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлiгiнде министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың тиiстi қызметтерiн бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
7) консультациялар, бiрлескен экологиялық сараптамалар жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк талдамалар алмасу, осындай жұмыстарға шетелдiк мамандарды тарту мақсатында белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттердiң экологиялық-сараптама органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, басқа да мүдделi бiрлестiктер мен құрамалардың эколог-сарапшыларын тиiсiнше даярлауды ұйымдастырады;
9) табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға белгiленген тәртiппен лицензиялар берудi жүзеге асырады;
10) сарапшылық комиссиялардың құрамын белгiлейдi, экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшылар (жеке және заңды тұлғалар) ретiнде орталық және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкiлдерiн тартады;
11) өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi анықтамалық, басқа да материалдар алады;
12) сараптама объектiсiн iске асыру кезiнде заңды тұлғалардың мемлекеттiк экологиялық сараптама шешiмдерi мен талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады;
13) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу мен күшiн жою құқығымен мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
14) жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының экологиялық сараптама саласындағы қызметiн бақылауды жүзеге асыру ережелерiн бекiтедi;
15) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бланкiсiнiң үлгiсiн бекiтедi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
12-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет