Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Тақырыбы: Биологиялық ресурстарды қорғауды ұтымды пайдалану мәселелері



бет26/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Тақырыбы: Биологиялық ресурстарды қорғауды ұтымды пайдалану мәселелері.

1 Қазақстанның биологиялық ресурстары және оларды қорғау, ұдайы өндіру және ұтымды пайдалану проблемалары;

2 Орман ресурстарын экономикалық бағалау ерекшеліктері;

3 Орман ресурстарын экономикалық  бағалау әдістері.



1 Қазақстанның жаңартылатын биологиялық ресурстары. Қорғау және ұтымды пайдалану экономикасы

 Жерде орманның  жалпы ауданы 38 млн.км2 құрайды (Ресей – 8, АҚШ – 2, Канада – 2,6, Бразилия – 3,2 млн.км2). Ағаштың әлемдік  ресурстары мына түрде үлестірілген, процент  түрінде -  бұрынғы КСРО – 23, Канада – 6, АҚШ – 6, Еуропа – 5, Канада – 6, өзге елдер – ағаштың әлемдік  қорының 60%-і. Орман  Жер бетінің 7%-ке жуығын алып жатыр, бірақ өсімдіктер әлемінен атмосфера-мен алынатын оттегінің 50%-ін шығарады.

Орманның сипаттамалары ағаштың ауданы, көлемі, өнімділігі болып табылады. Атмосфераның ластануы әсіресе Еуропа мен Американың дамыған елдерінде орманның құрып бітуіне әкеледі.

Қазіргі уақытта қоғамдық меншік шамамен Канадада ормандардың 94%-не, Германияда 55%-не, АҚШ-та 44%-не үлестіріледі. Әрбір елде орман ресурстарын пайдалану тиімділігін сақтау мен арттырудың өзінің сұлбалары бар. Орман тірі материя шоғырлануының жоғары деңгейінің сферасына табиғи ортаны құраушы ғана емес, сонымен бірге орасан зор  энергияны тасушы ретінде де кіреді.

Ормандар Жердегі ең ірі экожүйелерді құрайды. Оларда содан кейін адамзатпен меншікті тұтыну үшін сияқты пайдаланылатын, планетаның органикалық затының үлкен бөлігі  шоғырланады.

Ормандық  микроклиматтың емдік қасиеттерін атап кету қажет. Орман психикаға, жүйке-гуммарлы жүйеге  оң әсер етеді.

Ауыл шаруашылығында орман мен орман желектерінің экологиялық ролі үлкен. Мұнда елдің құрғақшылық аудандарында алқап қорғаушы орман өсіру, орманның климат қорғау және  су қорғау қызметтері орын алады.

Биосферадаға ормандардың ролі Үндістанда өткен Халықаралық орман шаруашылығы конгресімен «Орман – бұл су, су – егін, егін - өмір» деген  қысқа ұранда жоғары бағаланған.

Қазақстанда ормандар аз, олар территорияның үштен артық емес процентін алады.

Соңғы жылдары (2005 ж.) ел Президентінің ынтасы бойынша орман өсіру бойынша «Жасыл ел» атты орман желектерін отырғызу ісі әзірленген. Астананың жанында отырғызуға арналған ағаштардың аудандандырылған  сорттарын  өсіру бойынша питомник ашылған.

Орман биосферадағы энергияға, табиғи жағдайды  және басқа факторларды құруға едәуір  әсер етеді. Ормандардың барлық құрауыштары өз араларында байланысқан (7.1-сурет).

Қазақстанның барлық ормандары мемлекеттің айрықша меншігінде болады және бірыңғай мемлекеттік орман қорын құрайды. Ол мемлекеттік маңызды ормандардан, қалалық ормандар мен қорық-ормандардан тұрады. Қорғау режимінің тағайындалуына және қатаңдылығына байланысты, бұл территориялар келесі типтерге бөлінеді: 1) қорықтар; 2) ұлттық парк; 3) табиғат ескерткіштері.

Мемлекеттік маңызды ормандар үш топқа бөліну керек. Бірінші топқа қорғаныстық, климатты реттеуші, су қорғау, санитарлық-гигиеналық және реакциялық функцияларды орындайтын ормандар енгізілген. Екінші топқа қорғаныстық қана емес, сонымен бірге шектелген пайдаланушылық құндылық-ты иеленетін ормандар жатады. Үшінші топ ормандары халық шаруашылы-ғының қажеттіліктері үшін ағаш алудың негізгі көзі болып табылады. Ауа бассейнінің сапалы  күйінің орман мен орман өсімдіктерінің  тіршілік әрекетіне әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет