3 Орман ресурстарын экономикалық бағалау әдістері
Орман ресурстарын бағалауды жетілдіру бойынша шаралар жүйесінің арасында ормандардың кадастрлық бағасын атап көрсету керек, онда орман ресурстары потенциалының жиынтық өлшемі ретінде ағашты пайдалану объектісі ретінде және жанама және рекреациялық пайдалануды ұйымдастыру объектісі ретінде болатын, орман ауданын пайдалану ұсынылады. Дифферен-циалдық құндық бағалау бұл жағдайда экономика-географиялық және орман өсіру жағдайларына байланысты белгіленеді.
Орман ресурстары уақыт өткен сайын шикізат көзі ғана ретінде емес, сонымен бірге қоғамның қажетті тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету факторы ретінде де болады. Осы өзара себептелгендік экология-экономикалық бағалау тұжырымдамасында көрініс тапты, оларды пайдалануды бағалау кезіндегі экологиялық факторларды есепке алғанда ол кезде бір ғана емес, орманның барлық құрауыштарын кешенді пайдалану ұсынылады.
Орманды пайдалану, көп жақты орман ресурстарының барлық кешенін және пайдалылықтарды сақтау және ұдайы өсіру бойынша барлық шаралар орман кешенінің алдында тұрған мақсатқа - өсіп келе жатқан қоғамдық қажеттіліктерді аса толық қанағаттандыруға қол жеткізуге бағытталған. Олардың тиімділігі көбінесе орманды пайдаланудың барлық жүйесімен, орманды қайта өңдеу өндірістерінің және орман шаруашылығының даму деңгейімен, орманды пайдалану процесіне қатысатын балық тараптардың теңгерілген кешенді амалымен бағаланады.
Бақылау сұрақтары:
1 Ауа бассейнінің сапалы күйінің орманның тіршілік әрекетіне әсері;
2 Орналасқан орны және сапасы бойынша рента;
3 Орманды қорғау мен ұдайы өсіруге жұмсалған шығындардың экономикалық тиімділігі.
Тәжірибелік сабақ 8.
Тақырыбы: ҚР орман ресурстарын ұтымды пайдалану ұстанымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |