Дәріс 9.
Тақырыбы: Табиғатты пайдаланудағы ғылыми – техникалық прогресс.
Табиғи ресурстарды өндіріс процесіндегі тауарлар өндіріс процесіндегі тауарлар өндіру және қызмет көрсетуге қатыстыру мәселесіне үлкен ықпал ететін ғылыми-техникалық жетістіктер. Ғылыми-техникалық прогресс табиғи ресурстарды пайдалануды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Біршама арзан және жеңіл тасылатын материалдарды(мысалы, табиғи газды) айқындайды.
Мұндайды ең көп шығару мен өндеудің тәсілі енгізіледі, шикізаттар толық пайдаланады;
Қалдықсыз технология пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығындағы егін және мал шаруашылығында интенсивтік тәсілдер көптен-көп еңгізілуде, өнеркәсіп өндірісінде отын-энергия және материалдар сақтау технологияларында өту ойдағыдай іске асырылып келеді. Шикізаттар және отынға кететін шығындардың үлес салмағы қысқартылуда, натуралды ресурстарлы алмастыру мақсатында синтетикалық материалдарды ойлап шығаруда.
Ғылыми -техникалық прогрестер табиғи ресурстарды интенсивті пайдалануға алып барады. Сонымен бірге, қоршаған табиғи ортаға ұнамсыз антропогендік ықпалынын экологиялық потенциалын анықтауда бірсыпыра мәселелер пайда болады. Ғылыми-техникалық прогрестер осы заманғы экономикалық даму сипаттайтын, қоршаған табиғи ортаның сапасын және қоғам мен табиғаттың өзара қарым- қатынастарын анықтайтын дәрежеде болуы, мына қорытындыға келеді:
Тұтыну мөлшерін кеңейтуден және пайдаланатын табиғи ресурстардын құрамының көбейуінен өндірістік қалдықтардың, жылудын қайтуына электромагниттік және дыбыс толқындарының ұлғаюына қоршаған табиғи ортаға мекен зиян келтіруінен;
Атмосфералық ауаға қосылатын қатты зиянды бөлшектер,түрлі газдардың ластаушы деңгейінің өсуінен ;
Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығынын ,тұрмыстық қалдықтары және табиғи сулардан келетін зиянды ластардың шамадан тыс көбеюінен ;
Ашық карьерлерде роталық ресурстарда өндіруге белгіленген көлемнің өсуінен;
Жылынбаған өндірістік суларды арнаулы көздерге жинау, сол сияқты өнеркәсіптегі, комуналды-тұрмыстық шаруашылықта қондырғыштардағы ауаның жылу сәулелендіруінің арттыру;
Қоршаған табиғи ортаны көліктедің барлық түрлерінен келетін ластардан ;
Ауыл, орман шаруашылықтарында және шаруашылықтардың басқа салаларында химиялық тынайтқыштардың, улы химикаттардың барынша көп имөлшерде пайдалануынан;
Урбанизацияланудың өсуі, халықтың ауылдық жерлерден қалаларға көшуінен;
Үзілістіктің жаппай өсуі, урбанизациялаудың кең өріс алуынан.
Урбанизация деп- халықтың бір елдің шеңберінде немесе бір елден бір елге ауысуы, қала орталығы мен айналасына үлкен экологиялық жүктеме жасайды.
Ғылыми - техникалық прогресстің қоршаған табиғи орта саласындағы саясатының негізгі жағдайы мына төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:
Ғылыми – техникалық прогресс деңгейінің бағалығы және қоршаған табиғи ортаның жағдайы оның бастауының интенсивтігі;
Ұдайы өндіріс табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі саясатын іске асырудағы жұмыс бағдарламасы;
Қорғау, қайта құру және қоршаған табиғи ортаны бұрыңғы қалпыа келтіру үшін қаржы мұқтаждығын анықтау және оларды кейіннен жергілікті бюджетке кірістіру;
Құқықтық негізтжәне қоршаған табиғи ортаның ластануының стандарттық деңгейі, табиғи ресурстардың принциптері;
Қоршаған табиғи орта саласындағы саясаттың ғылыми негізі;
Арнайы оқу;
Қоршаған табиғи ортаға байланысты мәселелерді насихаттау.
Белсенді түрде материалдық ресурстарды екінші қайтара пайдаланудағы көңіл аударарлық міндетті шешуге – қоршаған табиғи ортаны, халық шаруашылығындағы және өндірістік емес салаларындағы ресурстарды ұтымды пайдалауға толық мүмкіндік туғызады. Сондықтан табиғи ресурстарды ұзақ мерзімді уақытқа сақтау үшін өндірістік қалдықтарын өнімнің екінші қалпына келтіру немесе өнер кәсіп, ауыл шаруашылығы және өндірістік емес салалардағы ресурстарды пайдалану технологилық циклдерін жасау қажет.
Қазақстан Республикасы эконмикалық және ғылыми техникалық потенциялы жағынан үлкен орынға ие. Табиғи ресурстардың бірегей негізінде Республикада отын – энергетика, металлургия, химия өнер кәсіп орындары және ауыл шаруашылығындағы кешендері жұмыс істеп келеді. Тәуелсіз мемлекеттер арасындағы шаруашылық байланыстарының үйлесуі, экономикадағы дағдарыс оқиғасының душар болуы және нарық қатынастарына өтудегі орын алған қиыншылықтардың нәтижесінде Қазақстанда соңғы жылдары өндіріс өнімдерінің көлемі күрт азайды. Осындай жағдайлар халық шаруашылығының басқа да салаларында орын алып отырғаны анық. Сонымен бірге соңғы кездердегі жалпы көлемі және өндірістің техникалық деңгейі көрсеткіштерінің төмендеуі Республиканың ғылыми – техникалық потенциялының толық бейнесін көрсете алмайды.
Соңғы алты – жеті жыл ішінде ғылыми – техникалық прогесс көрсеткіштерінің біршама төмендеуін, егер де дағдарыс оқиғасын жойатын болсақ, онда осы аталған жылдар ішінде оны қайтадан қалпына келтіруге толық мүмкіншілік бар. Ғылыми – техникалық прогресс еңбек шығынын азайта отырып, Республикадағы орасан зор табиғи байлықтарды өндіріске қатыстыруға, өндірісте қарқынды дамытуға үлкен ықпал жасап әсер етеді. Олар шешуші құрал есебінде табиғи ресурстарға қоғамның қажеттілігін және табиғат мүмкіндігінің тапшылығындағы қарама – қарсылықты шешеді. Мұны бірнеше аспектілерге бөлуге болады:
Біріншіден жер қойнауынан пайдалы қазба байлықтарды шығару;
Екіншіден, оларды кешенді дәрежеде өңдеу, шығарылатын шикізаттардың ескі – құсқыларын пайдаға асыру;
Үшіншіден, табиғи ресурстарды шығарудан бастап тұтынушылардан апарып жеткізгенге дейін кездесетін шығындарды азайту және өндіріс қалдықтарын екінші қайтара пайдалану;
Төртіншіден, ресурстарды тұтынудың құрамын жетілдіру, ресурстардың барлық түрлерін және бұйымдарды үнемдеу;
Бесіншіден, энергия мен материялдардың жаңа түрлерін пайдалану.
1991 жылдан кейін Қазақстан Республикасында басталған экономикалық реформа, нарықтық қатынастарға бірте – бірте өту, меншіктік заңдардың қабылдануы, кәсіп орындарды, шаруашылықтарды мемлекет меншігінен алу, оларды жекешелендіру, тағы басқа көптеген шаралар ғылыми – техникалық прогрестің жаңа жағдайға байланысты бет бұруына бағыттады. Осы бағыттағы бірінші қадам – ол 1992 жылғы «Ғылым және мемлекеттік ғылыми – техникалық саясат туралы» одан кейінгі Қазақстан Республикасы президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы «Ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру және ғылыми – техникалық потенциялды дамыту шаралары» жөніндегі заңдарың қабылдануы болды. Базалық отын - энергетика, металлургия салаларында, экономикалық табиғи ресурстардың қоршаған табиғи ортаны қорғау мониторингасындағы ресурстық және ғылыми – техникалық прогресті одан әрі дамытуға көп көңіл бөлінетін болады. Жақын жылдар ішінде Қазақстанның ғылыми мекемелерінде табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі ғылыми бағыттары мына төмендегідей болмақшы:
Табиғатты қорғау шараларын есепке ала отырып, өндіргіш күштерді орналастырудың экономикалық тиімді әдістерін зерттеу;
Табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін зерттеу;
Кешенді түрдегі іс – шараларды және табиғатты тиімді пайдалану, қоршаған табиғи ортаны қорғау әдістерін зерттеу;
Республиканың көптеген аймақтарында атмосфералық ауаның ластануынан әлеуметтік экономикалық бағалығының ғылыми негізін зерттеу;
Қоршаған табиғи ортаны қорғауды жақсарту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мемлекеттік экономикалық механизімін одан әрі жетілдіру және іске асыру.
Табиғатты пайдалану және оны қорғауда ғылыми – техникалық шараларды бағалау өте күрделі жұмыс. Себебі бүгінде қандайда болмасын жаңа технология, нарықтық ұсынуға келетін жаңа өнім арасында көп уақыттар өтеді, ал ғылыми – техникалық шаралар бір шама уақыттар өткеннен кейін ғана кіріс немесе нәтиже келтіре бастайды.
Күнделікті өмірде бұл жөнінде көптеген жағдайлар кездеседі, ал оларды нақты шешу үшін басқа елдермен халық аралық қарым – қатынастары жақсартуды қажет етеді. Республикамызда шет мемлекеттердегі табиғат қорғау министірліктері мен ведомстволарының тығыз байланыс орнату жұмыстары одан әрі жалғасуда. 1995 – 1998 жылдар аралығында Қазақстанда осы мәселеге байланысты 16 мемелекетпен екі жақты келісім – шарттарға қол қойылды. Олардың ішінде Америка, Канада, Германия, Қытай, Жапония, Франция, Швеция, т.б мемлекеттер бар. Қазақстан қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты бір қатар халықаралық Конвенциялар мен жобаларға қатысты. Бұл істеліп жатқан жұмыстардың барлығы Еуропа және Орталық Азия елдерімен достық қарым – қатынастардың бұдан былай да дамуына мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Қазақстан, Тәжікістан, Өзбекістан, Қырғыстан, Түрікменстан ел басшылары Алматы, Бішкек, Ташкент, Ашхабад қалаларында нақты экологиялық мәселелерге байланысты, жалпы Еурлпалық процестерге белсенді түрде қатысып, нақтылы келісім – шарттарға қол қойылды. Осы бағыттағы халық аралық бірлестіктің қолдауы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі қабылданған тұрақты құқықтық актілерді іске асырудағы сенімділікті күшейтеуге үлкен мүмкіндік береді. Ондай заңдар Республикамызда да қырық шақты.
Тәжірибелік сабақ 9.
Тақырыбы: Қазақстанда экологиялық сараптама жүргізудің ерекшелігі.
Адамдардың денсаулығына, табиғи экожүйелерге, қоршаған ортаға әсер етумен байланысты шараларды жүргізгенде, алдын ала, жобалық немесе жоба алдындағы құжаттаманың деңгейінде мүмкін болатын кері негативті салдарды есепке алу үшін экологиялық сараптаманы жүргізу арқылы жол бермеу қажет.
Экологиялық сараптама – жобаларды жүзеге асырудың, халықшаруашылық объектілер функционирлеуінің, қоршаған ортаға кері әсерге жол бермеуге бағытталған шешімдердің қабылдауының және ресурстарды тиімді пайдалану мен минималды салдары бар қойылған міндеттерді шешу экономикалық салдарының кешенді бағалау жүйесі.
Экологиялық сараптаманың объектілері:
Республиканың барлық субъектілерінің шаруашылық салдары мен мемлекеттің өндіруші күштерін дамыту және орналастыру бойынша жоба алдындағы және жобалық құжаттаманың барлық түрлері;
Технико-экономикалық есептеулер (негіздемелер), шаруашылық объектілер мен кешендердің құрылыс, реконструкция, кеңейту, техникалық жабдықтау және жою жобалары;
Жаңа техника, технология, материалдар мен заттарды құрастыру бойынша құжаттама;
Шаруашылық іс әрекетшілділікті жүргізу кезінде табиғатты пайдалануды басқаратын нормативті-құқықтық, нұсқаулы-әдістемелік және нормативті-техникалық құжаттаманың жобалары;
Аймақтағы күнделік шаруашылық іс әрекетшілдіктің әртүрлі түрлерінің әсерінен қалыптасатын экологиялық жағдайды сипаттайтын материалдар;
Экологиялық сараптаманың мақсаты:
Уәкілетті мемлекеттік органдарда бекітудің алдында жобалық шешімдердің қазіргі уақыттағы экологиялық талаптарға сәйкестігінің ғылыми негізделген анықтамасын қамтамасыз ету;
Жүзеге асыру процесінде экожүйеге жоспарланған, жобаланған және істі объектілердің мүмкін болатын кері әсерлерін ескерту;
Халық шаруашылық жоспарларды іске асыру кезінде динамикалық табиғи тептендікті және қоршаған ортаның қолайлы жағдайын орнату.
Экологиялық сараптаманың объектісіне қарамастан, экологиялық сараптама соның әсері жөнінде толық мәліметтерді (жауаптарды) беру тиісті:
Адам және басқа ағзаларға қатынасты толеранттылық заңының тұрғысынан экологиялық факторлардың құрамы мен режиміне;
Шаруашылық, ғылыми, тарихи, эстетикалық қатынаста бағалы ағзалар популяцияларының құрамы мен құрылымына;
Экологиялық жүйелердің құрылымы, қасиеттердің жағдайына;
Ландшафттардың және табиғи кешендердің жағдайына;
Заттектердің айналымдарының функционирлеуі және ғаламдық деңгейдегі мүмкін болатын салдарына.
Жоғарыда көрсетілген барлығының орындалуына келесі міндеттерді шешу барысында жетуге болады:
ҚР Конституциясының баптарының талаптарына, жер қойнауы, жер, су, орман және т.б. заңнамасының, Экологиялық кодекстің, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы, жоспарлау, жобалау және тұрақты құрылыс туралы басқа құқықтық актілердің талаптарымен бірге жобалық материалдардың сәйкестігін бақылау және бағалау;
Мемлекеттің экологияық саясаты тұрғыдан сараптаманы жүзеге асыру, жобаларды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын халықшаруашылық объектілер техникалық, экологиялық жағынан алдағы болатын және экологиялық тепетендіктің бұзылуының кейбір мүмкіншілігіне жол бермейтін;
Жобалық материалдардың эколоиялық қасиеттерін бекіту және экологиялық ғылымдар білімдерін пайдалану негізінде қоғам – табиғат жалпы жүйесінде антропогендік және нақты экологиялық жүйелердің әрекеттесуінің заңдылықтарын оларда есепке алу дәрежесін анықтауы мен бейнелеуі;
Нақты табиғат жағдайларда сараптамаға жататын объектілердің жүзеге асыру мүмкіншілігі туралы объективті мәліметтерді бекіту;
Материалдардың экологиялығының дәрежесі туралы және нақты экожүйенің ерекшеліктерін есепке алумен бірге табиғатты қорғау шешімдердің оптималды нұсқауларын ұсыну.
Сараптама барысында істі заңнамасының талаптарын қатан қадағалауымен бірге анализ, синтез, салыстыру, бақылау, бейнелеу, абстрагирлеу арқылы жобалардың экологиялық мазмұның мұқият және жанжақты зерттейді.
Бағалаудың көрсеткіштері ретінде құқықтық нормалардың талаптарын, табиғатты қорғау принциптерін, табиғатты қорғау нысаналы бағыттарың, экологиялық императивтерді, табиғатты қорғау және табиғат ресурстарды тиімді пайдалану бойынша стандарттарды, құрылыс нормалар мен ережелерді, санитарлық – гигиеналық нормативтерді, жоба алдындағы, жобалы – жоспарлы және жобалы – қаржылық құжаттаманы пайдаланады.
Нормативтік көрсеткіштерден тыс бағалаушы крителийлар ретінде сараптаушылар пайдаланып объективтік баға бере алатын жергіліктің табиғи ерекшеліктерінің, желдердің, тумандардың, ауалы инверсиялардың, жер бедерінің жцне т.б. жалпы көрсеткіштерін пайдаланады.
Эколого – сараптаушылық іс әрекет жобалық периодына арналған сонымен қатар келешекте де пайдаланатын қоғам – табиғат экожүйесінің оптималды режимін сақтауға арнайы бағытталған ғылыми негізделген болжама түрінде экологиялық болжаудың элементтерін құрайтын болу тиісті.
Сараптаушылар міндетті түрде жобаларда суларды тазарту (сондай-ақ өнеркәсіптік және тұрмыстық суларды), зиянды шығарындылардан атмосфераны қорғау, іске асыру (утилизация), нейтрализациялау және шаруашылық – тұрмыстық қалдықтарды екінші реттік пайдалану, пайдалы қазбаларды үнемді жете зерттеу және жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша нормативтік талаптарды қадағалауын қамтамасыз ету қажет.
Эколого – сараптаушы процесс үш негізгі сатыларды құрайды:
дайындылық немесе қажетті реквизиттердің, қарастырылатын жобалық материалдардың бар болуын және олардың істі заңнамасына сәйкестігін тексері;
Негізгі немесе сараптама объектілері бойынша мәліметтердің аналитикалық өңдеуі;
Қорытынды немесе мәліметтерді қорытындылау мен бағалау және сараптама актісін құрастыру.
Эологиялық сараптаманың құқықтық базасы ретінде ҚР заңнамасы, нормативтік базасы - бар болған табиғатты қорғау және техникалық стандарттардың, құрылыс нормалар мен ережелердің, санитарлық – гигиеналық және экологиялық нормативтердің барлық кешені болып табылады.
Қосымша. Экологиялық кодекс, 7-тарау.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
45-бап. Экологиялық сараптама түрлері
Қазақстан Республикасында мемлекетік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары
Экологиялық сараптама:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері
Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
Жоспарланып отырған шаруашылық және озге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
Табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертіге қатыстылары;
Қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік – техникалық және нұсқаулық – әдістемелелік құжаттардың жобалары;
Кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, слауға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
Аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;
Қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономкалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
Осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше эколгиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;
Көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;
Жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның ішінде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін құжаттама;
Табиғи ресурстарды пайладалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама.
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда:
Экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген;
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
Сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері осы Кодекстің 40- бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес I, II, III, IV санаттарға бөлінеді.
I санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1- тармағының 6-9 және 11 тармақшаларында аталған объектілер жатқызылады.
II санақа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, өңірлік жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады.
48-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде жегілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемелекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне – қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, II және III санат объектілеріне – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақты органдары, IV санат объектілеріне жергілікті атқарушы органдар жүргізіеді.
49-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
2) мемелекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.
2. мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
50-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері
Мемелекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажетті барлық құжаттама берілген кезден бастап үш айдан аспауға тиіс.
Алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап екі аптадан аспауға тиіс.
Табыс етлген құжаттама толық болаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады.
51-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектісін іске асыру жөңінде шешім қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдарды қамтиды.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелеріне сәйкес пысықтауды қамтамасыз еуге және ол белгіленген мерзімді барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгіленіп отырған қызметінен бас тартуға міндетті.
Мелекеттік экологиялық сараптама жүргізу міндетті болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және іске асыруына тыйым салынады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысы не өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органның сараптама бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілген күннен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады.
51- бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының құқықтары
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері басшыларының:
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдік мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;
Сарапшылық бөлімшелерінің, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметіне ббақылау жасауды жүзеге асыруға;
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін ұйымдастыруға;
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу әдустерін айқындауға;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтін, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;
Есептеулерде қате және басқа да олқылықтар жіберілген, оны түзету қосымша зерттеулерді, іздестіру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлуді қажет ететін құжаттар мен материалдарды пысықтау үшін қайтаруға;
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;
Сараптама объектісін іске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған не тапсырыс беруші жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бір ай ішінде бұрын берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын кері қайтарып алуға;
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратуға;
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектілер туралы мәліметтерді банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге;
Қазақстан Респубикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін тиісті материалдар дайындап, құқықтық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары болып табылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Сарапшылық бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын солар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.
53-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы
Арнаулы білімі бар және экологиялық сараптама жүргізу қажетті жеткілікті тәжірибесі бар және мемлекеттік экологиялық сараптама органы белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге тартылған адаммемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.
Экологиялық сараптама жасалуға тиісті құжаттама тапсырыс берішунің өкілі немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектісін әзірлеуші, сондай-ақ тапсырыс берушімен немесе әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы бола алмайды.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы өзі жасаған сараптама үшін Қазақстан Респубилкасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Сарапшының мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот және әкімшілік тәртіппен қорғалуға тиіс, ал мұндай жолсыздықтарға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының:
Мемелекеттік экологиялық сараптама жасалатын объектіге жан-жақты және объективті баға беру үшін мәні бар қосымша материалдар табыс етілуін талап етуге;
Экологиялық сараптама жүргізуге мамандарды қосымша тартуға;
Сараптама жұмысын, әдуснамасын ұйымдастыруды жетілдіру, оны жүзеге асыру тәртібі мен принциптері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Мемелекеттік экологиялық сараптмама объектісі жөнінде, мемелекеттік экологиялық сараптама қортыныдысына қоса тіркелетін ерекше пікір қалыптастыруға құқығы бар.
Мемелекеттік экологиялық сараптама сарапшысы:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенді, объективті және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға;
Қолданып жүрген нормалар мен ережелер негізінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге;
Мемелекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгіленген мерзімі мен тәртібін сақтауға;
Мемелекеттік экологиялық сараптаманың дәлелді қорытындыларын дайындап, оларды сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға және тапсырысшыларға уақтылы беруге;
Сараптама жасалатын объектілерді одан әрі қараіға қабылдамаған не оларды негіздейтін материалдар пысықтауға қайтарылған кезде мемелекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын объективті бағалап, дәлелді түрде негіздеуге;
Материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және өзінің құпия құжаттарға қатысты әрекеттерін олардың иесімен келісуге, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге міндетті.
54-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесіне сырттан сарапшылар тарту
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу сырттан сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының сараптамалық қорытындылар алу үшін басқа мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген мамандарға өтініш жасауға құқығы бар. Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
55-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілердің тізілімін жүргізуді жүзеге асырады және оларға тіркеу нөмірлерін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |