Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер


Дәрумендi шөп ұнын дайындау және сақтау тәртiбi



бет11/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#2707
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Дәрумендi шөп ұнын дайындау және сақтау тәртiбi


  1. Шөп ұнын жасауға арналған агрегаттар қалқаның астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған қалқалар мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделедi.

  2. Шөп ұнын дайындау бекетiнен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай материалдары бар цистерналарға дейiнгi өртке қарсы аралықтар кемiнде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталатын ашық қоймаларға дейiн – кемiнде 150 метр етiп орындалады.

  3. Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемiнде екi вентильмен (бiреуi – агрегатта, екiншiсi – отын багында) жабдықталады.

  4. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр өткiзгiшi орнатылған жерлерiнде электр құрылғыларын орнату ережелерi бойынша II – IIа класты өрт қауiптi аймақтарға арналғандай етiп орындалады.

  5. Кептiру барабанында өнiмнiң жануы анықталғанда, мөлшерi кемiнде 150 килограмм өртке дейiн дайындалған өнiмдi және өрт жойылғаннан кейiн мөлшерi 20 килограмнан кем емес бiрiншi алынған өнiм жалпы қоймаға салынбай, бөлек қауiпсiз жерге орналастырылады және кемінде 48 сағат бақыланып сақталады.

  6. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнның температурасын төмендету үшiн ол жабын астында кемiнде 48 сағат ұсталады.

  7. Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлiнген және сенімді желдеткiшi бар бөлiкте басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтау керек.

  8. Қоймаға ылғал түсiруге жол берiлмейдi. Ұнды үйiп сақтауға болмайды.

  9. Ұны бар қаптар бiр қатарға екi қаптан биiктiгi 2 метрден аспайтындай етіп қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдiгi кемiнде 1 метр, ал қабырғалар бойынан – кемiнде
    0,8 метр етiп орындалады.

  10. Сақтаулы тұрған ұнның өздігінен тұтануын болдырмау үшiн оның температурасы ұдайы бақыланады.



Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы өңдеу тәртiбi


  1. Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдар (бұдан әрi – зығыр) машина бөлiмшесiнен оқшауланады.

  2. Iштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау керек. Құбыр шығатын жерде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралық орнатылады.

  3. Зығыр шикiзаты (сабан, зығыр сабаны) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.

  4. Техникалық дақылдарды алғаш өңдегенде:

1) фермалар, жөндеу шеберханалары, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға жол берiлмейдi;

2) автомашиналарға, тракторларға өндiрiстiк үй-жайларына, дайын өнiмдер мен шоха қоймаларына кiруге жол берiлмейдi. Автомашиналардың кемiнде 5 метр, ал тракторлардың көрсетiлген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемiнде 10 метр қашықтықта тоқтау көзделеді;

3) илеу-түту цехында пешпен жылыту жүйесiн орнатуға жол берiлмейдi.


  1. Зығыр өңдеу пунктінің аумағына кiретiн автомобильдер, тракторлар және басқа да өзi жүретiн машиналар жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

  2. Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлiк құралдары қозғалтқыштың шығу жүйелерiнен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен көзделеді.

  3. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағында темекi шегуге арналған орындар өндiрiстiк ғимараттар мен дайын өнiмдi жинап қою орындарынан кемінде 30 метр қашықтықта орналастырылады.

  4. Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелерi өртенбейтiн етiп көзделеді.

  5. Зығыр сабанын табиғи түрде кептiру арнайы бөлiнген учаскелерде жүргiзiледi.

Зығыр сабанын жасанды түрде кептiру тек арнайы кептiргiштерде, ригаларда (дегдiтпелерде) ғана жүргiзiледi.

  1. Өндiрiстiк ғимараттарда орналастырылған кептiргiштер басқа үй-жайлардан 1-үлгідегі өртке қарсы бөгеттермен бөлiнедi.

Кептiргiштер мен кептiргiш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкциялары екi жағынан сыланады.

  1. Зығыр сабанын кептiруге тұрақты кептiргiштер тек мынадай:

1) пеш оттығы мен циклонның күмбездерi және iшкi беттерi күйдiрiлген кiрпiштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, әкпен ағартылған;

2) ауа арналары сыртқы жағынан жанбайтын 50 миллиметр жылу қабатымен қорғалған, ал қосылған жерлерiнде жанбайтын төсемдер орнатылған;

3) желдеткiштiң сыртына жылу тасығыштың температурасын бақылау металл термометр арқылы жүзеге асырылған;

4) жер астындағы таратқыш каналдың басында ұшқын сөндіргіш орнатылған;

5) каналдың қабырғалары кiрпiштен орындалған, үстiнен темiр бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтiн құрылғылармен жабылған;

6) түтiн құбыры өтетiн жерде шатырдың торлауы арқылы кемiнде 50 сантиметр көлемдi өңдеу орнатылған жағдайларда ғана қолданылады.



  1. Зығыр сабанын кептiруге арналған ригаларда орнатылатын пештердiң құрылымы үй-жайдың iшiне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай етіп орындалады.

Ригалар мен кептiргiштерде пештердiң үстiне зығыр төсеу үшiн жел тартқыш орнатуға рұқсат берiлмейдi. Пештен жанғыш құрылғыларға дейiнгi қашықтық кемінде 1 метр болуы тиiс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биiктiгi жабынға дейiн қоршалады.

  1. Кептiргiштер мен ригаларда:

1) зығыр сабанын кептiргенде жылу тасығыштың температурасы 80 0С аспауы, ал бастиектерiн кептiргенде - 500C аспауы тиiс;

2) пештiң оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етiлуi тиiс, ал түтiн газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектерi болмауы тиiс;

3) желдеткiш от жағу басталғаннан кейiн бiр сағат өткенше сөндірілмейді. Кептiргiш камераларында түтiн белгiлерi бар жылу тасығыштың болуына жол беруге болмайды;

4) кептiргiштiң бiр ауысымдық жұмысынан кейiн от жағу кеңiстiгiн, тұнба камераларын, ұшқын сөндіргіш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтiн құбырларын кептiргiш жұмыс iстегеннен 10 күннен кейiн тазарту керек;

5) жаңа зығыр сабанын кептiруге жүктер алдында арнашықтар мен кептiргiш камераларды үнемi iшiне түскен зығыр сабанынан және әртүрлi қалдықтардан тазарту керек. Зығыр сабаны және химиялық талшықтар қорын кептiргiш үй-жайында сақтауға жол берiлмейдi;

6) зығыр сабаны ригаға жүктегеннен кейiн түсiп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсiмдiк сабақтарын жинап, пештi, қабырғаларды, едендi зығыр сабанынан мұқият тазарту керек. Зығыр сабанын кептiргiш ғимаратына тақап жинауға жол берiлмейдi.



  1. Илеу-түту агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткiшi болуы тиiс, ал түту агрегатының әрқайсысына шатыр орнатылуы тиiс. Станоктарды барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтiн алмалы-салмалы және қайырмалы қалқандармен жабу керек.

  2. Желдеткiш құбырлары желдеткiштердiң алдында және олардан кейiн орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркiн өтетiн жол қамтамасыз етiлуi тиiс.

  3. Өндiрiстiк үй-жайдағы зығыр сабаны санын ауысымдық қажеттiлiктен арттыруға жол берiлмейдi. Ол машиналардан кемiнде 3 метр алшақ қатарлап жиналады.

Дайын өнiм үй-жайлардан қоймаға бiр ауысымда 2 реттен сиретпей жиналады.

  1. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн илеу-түту цехы талшықтан, шаңнан және тал жiптерден мұқият тазартылады. Станоктар, қабырғалар және цех жабындысының iшкi беттерi торланады, ал талшық жинағыштар тазартылады.

  2. Темекi кептiргiштердегi сөрелер мен этажеркалар өртенбейтiн материалдардан көзделеді. Қыздыру құбырларының үстiндегi отты кептiргiштерде оларға темекi түсуден қорғайтын металдан жасалған күнқағар орнатылады.

Темекi сарайлары мен кептiргiштердiң сыртқы жарық беру прожекторларының тiреуiштерi үй-жайлардан тыс орнатылады.

Мақта шикізатын жинау, тасымалдау, кептiру, сақтау және алғашқы өңдеу тәртiбi


  1. Мақта жинау науқаны басталғанға дейiн оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуi керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (мақта жинау машиналары – екi өрт сөндiргiшпен, екi найза күрекпен, өлшемi 2х2 метр бiр киiзбен, тракторлар мен автомобильдер – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр найза күрекпен) жарақталып, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы және реттелген тамақтану, тұтандыру мен майлау жүйесi көзделеді.

Гидравликалық жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын сөндіргіштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жiберiлмейдi.

  1. Мақта шикізатын пiспес бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және темiржол жолдарына iргелес жерлердегi егiстiктері енi кемiнде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.

  2. Мақта жинау кезiнде:

1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;

2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;

3) гидравликалық жүйесі мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;

4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол берiлмейдi.



  1. Өңделмеген мақтаны ыдыссыз тасымалдау кезiнде брезентпен жабу қажет. Автомашина шанағының немесе тiркеменiң еденiнде саңылаулардың болуына жол берiлмейдi.

  2. Тракторлардың, автомобильдердiң, мақта жинайтын машиналардың тұрағы, оларды майлау және жанармай толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдардан кемiнде 50 метр қашықтықта жүргiзiледi.

  3. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнің тiреу биiктiгiнен кемінде 1,5 метр алшақ орналастырылады.

  4. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшермен қамтамасыз етiледі.

  5. Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге болмайды.

  6. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғылар) жарамды күйде ұсталады.

  7. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған, өңделмеген мақтаны қонған тозаңнан қажеттiлiгiнше, бiрақ ауысымына кемiнде бiр рет тазалап тұру керек.

  8. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететiн құрылғылар жарамды күйде ұсталады.

  9. Агрегаттарды олар авариялық тоқтағаннан кейiн тек ақаулықтарды жойғанда ғана iске қосуға болады.

  10. Таспалы транспортерлердiң иiндi бiлiктерi мен сына белдiктi бергiштер айналатын бөлшектерге мақтаның түсуiн болдырмайтын жарамды қаптамалармен жабылуы тиiс.

  11. Мақта жинайтын машиналардың бiлiктерiнiң жылжымалы құрамдары мен мойындарын мақта тозаңы мен талшықтарынан тазарту қажет. Тазалау мерзiмдiлiгi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының басшысы бекiткен нұсқаумен белгiленедi.

  12. Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдар болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр биiктiкте кемiнде 0,9 метр болатын тұтас жапсырмалы сүйенiшпен қоршалады.

  13. Элеватор жетегiнде таспа үзiлген жағдайда, жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиiп тұруына жол берiлмейдi.

  14. Элеватордың қаптамасы мықты тиектерi мен тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықталады.

  15. Транспортерлер төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.

  16. Таспалы транспортерлердi (ауыстырып тиегiштердi) ауыстыру электр қорегi ажыратылған кезде жүзеге асырылады.

  17. Пневмокөлiк жүйесiне кiретiн аппараттар мен машиналардың жерге тұйықтағышы жарамды күйде ұсталады. Өңделмеген мақтаны желдеткiш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берiлмейдi.

  18. Топтағы бунттардың саны бiр бунтқа алаң мөлшерi 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшерi 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бiр бунтқа алаң мөлшерi 25х11 метр болғанда алтаудан артық болуына жол берiлмейдi. Бұл ретте бунттың биiктiгi 8 метрден аспауы қажет.

  19. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 1,5 метр, бунттардың топтары арасында кемiнде 30 метр болуы керек.

  20. Бунттарды бөлшектеу кезiнде машиналар, тетiктер мен мақта тасығыш автопойыздар 30 метр аралықта орнатылады.

  21. Бунт бөлшектегiш қозғалған кезде ток өткiзу кабелiн басып өтуге болмайды.

  22. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтiру олар өшiрілiп, бунттан кемiнде 5 метр қашықтыққа апарылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

  23. Кескiш құралдардың ұштары ұшқын қауiпсiз етiп жасалады.

  24. Кескiш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигiзбес үшiн жебенiң төмен, жоғары түсiп тұруын шектейтiн қондырғылар орнатылады.

  25. Кептiру қондырғысын пайдалану кезiнде:

1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;

2) бақылау-өлшеу аспаптарының жылу өткiзу қондырғыларында қауiпсiздiк автоматикасының үздiксiз жұмыс iстеуi;

3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегiн өшiрудi қамтамасыз ететiн барабан мен шнектiң электр қозғалтқышының жұмысының бұғаттау;

4) кептiру камерасы мен қоректендiргiш есiктерiнiң герметикалығы;



5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелi тазалау қамтамасыз етiледi.

  1. Мақта шикізатын кептiру үшiн қолданылатын жылу өндiргiш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.

  2. Кептiретiн қондырғының жұмысы үнемі бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 700С аспауы қажет. Кептiру барабанынан сарғайған өңделмеген мақта шыққанда, мақта шикізаты мен жылу тасығышты дереу тоқтатып, тетiктердiң жұмысын тоқтату қажет, ал кептiру барабанынан келiп түсетiн мақта жанған жағдайда кептiргiштi дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндiрiп, алып тастау керек.

Кептiргiштiң жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебiн анықтағаннан кейiн ғана қайта бастауға болады.

  1. Мақта шикізаты тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшiн және перфорир тордың үстiне қоқыс қоспалары толып қалмас үшiн жел тартқыш тордың жай-күйі қадағаланады.

Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тiреуiш камерасындағы кенжарды қалпына келтiрудi ағаш заттармен (таяқшамен) ғана орындалады.

  1. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтауға рұқсат етiледi. Барлық сынған бумалар әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделедi.

  2. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемi: ұзындығы 22 метрден, енi
    11 метрден, биiктiгi 8 метрден аспайтындай етіп орындалады.

Қатарлардың мөлшерi қысқарғанда көршiлес қатарлар арасындағы бөлiктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берiлмейдi, бiрақ ең жоғарғы қатардың екi есе биiктiгiнен кем болмауы тиiс.

  1. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.

  2. Талшықты мақта бумасы шатырдың астына енi кемiнде 2 метр көлденең өту жолдарын қалдыра отырып жиналады: еденнің ауданы 300-ден бастап 600 шаршы метрге дейін болғанда – бір өту жолы; еденнің ауданы 1200 шаршы метр болғанда – екі өту жолы; еденнің ауданы 1800 шаршы метр болғанда – төрт өту жолы; тең қашықтық сайын. Биік болғанда мақта талшығы жоғарғы жағынан бастап жабынның қоршауына немесе фермалардың төменгі белдігіне дейінгі қашықтық кемінде 1 метр болатындай етіп жиналады.

  3. Жабық қоймаларда мақта талшығы бумасының енi кемiнде 2 метр бiр бойлық өту жолын және енi дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбiр есiкке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрi бойынша қабырға бойымен енi кемiнде 1 метр өтетін жол қалдыру қажет.

Қойма үй-жайларының iшiнде қандай да бiр қалқалар мен шағын кеңселердi орналастыруға болмайды.

  1. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негiзi жанбайтын материалдардан жасалады.

  2. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газ шығару құбырлары мiндеттi түрде ұшқын сөндіргішпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткiштiң пайдаланылған газ шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келу қажет.

Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиналардың, автокрандар мен мотоциклдердiң бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метрден жақын баруға рұқсат етiлмейдi.

  1. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры көзделеді.

  2. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннаға дейiн өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде өрт сөндiру жұмыстарын су айдындарынан жүзеге асыруға болады.

  3. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндiру бөлiмшелерi күзететiн жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.



Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртiбi


  1. Ат қоралардың үй-жайлары екi және одан астам дербес қақпамен жабдықталады, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол берiлмейдi. Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есiктерiнiң тек сыртқа қарай ашылуы көзделеді. Қақпаны тек жеңiл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етiледi. Жылдың қысқы мезгiлiнде ат қоралардың қақпалары мен есiктерiнiң алды қардан жүйелi түрде тазартылып тұрады.

  2. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бiр мезгiлде босатып шығаруға мүмкiндiк беретiн құрылғылар көзделеді.

  3. Ат қоралардың үй-жайлары тiзгiндермен, жүгендермен, жапқыштармен және жануарларды шығару мен байлау үшiн қажеттi басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етiледi.

  4. Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайлар ат қоралардың басқа үй-жайларынан отқа төзiмдiлiк шегi кемінде ЕI-45, жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлiнедi.

  5. Ат қораларда электр желiлерi оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кәбілдерге ашық төселедi. Тек тозаң-су өткiзбейтiн немесе ылғал өткiзбейтiн электр шырақтарын ғана пайдалануға жол берiледi.

Бөлу қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.

  1. Ат қорада тәулiктiк жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.

Жемшөптiң негiзгi қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.

  1. Жемшөп үй-жайы, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жай басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлiнедi және сыртқа шығатын жолы бөлек қамтамасыз етiледi.

  2. Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшiн өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялау жоспары жасалады.

  3. Ат қораларда электр желiлерiн пайдалану кезiнде:

1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;

2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;

3) электр желiлерi мен кәбілдерiн ат қоралардың үй-жайлары арқылы транзитпен төсеуге;

4) қуаты осы шырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;

5) шырақтарды тiкелей желiлерге iлуге жол берiлмейдi.


  1. Ат қоралардың үй-жайларында:

1) шеберханалар, қоймалар, автокөлiк тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бiр жұмыс жүргiзуге;

2) осы үй-жайларға iштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған көлiк құралдарын өткізуге;

3) қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшiн серiппелер мен блоктар орнатуға;

4) үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарьларын қолдануға;

5) уақытша пештердi орнатуға;

6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;

7) темекi шегуге және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

9. Көлiк объектiлерiн ұстау тәртiбi
Автомобиль көлiгiн ұстау тәртiбi
Гараждар мен ашық тұрақтарды ұстау тәртiбi


  1. Жапсарлас және қосалқы үй-жайлар арқылы инженерлiк коммуникациялар (су құбырын және жылумен қамтамасыз етудi қоспағанда) транзитпен төселген жағдайда, жылжымалы құрамды сақтау отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-150 бiтеу құрылыс конструкцияларында орындалады.

  2. Ашық тұрақ аумақтарында көлiк құралдарын шағын жөндеу мен оларға ағымдық техникалық қызмет көрсету бетi қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.

  3. Көлiк құралдарын шағын жөндеу мен оларға ағымдық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға арналған әрбiр алаңшада «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндiру қалқаны орнатылады.

  4. Көлiк құралдары ашық сақталатын гараждардың үй-жайлары мен алаңшаларына өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшiруге кедергi жасауы мүмкiн заттар мен жабдықтарды үйіп қоюға жол берiлмейдi.

  5. Көлiк құралдары ашық сақталатын гараждардың үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгiлген жанар-жағармай материалдарына құм себілiп, дереу жиналады.

  6. Көп пәтерлi тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көлiктiк құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар-жағармайды сақтауға жол берiлмейдi. Кейбiр гараждарда бензин және дизельдi отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанар-жағармайдың қосымша мөлшерiн сақтауға жол берiледi. Бензин, дизельдi отын және майлардың аталған көлемiн металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол берiледi.

  7. Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тікелей мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және басқаларын орнату) пайдалануға жол берілмейді.

  8. Автомобильдердi сақтау үй-жайларын жылыту ауа ағынының желдеткiшi бар сумен немесе ауамен жылытылатын болып көзделуi тиiс. Гараждардың күзет үй-жайларында бетi тегiс зауытта дайындалған жергiлiктi жылыту құралдарын пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте бетiнiң температурасы 100°C асуы мүмкiн жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.

  9. Көлік сақталатын үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда:

1) көлiк құралдарын орналастыру жоспарының нормасынан асып кететін көлік құралдарын орнатуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;

2) шығу қақпалары мен өту жолдарына заттарды үйіп қоюға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;

3) көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;

4) көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды кәрізге немесе жақын аумаққа төгуге. Пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;

5) аккумуляторларды тікелей көлiк құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;

6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;

7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын пайдалануға;

8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;

9) көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;

10) қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге (шырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздерi), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргiзілген кезде жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.



  1. Газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн көлiк құралдарын пайдалану кезiнде:

1) газды қоректену жүйесi техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлiк құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берiлмейдi;

2) көлiк құралын түнгi немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерiн жабу, магистральды газ құбырындағы барлық газды шығару қажет, одан кейiн iске қосуды өшiрiп, магистральды вентильдi жауып, аккумулятордағы «масса» ажыратылады;

3) жабық үй-жайда көлiк құралының «өзiндiк жүру» қозғалысы тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельдi отын);

4) көлiк құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйытылған көмiрсутектi газды (бұдан әрі – СКГ) айдауды жүзеге асыруға жол берiлмейдi;

5) үй-жайлардан көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн олар мұқият желдетiледi;

6) қысқы уақытта көлiк құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргiзiледi;

7) қысымды бақылаумен, газды өндiрумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әртүрлi отын түрлерiне ауыстырып қосу және газ жеткiзумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. СКГ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандар, сондай-ақ отын жеткiзiлуiн бұғаттауды қамтамасыз ететiн электрлiк магниттi клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екi жылда кемінде бiр рет жүргiзiледi;

8) СКГ жабық гараж тұрақтарда және басқа да iшiндегi температурасы 250 C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдануға және сақтауға жол берілмейді;

9) қозғалтқышты iске қосуды тек отынның бiр түрiнде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол берiледi.


  1. Көлiк құралдарын (жеке көлiк түрлерiнен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбiр 10 көлiкке бiреуден келетiн сүйреткiш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.

  2. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетiлген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берiлмейдi.

  3. Автомобильдердi жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерiнде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн үй-жай мен байқау шұңқырларын май сiңген, сүртiлген материалдардан тазартылады.

Аккумулятор станцияларын ұстау тәртiбi




  1. Аккумулятор батареяларын зарядтау процесінде:

1) ұшқын болмас үшiн сымдардың батарея клеммасына берiк жалғануы тексерiледi;

2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;

3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға ағынды сорғы желдеткiш жұмыс iстеп тұрғанда ғана рұқсат берiледi;

4) өткiзгiш жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшiрулi тұрғанда ажыратылады;

5) зақымдалған өткiзгiштердi тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттiгiнiң талаптары сақталады.


  1. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданылатын жұмыстар батарея зарядталып бiткеннен кейiн екi сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Балқытып біріктіру немесе дәнекерлеу лампасымен жұмыс істеу кезінде үй-жайды үздіксіз желдету жүргізіледі. Дәнекерлеу орны үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзiмдi қалқандармен қоршалады.

  2. Аккумулятор станцияларының үй-жайларында:

1) темекi шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;

2) бiр ауысымдық қажеттiлiктен артық қышқылды, сiлтiнi немесе электролиттi сақтауға;

3) жұмыс орнында арнайы киiмдi және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол берiлмейдi.

Жуу және сырлау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi




  1. Жуу және сырлау цехтары, учаскелер мен бөлiмшелер отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бiр қабатты ғимараттарда орналастырылады, iшкi қабырғасында терезе ойығы болады және жапсарлас өндiрiстiк үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен бөлiнедi. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас үй-жайларға шығу ауа екпiнiнiң түсуiн қамтамасыз ететiн шлюздiң тамбуры арқылы жүргiзiледi.

  2. Сырлау цехтарын ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған үй-жайларда өртке қарсы қабырғалармен бөлiнген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есiгi бар үй-жайларда орналастыруға болады.

  3. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерiнде, астыңғы және бiрiншi қабаттарында орналастыруға жол берiлмейдi.

  4. Бояу дайындайтын бөлiмшелер сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.

  5. Жуу және сырлау цехтарының, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлiмшелердiң еденi жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерiтiндiлерге төзiмдi етiп орындалады.

  6. Жуу және сырлау цехтарының қабырғаларының үстiңгi қабаты кемiнде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.

  7. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң үй-жайлары дербес механикалық үрлеу-сору желдеткiшiмен және нүктелiк сору-бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерiмен, кептiру камераларымен жабдықталады. Көрсетілген үй-жайларда жарылыс қауiптi концентрациялардың пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.

  8. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылу беру аспаптарының бетi тегiс болуы және 950 С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берiлмейдi.

  9. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.

Электрлiк iске қосатын қондырғылар, түймелi электр магниттiк жiбергiштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.

  1. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық iлмектi тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауiпсiздiгi кәрізі көзделеді. Соңғысы жүйелi түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.

  2. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкелiс кезiнде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.

  3. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемi таза әрi реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемiнде бiр рет ылғалды тәсiлмен жүргiзiледi.

Төгiлген лак, бояу материалдары және ерiткiштер ағаш үгiндiсi мен судың көмегiмен дереу жинап алынады.

Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупi бар органикалық ерiткiштердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейiн жабылатын арнайы металл жәшiктерге салынып, ауысым соңында белгiленген орынға шығарылады.

Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгiленген алаңдарға жиналады.


  1. Жуу және сырлау үдерiсiнде статикалық электр зарядын сөндiру үшiн барлық техникалық жабдықтар, бояу бүрiккiштер, ерiткiштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иiлгiш шлангілер), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар сенімді түрде жерге тұйықталады.

Жерге тұйықталатын электрод кедергiсінің мәнi 10 Ом-нан аспайды.

  1. Жеке тораптар мен бөлшектердi және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт қаупi бар ерiткiштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге тұйықталатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жүргiзу ұсынылады.

  2. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшiн:

1) жұмысшылар мен қызметшiлерге синтетикалық және жiбек маталардан киiм киюге, сондай-ақ жүзiктер мен бiлезiктер тағуға жол берiлмейдi;

2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге тұйықталған аймақ қабаттарының қондырғысы көзделеді;

3) есiк тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге тұйықталады;

4) жұмысшылар ток өткiзгiш аяқ киiмдермен және статикаға қарсы бiлезiктермен қамтамасыз етiледi;



5) жұмысшылар (мүмкiндiгiнше жиiрек) өздерiнен статикалық электр зарядты жерге тұйықталған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигiзу тәсiлiмен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупi бар органикалық ерiткiштер мен лак, бояулардың жанынан алыс жерлерде түсiрiп тұруға мiндеттеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет