Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер


Метрополитендердi ұстау тәртiбi



бет12/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#2707
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Метрополитендердi ұстау тәртiбi


  1. Әрбiр станцияда мыналар әзірленеді: жедел өрт сөндiру жоспары, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы талаптар, жолаушыларды эвакуациялау жоспары, түтiнденген немесе өрт болған жағдайда тоннель желдеткiшiнiң шахтасы жұмыс iстегенде метрополитен жұмыскерлерiнiң iс-қимыл жасау тәртiбi. Бұл құжаттар станция кезекшiсiнiң үй-жайында сақталады. Жедел өрт сөндiру жоспарының екiншi данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндiру басшысының бiрiншi талабы бойынша берiледi.

  2. Қолданыстағы тоннельдер мен станциялардың салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектiлерге қабысу орындары жұмыс жүргiзу басталғанға дейiн жанбайтын түтiн өткiзбейтiн қалқалармен қоршалады. Қолданыстағы метрополитен желiлерiне қабысу орындарында жұмысты ұйымдастыру кезiнде кезекшi персоналмен телефон байланысы орнатылады.

  3. Станция қабырғаларын, эвакуациялау жолдарының (дәлiздер, сатылы торлар, вестибюльдер, холлдар) төбелерiн қаптау үшiн, сондай-ақ жер асты үй-жайлары мен вестибюльдер қаптамасында жарнама орнату үшiн тек жанбайтын материалдарды ғана қолдануға болады.

  4. Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде орнатылатын көйлек iлетiн шкафтар тек жанбайтын материалдардан жасалады.

  5. Станцияның жер асты құрылыстарында әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрден аспайтын газ бар екi баллонды арнайы бөлiнген орында сақтауға болады.

  6. Метрополитеннiң жер асты құрылыстарындағы отпен жүргізілетін жұмыстар қызметтер басшыларының өкiмi бойынша орындалатын авариялық сипаттағы жұмыстардан басқа, тек түнгi уақытта электр желiсiндегi кернеудi алғаннан кейiн жүргiзiледi.

  7. Қолданыстағы тоннельдерде газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары жылжымалы көлiкте орнатылатын арнайы агрегаттардан ғана жүргiзiледi.

  8. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын әкелу осы мақсатта жабдықталған мото рельс көлiгiнде арнайы тарату сыйымдылықтарында түнгi уақытта (метрополитенде жолаушылар болмағанда) жүзеге асырылады.

  9. Тоннельге жанар-жағармай материалдарын тасымалдау үшiн бейiмделген көлiк алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.

  10. Станциялардың үй-жайлары мен кәбіл коллекторларындағы өртке қарсы режимдi тексеру үшiн станция кезекшiлерiнiң кабиналарында авариялық тақтада үй-жайдың нөмiрленуiне сәйкес таңбаланған кiлттерi болуы қажет. Осы үй-жайларды тексеру станция кезекшiсiнiң немесе қызмет өкiлiнiң қатысуымен өткiзiледi.

  11. Жер асты кеңiстiгiне орналастырылатын техникалық кабинеттердегi оқу сыныптарының сыйымдылығын 30 адамнан арттыруға жол берiлмейдi.

  12. Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде металлды тақтайлар қолданылады.

  13. Қолданыстағы тоннельдерде:

1) газ генераторларымен жұмыс iстеуге;

2) шпалдарға, төсемдерге, сыналарға креозот сiңiруге, сондай-ақ битум қыздыруға жол берiлмейдi.



  1. Машина залдарының үй-жайларында, эскалаторлар мен бөлшектеу камераларында қосалқы бөлшектердi, майлау және өзге де материалдарды жинауға болмайды.

  2. Тоннельдерде кәбіл желiлерiн бояуды тек түнгi уақытта қызметтер басшыларының рұқсатымен және мемлекеттiк өрт бақылау органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асыруға болады.

  3. Электр пойыздарының вагондары жарамды «жолаушы – машинист» байланысы құрылғысымен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.

  4. Машинистердiң кабиналарына орнатылатын электр пештерi мықтап бекiтiлуi және дербес қорғағышпен қамтамасыз етiлуi тиiс. Пештерде және олардың қасында әртүрлi жанғыш материалдарды орналастыруға болмайды.

  5. Сауда дүңгiршектерiн станцияның жер үстi вестибюльдерi мен жол асты өткелдерiне ғана орнатуға болады. Дүңгiршектер жанбайтын материалдардан жасалуы қажет. Сауда дүңгiршектерi жолаушылардың жүрiс-тұрысына кедергi келтiрмейтiндей етiп орналастырылады.

  6. Дүңгiршектерге жылу беру үшiн май электр радиаторлары немесе жылытқыш электр панельдерi қолданылады.

  7. Дүңгiршектер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен және тәулiк бойы жұмыс iстейтiн кезекшiсi бар үй-жайға белгi беретiн автоматты өрт дабылымен қамтамасыз етiледi.

  8. Мыналарға:

1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдарды және өзге де от қауiптi материалдарды сатуға және пайдалануға;

2) станциялардың үй-жайларында тауарды, орау материалдарын, сауда құрал-саймандарын сақтауға жол берiлмейдi.



Темiржол көлiгiн ұстау тәртiбi


  1. Қол жүктерiн сақтау камералары мен жүк бөлiмдерiндегi стеллаждар тек қана жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдер орнатуға жол берiлмейдi.

  2. Паровоз деполары мен локомотив (паровоз) қорларының базаларында:

1) отын бөлiмi жұмыс iстеп тұрған паровоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сорғы зонттарының шегiнен тыс жерде от алдыруға;

2) депо тұрағында және арнайы белгiленбеген орындарда пештiң оттығы мен күлiн тазалауға;

3) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары, қауiптi және басқа да жанғыш жүктерi бар жылжымалы құрамды белгiленген паровоз оттығын тазалау орнынан 50 метрден кем қашықтықта орналастыруға;

4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды, сондай-ақ көрсетiлген сұйықтықтардан босаған ыдыстарды алдын ала булап алмай, депо тұрағында қоюға;

5) отын мен майды шелектерге, қаңылтыр табаларға және қосалқы сыйымдылықтарға тiкелей бокстарда (тұрақтарда) құюға;

6) технологиялық процестермен белгiленбеген орындарда тепловоздарға отын мен жанармай құюға;

7) отын бактарының ауыздарын ашық қалдыруға болмайды.


  1. Шлак жинайтын орларды жанғыш материалдарды сақтау қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзiмдiлiгi IV, IVa және V дәрежелi ғимараттардан кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыру керек. Пеш оттықтарын тазалау орындарындағы шлак пен от қалдықтары сумен өшiрiлiп, үнемi алынып тасталуы қажет.

  2. Локомотивтер (паровоздар) қорының базалары негiзгi жолдардан қашық орналастырылып, берiк қоршаумен және сыртқы жарықпен қамтамасыз етiледi.

  3. Жуу-булау станцияларына (бекеттерiне) бөлiнген алаңдар станциялардың үлгілік технологиялық процесінің талаптарына жауап беруi және темiржол жолдарынан, жақын орналасқан станциялық және тракциялық жолдардан кемiнде 30 метр, көршiлес темiржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасады.

Цистерналарды өңдеу жұмыстары жүргiзiлетiн аумақтардың алаңдарында топыраққа мұнай өнiмдерiнiң өтуiне жол бермейтiн қатты жабыны болады.

  1. Цистерналарды өңдеу орнына жеткiзу тек ұшқын сөндіргішпен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) атқарылады. Цистерналарды беру кезiнде кемiнде төрт білікті екi вагоннан қоршау қойылады. Тепловоздардың жуу орнына 20 метр жақын келуiне болмайды, ол әрi қарай жүруге тыйым салатын сигналмен белгiленедi.

  2. Жуу-булау станцияларына (пункттерінде) өңдеуге берiлетiн цистерналардың құю аспаптары, қалпақтар мен тиеуiш люктерiнiң қақпақтары жабық болады. Өңдеуден өткен цистерналар жарамды тиек арматураларымен жабдықталады.

  3. Цистерналардың құю аспаптарының клапандары толтыру жұмыстары жүргiзiлетiн жолдар мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын ұстап қалатын астаушалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.

Тұндырғыштар мен құбыр желiлерiнiң люктерi мен бұрандалары үнемi қақпақтармен жабылады.

Клапандарға май құйғанда тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқын шығармайтын аспаптар қолданылады.



  1. Темiржолдарды, эстакадаларды, құбырларды, резервуарларды, жанғыш газдары, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды ағызғанда және толтырғанда статикалық электрдi бұру үшiн сенiмдi жерге тұйықтағышпен қамтамасыз етiледi.

  2. Металл тасымал және жылжымалы сатылар мыс iлмекпен және жiктерiнiң астынан резеңке жастықшалармен жабдықталады.

  3. Қазандықтар мен цистерналардың iшiн аккумуляторлық фонарьлармен ғана жарықтандыруға болады. Фонарьды цистерналардан тыс iске қосу және ажырату қажет.

  4. Эстакадалар мен алаңдарды мұнай өнiмдерi қалдықтарынан тазартылады және ауысымында кемiнде бiр рет ыстық сумен жуылады.

  5. Жуу-булау станцияларының аумақтарында:

1) жарылыстан қорғалмаған фонарьларды, шамдар мен шырақтарды қолдануға;

2) қара металдан немесе соғылған кезде ұшқын шығаратын басқа материалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;

3) темiржолдардың, ғимараттардың және құрылыстардың үстiнен әуе электр өткiзгiшiн өткiзуге;

4) цистерна қазандығы iшiнде жұмыс iстеген кезде болат пластинамен немесе шегемен шегеленген аяқ киiмдi пайдалануға;

5) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қалдықтарын сумен және конденсатпен бiрге жалпы кәріз желiсiне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;

6) адамдардың цистернаға түсуi үшiн ауыспалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен шегеленген ағаш сатыларды қолдануға;

7) тексерiлген цистерна iшiнде және оның сыртында сүрту материалдарын қалдыруға;

8) локомотивтердiң тазалау депосы мен эстакада астына кiруiне жол берiлмейдi.



  1. Темiржолдарды бөлу жолақтары қу шыбықтардан, ағаш шабындылары мен бұталардан, ескi бөренелерден және өзге де жанғыш қоқыстардан таза ұсталады. Көрсетiлген материалдар бөлу жолағынан дер кезiнде шығарылады.

  2. Жолдарда төгiлген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құммен, топырақпен жабылып, бөлу жолағынан тыс шығарылады.

  3. Бөгендерде, станцияларда және буын жинақтау базаларында ағаштар мен қырлы бөренелердi уақытша сақтағанда қатарланып жиналады.

Қатарлар тұрған алаң мен аумақ кемiнде 3 қашықтықта құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазартылып, айдалады немесе жыртылады.

  1. Шпалдар мен қырлы бөренелер жолға параллель, құрылыстар мен құрылымдардан кемiнде 30 метр қашықтықта, пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан – 10 метр; өзге жолдардан – 6 метр және электр беру және байланыс желiлерi білігінен тiрек биіктігінің кемiнде бiр жарым биiктiгiнен төселуi мүмкiн. Шпал қатарлары арасындағы бөлiктер 1 метрден кем, ал қатарлардың әрбiр жұбы арасында кемiнде 20 метр етіп орындалады.

  2. Шөптi, сабан мен ағашты көпiрлерден, жол құрылыстарынан және пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желiлерi сымдары астынан кемiнде 50 метр қашықтықта жинауға болмайды.

  3. Бөлу жолағында алау жағуға және шырпыларға, кесiлген материалдарды өртеуге, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға болмайды.

  4. Орман алқаптарында көпiрлер бөлу жолағының iшкi периметрi бойынша енi кемiнде 4 метр минералды жолақпен айналдыра жиектеледi.

  5. Көпiр астындағы жер учаскелерi 50 метр радиуста құрғақ шөптен, бұтадан, шыбықтан, жанғыш қоқыстан тазартылады.

  6. Темiржол үстiнен орналасқан ағаш өтпе жолдар төменгi жағынан енi кемiнде 4 метр екi жағынан 0,3 метр төмен түсiрiлген ернеуi бар болат қаңылтырмен қапталады.

  7. Өзендер қатқанда барлық ағаш төсенiшi бар ағаш және металл көпiрлерде өрт сөндiру мақсатында қатпайтын ойықтар мен оларға өту жолдары орнатылады. Ойық жасалған жер көрсеткiшпен белгiленедi.

  8. Барлық көпiрлер мен өтпе жолдарда:

1) олардың астынан немесе олардың жанында материал қоймаларын, кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшiн тұрақтар орнатуға;

2) керосин фонарьлары мен бензомоторлы агрегаттардың бактарын толтыруға;

3) аралық құрылыстар мен басқа да құрылымдарды мұнай өнiмдерiн тазартпай ұстауға;

4) көпiрлердiң астында құрғақ шөптi жағуға, сондай-ақ бұта мен басқа да жанғыш материалды өртеуге болмайды.



  1. Жол машиналары станциялары вагондарының тұруына арналған темiржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды алып шығуды және бөлiп жайғастыруды қамтамасыз ететiн көрсеткiштермен жабдықталады.

  2. Өндiрiстiк шеберханалар, мектептер, балалар мекемелерi орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемiнде 10 метр өртке қарсы бөлiктерi бар жеке топ болып қойылады.

  3. Жол машинасы станциялары орналасқан орындарында жасанды және табиғи сумен жабдықтау көздерi болмаған жағдайда, вагондардың әр тобына (15-20 бiрлiкке) 50 м3 есебiмен темiржол цистерналарында немесе өзге сыйымдылықтарда өрт сөндiру қажеттiлiгi үшiн су қоры құрылады.

  4. Әрбiр жылжымалы құрам өртке қарсы қызметтi шақыру үшiн жақын орналасқан темiржол станцияларымен телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Жол машиналары станцияларының вагондары тұратын пункттерде өрт туралы хабарлау сигналы орнатылады.



Жарылу, өрт қаупі бар және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды тасымалдау тәртiбi


  1. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде төзiмдi, жарамды ыдыс пен жүктiң ағуы мен шашылуын толықтай болдырмайтын, жүктiң сақталуын және тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орам ғана пайдаланылады. Бұл ретте iшiндегiсiне қатысты инерттi материалдардан жасалған ыдыс пен орам пайдаланылады.

  2. Жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын автоцистерналар сенімді жерге тұйықтағышпен, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес өрт сөндіргіштермен, киізбен, салмағы кемінде 25 кг құмы бар ыдыспен жабдықталады және жүктің қауіптілік дәрежесіне сәйкес таңбаланады, ал пайдаланылған газ жүретін құбырлар жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.

  3. Тез тұтанатын, улы, зәрлi, тотықтыру буын немесе газдарын бөлетiн жарылыс, өрт қауiптi жүктер кепкен кезде жарылғыш болады, ауамен және ылғалмен қауiптi өзара әрекеттесуі мүмкiн, тотықтырғыш қасиеттерi бар жүктер герметикалық түрде буып-түйiледi.

  4. Шыны ыдыстағы қауiптi жүктер бос кеңiстiктi тиiстi жанбайтын төсем және сiңiру материалдарымен толтыра отырып, мықты жәшiктерге немесе торларға (ағаш, пластмасса, металл) буып-түйiледi.

Қабырғалары мен торларының биіктігі тығындалған бөтелкелер мен банкалардан 0,05 метрден төмен жәшіктерді пайдалануға жол берілмейді. Ұсақ жөнелтiлiмдермен тасымалдау кезiнде шыны ыдыстағы қауiптi жүктер қақпақтары бар тығыз ағаш жәшiктерге салынады.

  1. Металл немесе пластмасса банкалардағы, бидондар мен канистралардағы қауiптi жүктер ағаш жәшiктерде немесе торларда қосымша оралады.

  2. Бiр вагонға немесе контейнерге әртүрлi топтағы қауiптi жүктердi, сондай-ақ бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмеген, бiр топқа жататын кейбiр қауiптi жүктердi тиеуге болмайды.

  3. Вагондарға қышқылдары бар ыдысты тиеу кезiнде оны тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдысқа қарама-қарсы жаққа қояды. Вагондағы барлық ыдыс бiр-бiрiне тығыз орналастырылып, мықтап бекiтiледi.

  4. Улы газдары бар (2.2-шағын сынып) және тез тұтанатын (жанғыш) улы газдары бар (2.4-шағын сынып) баллондарды, сондай-ақ осы газдардан босаған баллондарды заттармен және материалдармен бiрге сақтау жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес вагонмен жөнелтiледі немесе контейнерлерде ғана тасымалданады.

  5. Жанғыш және улы газдары бар баллондар сақтандыру клапандарымен бiр жағына қарай көлденең жатқызылып тасымалданады.

Барлық баллондарда қорғағыш сақиналары болғанда және баллондардың жылжу мен құлау мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп тығыз тиелген кезде ғана газдары бар баллондарды тiгiнен тиеуге болады. Есiк ойықтары жүктiң есiкке қарай құлауын болдырмау мақсатында қалыңдығы кемiнде 40 миллиметр тақтайлармен қоршалады.

Ерекшелiк ретiнде тасымалдау кезiнде қорғағыш сақиналары жоқ баллондарды тиеуге болады. Мұндай жағдайда баллондардың әрбiр қатарының арасында баллондарға арналған ұяшықтары бар тақтайлардан жасалған төсемдер орнатылады.

Баллондар (ыдыстар) арасындағы төсемдер ретiнде шөп, сабан немесе өзге де тез тұтанатын материалдарды пайдалануға болмайды.

Тез тұтанатын және басқа да жанғыш сұйықтықтар тасымалдауға стандартты герметикалық және пломбаланған бөшкелерде қойылады.

Нитрат изопропилi мен саминдi тасымалдауға арналған вагондармен тиелген және босатылған күйiнде де жүк жөнелтушi (жүк қабылдаушы) мамандарының бригадасы iлесiп жүредi.


  1. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш газдарды беру орталықтан тасымалдау тәсiлiмен көзделеді.

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жұмыс орындарына беру үшiн ашық ыдысты қолдануға болмайды.

  1. Ғимараттар мен құрылыстарда жанғыш газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың құбырларын төсеу кезiнде:

1) құрылыс конструкциялары арқылы құбырлар өтетiн жерлердегі ойықтар (саңылауларды, тығыз емес жерлердi) ғимарат құрылымының тұтас қалыңдығы бойымен жанбайтын материалдармен герметикалық жабылады;

2) арналар мен орлардың (ашық және жабық) бiр үй-жайдан келесiсіне өтетiн жерлерінде жанбайтын материалдардан жасалған жарамды газ өткiзбейтiн бөгеттер пайдаланылады.



  1. Жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшiн тығыздамасы жоқ сорғылар мен кеспелтек тығыздағыштары бар сорғыларды қолдану қажет.

Жартылай қимамен жұмыс iстейтiн құбырларда гидравликалық ысырмалар орнатылады.

  1. Сыйымдылығы 10 литр және одан астам тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар шыны ыдыс тоқылған себеттерге немесе ағаш торлы жәшiкке, ал сыйымдылығы 10 литр дейiнгi шыны ыдыс төсем материалдары бар тығыз ағаш жәшiктерге салынады, олар соққыны жеңiлдетуге арналған ыдыс сынған кезде ағатын сұйықтықты сiңiруге қабiлетті болады.

  2. Транспортерлердi, норийлердi, өздiгiнен ағатын және пневматикалық құбырларды тозаң бөлу орындарын жарамды және герметикалық жабындармен жапқанда ғана пайдалануға болады. Желдеткiш жабындардан тозаңды тұрақты және тиiмдi сору қамтамасыз етiледi.

  3. Пневмотасымалдау және өздiгiнен ағатын құрылғыларды (өнiм құбырлар арқылы өткенде) пайдалану кезiнде құбырларда тозаңның жиналуына жол берiлмейдi. Құбырларды тазалау белгiленген кестеге сәйкес өткiзiледi.

  4. Транспортерлер мен пневмотасымалдау құрылғыларын олардың жай-күйiн бос жүрiсте, оларда бөгде заттардың жоқтығын, мойынтiректерде майлаудың болуын, барлық қорғау құрылғысының жарамдылығын мұқият тексергеннен кейiн ғана iске қосуға болады.

  5. Тиiстi пневмотасымалдау желiсiне өнiм түсетiн ауа үрлеу машиналарының электр қозғалтқыштарымен техникалық жабдықтың электр қозғалтқыштарының автобұғаттағышы жарамды күйде ұсталады және жабдық әр iске қосқан сайын тексерiледi.

  6. Жабдыққа тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрiздес) өнiмдерді үюді және тiрелуiн болдырмау үшiн транспортерлердi авариялық тоқтату үшiн автобұғаттағыш көзделеді.

  7. Ақаулы бұрама транспортерлер мен норийлердi (бұрама мен науа қабырғасы арасында саңылаудың болмауы, таспалардың үйкелуi және шөмiштердiң науа қабырғасына тиюi) пайдалануға болмайды.

  8. Транспортерлердiң роликтерi мен тарту барабандары еркiн айналуы қажет. Таспалардың бiр орында тұрып қалуына, сондай-ақ жетек барабандарын битуммен, шайырмен және өзге де жанғыш материалдармен майлауға болмайды.

  9. Норийлерде, өздiгiнен ағатын және пневматикалық құбырларда және өзге де транспортерлерде тұтану болғанда цехтың технологиялық жабдығының жұмысын тоқтату және аспирациялық және желдету жүйелерiн ажырату үшiн әр қабатта саты торының жанында арнайы түймелер орнатылады.

  10. Автоматты от бөгегiш құрылғылары ажыратылған немесе ақаулы аспирациялық желiлер мен ұсақ материалдарды тасымалдау желiлерiн пайдалануға болмайды.

  11. Транспортерлердi, конвейерлердi өткiзу үшiн өртке қарсы қалқалардағы ойықтар от бөгегiш құрылғылармен (есiктермен, қақпалармен, су шымылдықтарымен, шашу құрылғыларымен) жабдықталады.

  12. Жарылыс, өрт қауiптi заттарды тасымалдағанда көлiк құралында, сондай-ақ осы заттар бар әрбiр жүк орнында қауiпсiздiк белгiлерi iлiнедi.

  13. Жарылыс, өрт қауiптi заттардың iрi партияларын елдi мекен аумағында автокөлiкпен тасымалдау қауiпсiздiк талаптарына сәйкес және тек тәулiктiң түнгi уақытында ғана жүргiзiледi.

  14. Жарылыс, өрт қауiптi заттарды тасымалдау кезiнде:

1) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдары бар цистерналарды тәулiктiң күндiзгi уақытында елдi мекенмен тасымалдауға;

2) соқтығысуға, қатты тежеуге жол беруге;

3) сақтандыру табандықтары жоқ жанғыш газдары бар баллондарды тасымалдауға;

4) көлiк құралын қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.



  1. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тиеу және түсiру орындары:

1) өрт шығуға қатысты қауiпсiз жұмыс iстеу жағдайларын қамтамасыз ететiн арнайы бұйымдармен (тiреуiштер, тағандар, қалқандар, траптар, зембiлдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшiн арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембiлдер көзделеді. Шыны ыдысты екі жұмыскердің тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін сабы бар жарамды себеттермен тасуға жол беріледі;

2) өрт сөндiру және авариялық жағдайларды жою құралдарымен;

3) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес аймақтың класына сәйкес келетiн жарамды тұрақты немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады.


  1. Жарылыс-өрт қауiптi және өрт қауiптi жүктермен тиеу-түсiру жұмыстарын iстеу орындарында ашық отты пайдалануға болмайды.

  2. Пайдаланылатын тиеу-түсiру тетiктерi жарамды күйде ұсталады.

  3. Тиеудi немесе түсiрудi күтiп тұрған жүргiзушiлер мен машинистерге, сондай-ақ тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде көлiк құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.

  4. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тиеуге берiлетiн көлiк құралдары (вагондар, шанақтар, тiркемелер, контейнерлер) жарамды ұсталады және бөгде заттардан тазартылады.

  5. Ыдыстың (орамның) зақымданғанын, шашылған немесе төгiлген заттарды байқаған кезде зақымданған ыдыс (орам) дереу шығарылып, еден тазартылып, шашылған немесе төгiлген жарылыс-өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар жиналады.

  6. Жарылыс, өрт қауiптi заттармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмысшылар орамдардағы таңбалау белгiлерi мен ескерту жазуларының талаптарын сақтайды.

  7. Автомобильдердiң қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрғанда, сондай-ақ егер заттар мен материалдар сумен өзара әрекеттескенде өздiгiнен тұтануға бейiм болса, жаңбыр жауғанда жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттармен және материалдармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

  8. Вагондарда, контейнерлер мен автомобильдердiң шанақтарында жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi жүктер қозғалыс кезiнде олардың орнынан жылжуын болдырмау мақсатында сенiмдi бекiтiледi.

  9. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды толтырумен және ағызумен байланысты технологиялық операцияларды жүргiзу кезiнде:

1) люктер мен қақпақтар ақырын, жұлқымай және соқпай, ұшқынға қауiпсiз аспаптарды қолдана отырып ашылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары төгiлген ыдыстармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге болмайды;

2) арматура, шлангiлер, алмалы-салмалы қосқыштар, статикалық электрден қорғау техникалық жарамды күйде ұсталады.



  1. Резервуарларға, цистерналарға, ыдыстарға сұйықтық толтырмас бұрын өлшеу құрылғысының жарамдылығы тексерiледi.

  2. Резервуардағы сұйықтық деңгейiн өлшеу және сынама алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi. Тәулiктiң түнгi уақытында жұмыс iстейтiндер жарылысқа қауiпсiз күйдегi аккумулятор фонарьларын ғана пайдаланады.

Найзағай кезiнде, сондай-ақ өнiмдi толтыру немесе ағызып шығару кезiнде деңгейдi қолмен өлшеуге немесе сынама алуға болмайды.

Сынама алу құралдары ұшқын бермейтiн материалдан дайындалады және жерге қосылады.



  1. Ыдыстарды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен толтыру және босату жарамды қосқыштары бар құбырлар мен шлангiлер арқылы және тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып-жабылуын, шлангiлер мен құбырлардың тығыз қосылуын тексергеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. Тиек арматурасы ашылады.

  2. Резервуарларға, сыйымдылықтарға өнiмдi «құлама ағыспен» беруге болмайды. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы резервуарға орнатылған тыныс алу және сақтандыру клапандарының (немесе желдеткiш келте құбырлардың) жиынтық өткiзу қабiлеттiлiгiнен аспайды.

  3. Жарылыс, өрт қауiптi немесе өрт қауiптi жүктердi түсiрудi аяқтағаннан кейiн вагонды, контейнердi немесе автомобиль шанағы тексеріліп, заттардың қалдықтары мен қоқыс мұқият жиналады.

  4. Осы тармақтың талаптары мынадай сұйытылған көмiрсутек газдары мен олардың қоспаларын: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан, н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутан-дивиниль фракциясын, изабутан, изабутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изабутилен фракциясын, пайдаланылған бутан-изабутилен фракциясын, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газды бензин, бутан-бутилен фракциясын, пропан-пропилен фракциясын, жеңiл көмiрсутектердiң кең фракциясын, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тасымалдауға рұқсат етiлген басқа да ұқсас өнiмдi тасымалдауға арналған арнайы темiржол вагон-цистерналарын пайдалану және қызмет көрсету кезiнде орындалады.

  5. Станциядағы сұйытылған көмiрсутектi газы бар цистернамен байланысты өрт қауiптi жағдай туындаған кезде осы цистернаны пойыздан (құрамнан) ағыту және оны қауiпсiз орынға шығару шаралары қолданылады.

  6. Цистерна қазандығын, оның элементтерiн жөндеуге, сондай-ақ оны iшiнен тексеруге қазандық көлемiн газсыздандырғаннан және жұмыс басшысы тиiстi рұқсатты ресiмдегеннен кейiн ғана рұқсат берiледi.

  7. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

1) қазандықты тиелген күйiнде, сондай-ақ оның көлемiн газсыздандырғанға дейiн бос күйiнде жөндеуге;

2) қазандықты соққылауға;

3) ұшқын беретiн аспаптарды пайдалануға және цистернаның жанында ашық отпен (алау, тұтқалы таба, керосин фонары) болуға;

4) цистернаның астынан дәнекерлеу және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге болмайды.

Отты, дәнекерлеудi және соққыны қолдана отырып, арбаларды түзету жұмыстарын жүргiзу қажет болған жағдайда арбалар цистернаның астынан домалатып шығарылады және одан кемiнде 100 метр қашықтықта әкетіледi.


  1. Цистерна қазандығының iшiнде жұмыс iстеу кезiнде (iшкi тексерiс, жөндеу, тазалау) кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарамды жарылысқа қауiпсiз жасалған шырақтар қолданылады. Шырақты қосу және ажырату цистерна қазандығынан тыс жүргiзiледi.

  2. Цистерна қазандығының iшiнде жұмыс iстеген кезде қазандық көлемiнде қауiптi көмiрсутек қосылыстарының бар-жоғына және оттегi құрамына ауа ортасын талдау жүргiзiледi.

Оттегi құрамы шамамен 19-20 % (көлемiнде) болуы қажет. Қазандық көлемiндегi жанғыш заттардың шоғырлануы сұйытылған көмiрсутектi газдар жалыны таралуының ең төменгi шоғырлану шегiнiң мәнiнен 20 %-ынан аспауы қажет.

  1. Жұмыс iстемеген жағдайда цистерна вентильдерi жабық болады және өшiрiледi. Қажет болған жағдайда толтырылған цистерна вентильдерiнiң тығыздама толтырғышын ауыстыру клапан толықтай жабылғанда және бұқтырмалары алынғанда орындалады.

  2. Сұйытылған көмiрсутек газдарымен вагон-цистерналары бар жылжымалы құрамда өрт қауiптi жағдай немесе өрт туындаған кезде темiржол станцияларында, аралықтарда, төгу-құю эстакадаларында, өнеркәсiптiк кәсiпорын жолдарында, маневрлiк жұмыстарды өткiзу кезiнде басшылар, диспетчерлер, машинистер және темiржол көлiгiнiң өзге де жұмысшылары өрт қауiптi жағдайларды шектеу және жою жоспарына сәйкес iс-әрекет жасайды.

Жоспарлар 5 жылда кемiнде бiр рет қайта қаралуы тиiс. Технологияда, аппаратуралық ресiмдеуде, метрологиялық қамтамасыз етуде өзгерiстер болғанда, тасымалдауды ұйымдастыруда өзгерiстер болғанда, орын алған өрт қауiптi жағдайлар мен тасымалдау кезiндегi өрттер туралы деректер болғанда жоспарлар 15 күндiк мерзiмде нақтыланады. Жоспарларға өзгерiстер мен нақтылаулар жоспарлардың өздерi сияқты тәртiппен бекiтiледi және келiсiледi.

  1. Жоспар мынадай негiзгi ережелердi:

1) өрт туралы аумақтық өртке қарсы қызмет бөлiмшесiнiң орталық өрт байланысы пунктіне, желiлiк iшкi iстер органына және темiржол учаскесiнiң диспетчерiне хабарлау тәртiбiн;

2) өрт қауiптi жағдай немесе өрт шығу орнына өрт сөндiру және қалпына келтiру пойыздарын шақыру тәртiбiн;

3) басқару аудандарын анықтау және вагондар мен құрамдарды бөлiп жайғастыру және қауiптi аймақтан шығару, сондай-ақ өрт қауiптi жағдайды немесе өрттi бастапқы сатысында шектеу бойынша мiндеттердi станция жұмыскерлерi арасында бөлу тәртiбiн;

4) барлық қажеттi деректердi көрсете отырып, объектiнiң (темiржол учаскесiнiң) нақты схемасын (жоспарын);

5) темiржол көлiгi мен өрт сөндiру бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн қамтиды.


  1. Станция жұмыскерлерi орындайтын, өрт қауiптi жағдайлар мен өрттердi шектеу және жою жоспарында көзделген бiрiншi кезектегi жұмыстар тiзбесi:

1) өрттi байқаған сәттен бастап 15 минут iшiнде вагондар мен құрамдарды өрт ошағынан (жанып жатқан вагоннан, төгiлген және жанған сұйытылған көмiрсутек газдары орнынан) қауiпсiз қашықтыққа бөлiп жайғастыру;

2) жылжымалы құрамның екi жағынан өрт ошағына көршiлес кемiнде үш жолдарды босатып, құрамды қауiптi аймаққа шығару. Көршiлес жолдарда жылжымалы құрамды қорғау қамтамасыз етiлген кезде жанып жатқан құрамды бiрден шығаруға болады;

3) өрт сөндiру бөлiмшелерi жұмыс iстеп жатқан учаскелерде байланыс желiсiн тоқтан ажыратып, жерге тұйықтау;

4) қауiпсiз аймақты өрт ошағының ық жағынан бірінші және екiнші жолдардың қашықтығында босату, бiрақ келетiн өрт сөндiру және қалпына келтiру пойыздарын қабылдау үшiн төртiншi-бесiншi жолдардан алыс болмауы керек;

5) ең алдымен адамдары мен қауiптi жүктерi бар жылжымалы құрамды созылған жолдар жағына станция паркiнiң негiзгi массивiне, станция ғимараттарына, құрылыстарға, құрылымдар мен станция маңындағы объектiлерге тiкелей қауiп төндiретiн өрттiң ықтимал даму бағытын ескере отырып, эвакуациялауды жалғастыру;

6) келген өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк қанат жаюы және түтік желiлерiн төсеу;

7) жанып жатқан және оған қатар орналасқан цистерналар қабырғаларын салқындатуға, ал қажет болған жағдайда салалық өртке қарсы қызметтiң, ерiктi өртке қарсы құрамалардың және станция жұмыскерлерiнiң күштерiмен алғашқы өрт сөндiру құралдарының және қолда бар өрт-техникалық қару-жарағының көмегiмен өрт сөндiруге кiрiсу, түтік желiсiн жақын орналасқан су көздерiнен төсеу. Көрсетiлген операциялар осы операцияларды орындайтын адамдардың жеке қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлген жағдайда жүргiзiледі;

8) қажет болған жағдайда шаруашылық қажеттiлiктерге су тұтынуды қысқартып, объектiнiң су өткiзу желiсiнде қысымды нормативтiк шамаға дейiн жоғарылату үшiн шара қолдану;



9) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн қарсы алуды қамтамасыз ету және келген аға бастыққа өрт қауiптi жағдайдың немесе өрттiң сипаты туралы баяндау. Егер өрт басталғаннан кейiн 15 минут iшiнде жану ошағын шектеу мүмкiн болмаса, өрт аймағында (цистернадан 100 м дейiнгi қашықтықта) тек өртке қарсы қызмет бөлiмшесiнің ғана болуына жол беріледі.

  1. Аға темiржол бастығы (жол, бөлiмше, станция бастығы немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтiру пойызының бастығы өртке қарсы бөлiмшелер келгенге дейiн өрт қауiптi жағдайды немесе өрттi шектеу және жою жөнiндегi жұмыстардың басшысы болып табылады.

Өртке қарсы бөлiмшелер келгеннен кейiн өрт сөндiруге басшылық ету аға жедел бастық – өрт сөндiру басшысына жүктеледi, жылжымалы құрамды эвакуациялау және бөлiп жайғастыру бойынша станция жұмысшыларының әрекетi жұмыс басшысының нұсқауы бойынша және өрт сөндiру басшысының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

  1. Сұйытылған көмiрсутек газы кеміген кезде сұйытылған көмiрсутек газын ағызу және құю бойынша барлық технологиялық операциялар, сондай-ақ пойыздардың қозғалысы және өрт қауiптi жағдайларды шектеуге және жоюға жатпайтын маневрлiк жұмыстар тоқтатылады. Ықтимал тұтану көздерi (от, ұшқын) жойылады. Сұйытылған көмiрсутек газы төгiлген аймақтан жанғыш заттар жинап алынады. Авария орнына мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, осы ауданның өртке қарсы және газдан құтқару қызметтерінің бөлімшелері шақыртылады, қауіптілік туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарланады. Мамандар болған жағдайда егер қауiп төнбесе, газдың кемуі қалпына келтiріледі немесе цистернаның iшiндегi сақтандыру шараларын сақтай отырып және авариялық жұмыс орнында өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi болған жағдайда, жарамды цистернаға айдап қотарылады. Сұйытылған көмiрсутек газы бар вагон-цистерна қауiпсiз орынға әкетіледі. Газдың қарқынды түрде кемуі кезінде ол цистернадан толықтай шығарылады, бұл ретте газ әбден ыдырағанға дейін 200 метр радиуста ықтимал газдану аймағының түзiлуiне тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Тоннельдерге, жертөлелерге, кәріздерге сұйытылған көмiрсутек газының өтуiне жол бермеу шаралары қабылданады.

  2. Авария орнында өртке қарсы қызмет бөлiмшесi болмағанда ағатын сұйытылған көмiрсутек газдары жанған кезде өрттi шектеп, зақымданған цистернадан немесе эстакада коммуникациясынан ағатын өнiмнiң қауiпсiз жануы үшiн жағдай жасалады.

  3. Кейбiр жағдайларда өрт қауiптi жағдайды шектеу және жою жөнiндегi жұмыстың басшысы егер бұл адамдардың қауiпсiздiгiне қауiп төндiрмесе, басқа объектiлердiң бұзылуына және өрттiң стихиялық өршуiне әкелмесе, ағатын сұйытылған көмiрсутек газдарын тұтандыру туралы өкiм беруi мүмкiн. Газды тұтандыру белгi беретiн пистолеттiң, петарданың көмегiмен жабыннан қашықтықтан жүзеге асырылады.

Ағатын сұйытылған көмiрсутек газдарын жағу жұмыстары авария орнына өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қажеттi және есептiк саны келгеннен кейiн жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет