Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер


Алау шаруашылығын пайдалану тәртiбi



бет9/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#2707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Алау шаруашылығын пайдалану тәртiбi


  1. Алау қашықтықтан жағылады.

  2. Барлық қолданыстағы алаулар кезекшi оттықтармен қамтамасыз етiледi.

  3. Алаудың айналасындағы аумақ кемiнде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгiлерiмен көрсетiледi.

  4. Алау аумағының қоршалу шегiнде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берiлмейдi.

  5. Алау құбырына кiргiзер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қол жететiн от бөгеушiлер орнатылады.

  6. Магистральдық алау құбыржолында шырақтың оқпанынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор көзделеді. Алау құбыржолының сепаратор жағына қарай еңкiш болуы қамтамасыз етiледi.

  7. Жалпы алау жүйесiне:

1) жабдықты үрлегеннен кейiн құрамында төменгi тұтану шегiнен 50 %-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инертті газды;

2) аппараттар мен құбыржолдардан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инертті газды;



3) шiруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейiм және алау газ құбырының өткiзу қабiлеттiлiгiн шектеуге қабiлеттi өнiмдердi жіберуге жол берiлмейдi.

7. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер


  1. Жарылыс қауiптi газ және бу-ауа концентрацияларын түзуге қабiлеттi заттар мен материалдар қолданылатын, өндiрiлетiн немесе сақталатын өндiрiстiк және қойма үй-жайларында ауа ортасының жай-күйiн бақылау үшiн автоматты газ талдағыштар орнатылады. Сериямен шығарылатын газ талдағыштар болмаған жағдайда, ауа ортасын мерзiм сайын зертханалық талдау жүзеге асырылады.

  2. Жабдықтан қалдықтар пневматикалық, механикалық немесе осы операцияның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және өндiрiстiк үй-жайға тозаңның бөлiнуiн болдырмайтын өзге де құрылғылармен шығарылады.

  3. Автономды сорғы желдеткiшi және (немесе) қалдықтардың пневмокөлiгi бар жабдықтың электр схемасында жабдықтың жұмыс органдарын 2-5 секунд iске қосуға қатысты осы жүйелердi iске қосуды автоматты түрде басып озу және 25-30 секунд уақыт шамасында жұмыс органдары тоқтағаннан кейiн оларды автоматты түрде ажырату көзделеді.

  4. Кәсiпорын аумақтары мен өндiрiстiк алаңдар күн сайын жанғыш қоқыс пен қалдықтардан тазартылады. Кәсiпорын аумағында жанғыш қалдықтарды, кесiндiлердi, қырқындыларды, талшықтарды, торларды, тозаңдарды ашық әдiспен сақтауға жол берiлмейдi. Оларды жинау үшiн бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта қақпақтары бар металл жәшiктер орнатылады. Қалдықтар арнайы жабдықталған автомобильдер мен тозаңдануды болдырмайтын ыдыстар пайдаланыла отырып жүйелi түрде шығарылады. Брезент жабылмаған талшықты материалдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.

  5. Жазғы уақытта ғимараттар мен құрылыстарға iргелес алаңдар мен өртке қарсы аралықтар шөптерден мерзiмдi түрде тазартылады. Шабылған шөпті кәсiпорын аумағында кептiруге және маялауға (арнайы бөлiнген орындардан басқа) жол берiлмейдi.

  6. Шикiзатты, жабдықты және өзге материалдарды ғимараттарға тiкелей жақын сақтауға жол берiлмейдi.

  7. Қажет болғанда шикiзатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтауға сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықтарды сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Жанбайтын материалдардан жасалған, ауданы 1200 шаршы метрге дейiнгi бөлек тұрған шатырларды салуға болады.

  8. Аумақтарды көгалдандыру үшiн гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетiн ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға жол берiлмейдi.

  9. Барлық өндiрiстiк үй-жайлар үнемi таза ұсталуы және шикiзатпен, дайын өнiммен және жабдықпен асыра толтырылмауы тиiс. Сақталатын шикiзат пен дайын өнiм мөлшерi өнiмнiң ауысымдық қажеттiлiгiнен (тәулiк бойы өндiрiс процесінде – тәулiктiк) аспауы қажет.

  10. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттардың жертөле үй-жайлары мен цокольдық қабаттарында жарылыс қауiптi заттарды, газ баллондарын, целлулоидты, тез жанғыш кино таспасын, пластмассаларды, лактарды, сырларды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды, химикаттарды, өрт қауiптiлiгi жоғары (Г4, В4, Д4, Т3, Т4) полимерлiк материалдарды, сондай-ақ топырақпен бекітетін цехтар үшін газ станцияларын орнатуға жол берілмейді.

  11. Цех қоймалары үшiн тез тұтанғыш сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды бiр мезгiлде сақтаудың ең жоғарғы шектi саны белгiленедi. Заттарды сақтаудың нормалары көрсетiлген тақтайшалар көрiнетiн жерлерде, қоймалардың жанында iлiнедi.

  12. Өндiрiсте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын (үш ауысымдық жұмыс режимiнде – тәулiктiк) герметикалы жабылған металл ыдыста сақталады.



Технологиялық жабдықты ұстау тәртiбi


  1. Кәсiпорындарда негiзгi цехтарға, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелерi әзiрленедi.

  2. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикiзатты алғаш қайта өңдейтiн цехтарда – ауысымда кемiнде 1 рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткiзгiштерi, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлiк, дренчерлiк, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның iшiнде жабындар аптасына кемiнде бiр рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның iшiнде сығылған ауамен үрлеудi) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсiпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргiзу үшiн жауаптылар тағайындалады.

  3. Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.

  4. Технологиялық жабдықтың барлық жiктерi мен қосқыштары сенiмдi тығыздалады, бұл ретте өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы ауа өткiзгiштердiң жiктерi мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.

  5. Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгiштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.

  6. Жабдық сүзгiштерiнiң жанатын материалы мерзiм сайын, бiрақ жылына бiр реттен сиретпей оттан қорғау құрамымен өңделедi.

  7. Зығыр түткiш, иiру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтарының жұмыс iстейтiн үй-жайларында тозаңның шектi мөлшерден артық шоғырлануына жол берiлмейдi.

  8. Рециркуляциялау кезiнде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиiстi сүзгiштерде екi сатылы тазартылады.



Ұшпалы ерiткiштердiң өрт-жарылыс қауiптi буларының адсорбциялау және рекуперациялау цехтарын ұстау тәртiбi


  1. Цехтардағы ұшпалы ерiткiштердi пайдаланумен байланысты орындар буды аулағыштарға бере отырып, оны жергiлiктi сору жүйелерiмен жабдықталады.

  2. Рекуперациялау қондырғысы барлық жұмыс орындарынан ұшпалы ерiткiштердiң буын үздiксiз және толықтай соруды қамтамасыз етедi.

  3. Жаңа жұмыс орындарын, учаскелер мен цехтарды егер рекуперациялау станциясының қуаты мүмкiндік бермесе, бу-ауа қоспасы желiлерiне қосуға жол берiлмейдi.

  4. Адсорберлерге түсетiн бу, ауа қоспасының қосылымы жүйелi түрде бақыланады. Бу, ауа қоспасының шектi параметрлерi технологиялық нұсқаулықтарда көрсетiледi. Бу, ауа желiлерiнiң қоспаның неғұрлым өрт, жарылыс қауiптi заттарының тұтануының төменгi шоғырлану шегiнен
    50 %-ға жоғары ауланатын будың шоғырлануымен жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.

  5. Цехтардан рекуперациялау станциясына бу, ауа қоспасы тасымалданатын желiлер жарамды күйде ұсталады. Құбырлардың iшкi қабатын қатты жанғыш қыртыстармен немесе сұйық конденсатпен ластауға жол берiлмейдi. Бу, ауа қоспасынан қатты қоспаларды аулауға арналған сүзгiштер немесе циклондар жарамды күйде пайдаланылады және бекiтiлген кестеге сәйкес тазартылады. Конденсаттың түзiлуi байқалатын желiлердiң учаскелерiнде жанбайтын материалдан жасалған жарамды жылытқышы және конденсаттың ағып кетуiне арналған ылди болуы қажет.

  6. Бу, ауа қоспаларының желiлерi қолданыстағы сенiмдi от бөгегiштермен қорғалады. От бөгегiштердiң саны, олардың түрi мен от өшiретiн саптамалардың өлшемдерi жобалау деректерiне сәйкес қабылданады. Қондырғыны от бөгегiштерсiз немесе жобаға сәйкес келмейтiн от бөгегiштермен пайдалануға жол берiлмейдi.

  7. Желдеткiштер жұмысының авариялық режимiнiң дыбыс дабылы мен резервтiк агрегаттарды автоматты iске қосу жүйесi жарамды күйде ұсталады және мерзiмдi түрде тексерiледi.

  8. Жарылыс, өрт қауiптi бу, ауа қоспасын атмосфераға лақтыруға арналған авариялық құбыр жарамды күйде ұсталады. Оның жұмысқа дайындығы жүйелi түрде тексерiледi. Авариялық құбыр найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.

  9. Желдеткiштердiң электр қозғалтқыштарының қаптамаларын жарылыстан қорғау деңгейi мен қорғау дәрежесi Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес үй-жайдың жарылыс қауiптi аймағының класына сәйкес орындалады.

  10. Адсорберлердiң өрт сөндiру жүйелерi жарамды күйде ұсталады және аптасына 1 реттен сиретпей бақыланады.



Жанғыш ортада тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмау жөнiндегi шаралар


  1. Талшықты материалдарды, қатты жанғыш заттарды уатылған (майдаланған) түрiнде бастапқы қайта өңдеудi жүзеге асыратын технологиялық желiлер, машиналар мен аппараттар бөгде заттарды аулау (бөлу) үшiн жарамды құралдармен (тас аулағыштар, магниттiк қорғағыш) қамтамасыз етiледi.

  2. Сыртқы қабатының температурасы 450С жоғары құбырлардың қабаттары, жабдық, сыйымдылықтар, өнiм өткiзгiштер материалдардың тұтану немесе газдардың, сұйықтықтар буының немесе тозаңның жарылу қаупi болатын үй-жайлар жанбайтын материалдан жасалған қаптамасы бар жарамды жанбайтын жылу оқшаулағышпен жабдықталады.

  3. Жұмыс iстегенде статикалық электр зарядтары жиналуы мүмкiн технологиялық жабдықты пайдалану жарамды антистатикалық құрылғылармен, ал қажет болған жағдайда бейтараптағыштармен (радио изотопты, жоғары вольтты, индукциялы) жүргiзiледi.

  4. Өнiмдердi ұсақтау, сiлку, қопсыту, түту, тозаңдату, шашырату жүргiзiлетiн аппараттарда, сыйымдылықтарда, агрегаттарда, бөлек тұрған машиналарда, аппараттарда, басқа жабдықпен материал өткiзгiштермен немесе металл құрылымдарымен қосылмаған агрегаттар жарамды жерге тұйықтағышпен қамтамсыз етiледi.

  5. Құбырлардағы, аппараттардағы, корпустармен қақпақтарды қосқыштардағы және болттармен қосқыштардағы фланецтi қосқыштарда электрлiк емес өткiзгiш сырларымен сырланған немесе диэлектриктерден жасалған шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.

  6. Өндiрiстiк және қойма үй-жайлары iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты қолдануға жол берiлмейдi.

  7. Бiлiктер мен мойынтiректердiң қызып кетуінің және ауытқуының алдын алу үшiн олар мерзiм сайын, ауысымына бiр реттен сиретпей тексерiледi.

  8. Жабдық шегiндегi электр желiлерi агрессивтi ортадан қорғалады. Металл түтіктер жабдықтың жылжымайтын бөлшектерiне бiр-бiрiнен
    400 миллиметрден аспайтын қашықтықта орналасқан арнайы қысқыштармен бекiтiледi.

  9. Мыс сымдары бар, бiрнеше рет иiлуге және үйкелуге төзiмдi арнайы иiлгiш кәбілдер немесе электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және жабдықтың қозғалатын бөлшектерiнде орнатылған аспаптарды қоректендiруге арналған жылжымалы ток ажыратқыштар жарамды күйде ұсталады.

  10. Станоктар, агрегаттар мен машиналар жұмыс iстеген кезде:

1) барлық қозғалмалы бөлшектердiң еркiн айналуы;

2) шикiзатты аэродинамикалық тазалау кезiнде аспирациялық арналарда ауа режимiн реттеуi және үй-жайға тозаң бөлудi болдырмауы;

3) дайындаушы зауыттың паспорттық деректерiне сәйкес айналатын бөлшектер массаларының бiркелкiлiгi қамтамасыз етiледi.


  1. Желдеткiш пен пневмокөлiктiң объектiлiк және цех қондырғыларының (жүйелерiнiң) жұмыс режимi жұмыс нұсқаулықтарында айқындалады, онда өрт қауiпсiздiгi шаралары (өндiрiс жағдайларына қатысты), ауа өткiзгiштердi, сүзгiштердi, от бөгегiш клапандар мен өзге де жабдықты тазалау мерзiмдерi, сондай-ақ өрт немесе авария шыққан жағдайда қызмет көрсетушi персоналдың iс-әрекет жасау тәртiбi көзделеді.

  2. Желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын жоспарлы алдын ала жөндеу күн сайын бақылауды, мойынтiректерiн дер кезiнде майлауды, тегершiктердiң жай-күйiн және жетек белбеулерiнiң керiлуiн тексерудi, желдеткiш бiлiгi люфтiнiң қалпына келтiрiлуiн, өткiзгiштердiң электр қозғалтқыштарына қосылатын жерлерiнде байланыстардың сенiмдiлiгiн, электрден қорғаудың жай-күйiн күн сайын тексеруге жатады. Барлық қондырғыларды әр жөндеуден кейiн кәсiпорын басшылығы бөлген жауапты адам көрсеткiштердi олардың сәйкестiгiне өлшей және паспорттарда белгiлей отырып жүргiзедi.

  3. Пневматикалық көлiк пен сорғы ауа өткiзгiштердiң құбырларында мерзiм сайын қарау (тексеру), жүйелердi тазарту және өрт шыққан жағдайда оны ойдағыдай сөндiру үшiн терезелер, люктер, ажыратылатын қосқыштар қарастырылуы қажет. Байқау терезелерi бiр-бiрiнен 10 метрден аспайтын қашықтықта, сондай-ақ үш көздi тетiктердiң жанында, бұрылыстарда, қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар өтетiн жерде орналастырылады.

  4. Желдеткiштiң дөңгелегi теңгерiмделеді және дөңгелектiң қаптың қабырғасына соғылу мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп реттеледi.

  5. Машинадан ұлпаны және тозаңды шығару бойынша желдеткiш қондырғының қалыпсыз жұмысы байқалған жағдайда (ауа тартудың тоқтауы, желдеткiштiң тарсылдауы, ұшқынның пайда болуы, түтiннiң немесе иiстiң болуы) желдеткiштi тоқтату және оны жөндеу үшiн шаралар қабылданады.

  6. Пневмокөлiктiң аспирациялық құрылғылары мен жүйелерiнiң iшкi қабаттары тегiс, шығыңқы және тiстi бөлiксiз етiп орындалады.

  7. Желдеткiш, аспирациялық және пневмокөлiк қондырғыларына (жүйелерiне) қызмет көрсету және оларды пайдалану кезiнде:

1) пневматикалық және аспирациялық жүйелердiң ауа өткiзгiштерiнде, тозаңды жертөлелерде, камералар мен сүзгiштерде бекiтiлген кесте бойынша оларды жүйелi түрде тазалай отырып, тозаң мен ұлпаның жинауына жол берiлмейдi. Қарау және тазалау нәтижелерi арнайы журналда жазылады;

2) шатырлар мен сорғы құбырлардың iшкi қабатындағы жанғыш қыртыстар жылына кемiнде 2 рет тазартылады;

3) тозаң сору және тозаң аулау қондырғылары ақаулы болған жағдайда технологиялық жабдықтың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi;

4) тозаң камераларында (тозаңды жертөлелерде) бөгде адамдардың болуына жол берiлмейдi;

5) жану немесе өрт шыққан жағдайда осы желдеткiш жүйелерiнiң қызмет көрсету аймағындағы барлық желдеткiш құрылғылары мен технологиялық жабдық дереу тоқтатылып, ауа өткiзгiштердегi барлық клапандар жабылады;

6) жалпы тозаң камерасына немесе жанғыш тозаңды немесе қалдықтарды тасымалдайтын жеке құрылғылардан жертөлеге кiретiн барлық пайдаланылған құбырлар автоматты клапандармен жабдықталуы, сондай-ақ олардың үздiксiз жұмыс iстеуi қадағаланады.



  1. Желдеткiш қондырғылар жанғыш және жарылыс қауiптi заттарды тасымалдайтын өндiрiстiк үй-жайларда барлық металл ауа өткiзгiштер, құбыр өткiзгiштер, сүзгiштер және сорғы қондырғысының өзге де жабдығы кемiнде екi жерден жерге қосылады.

  2. Ауа құрамында тез тұтанатын немесе жарылыс қауiптi заттар (газдар, бу, тозаң) болуы мүмкiн үй-жайлар үшiн желдеткiш жүйелерiнiң өзге де құрылғыларын реттейтiн желдеткiштердiң құрылымы мен материалы ұшқын түзiлу мүмкiндiгiн болдырмайды.

  3. Өртке қарсы қалқалардың қиылысатын жерiнде орнатылған ауа өткiзгiштердiң автоматты от бөгегiш құрылғылары (қалқалағыштар, шиберлер, клапандар) жарамды күйде ұсталады, олардың жұмысқа қабiлетi айына 1 реттен сиретпей тексерiледi.

  4. Желдеткiш жүйесiнде от бөгегiш құрылғыларды пайдалану кезiнде:

1) аптасына бiр реттен сиретпей олардың жалпы техникалық жай-күйiн тексеру:

2) ысырмалардың сезiмтал элементтерiн (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, термо сезiмтал элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан дер кезiнде тазалау;

3) магистралдық жиынтық ауа өткiзгiшке қосылатын жерiнде дайындау бөлiмшесiнiң бiр машинасына немесе машиналар тобына қызмет көрсететiн ауа өткiзгiштер тарамдарында орналасқан өртке қарсы қол ысырмаларының жарамдылығын тұрақты тексеру;

4) аптасына бiр реттен сиретпей өрт, жарылыс қауiптi үй-жайларға қызмет көрсететiн желдеткiш қондырғыларды қашықтықтан қосу немесе ажырату қондырғыларының жарамдылығын тексеру жүргiзiледi.



  1. Тозаңды гравитациялық тұндыру үшiн желдеткiштер мен ауа өткiзу машиналарынан кейiн орналасқан сыйымдылықтарды (аспирациялық шахталарды, тозаң тұндыру камералары) пайдалануға жол берiлмейдi.

  2. Пневмокөлiк қондырғыларына орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 милиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралады. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында ендірме орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықты бекiтiледі. Аспирациялық қондырғылардың ауа жолдары мен инженерлік желілердің құбырларының жанасуына жол берілмейді.

  3. Магниттiк қорғау:

1) желдеткiштерге, конденсаторларға және өзге де технологиялық жабдыққа талшықты материалдар массасымен қатты заттардың (тастар, шлак) түсуiн болдырмау үшiн олардың алдына тас аулағыштар, ал металл заттарды шығару үшiн магниттiк аулағыштар орнатылады. Аулағыштар тiгiнен (еңкiш) көлденең күйге құбырларды бұру орындарында орнатылады;

2) магниттiк қоспаларды аулауға арналған жабдық (магниттiк бөгеттер) жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылады;

3) магниттiк бөгеттер дайындау бөлiмшесiнiң түту, тарау машиналарының, араластырғыштарының және өзге де жабдығының алдына орнатылады;

4) электр магниттiк сепараторлар жұмыс iстеген кезде бөлшектердiң (магнит өткiзгiштiң, мойынтiректердiң, шикiзатпен жанасатын бөлшектердiң) қызуы бақыланады;

5) электр магниттiк сепараторлардың қырғыш тетiктерi бiркелкi жұмыс iстеуi және қолмен тазалағышсыз магнит қоспаларын толықтай шығару қамтамасыз етiледi;

6) электр магниттiк сепараторлардың жарық сигнализациясының үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етіледі;

7) магниттiк колонкаларда магниттiк қоспалардан тазалауға арналған таға блогын оңай алу қамтамасыз етiледi. Бұл ретте магниттiк қоспалардың шикiзатқа түсуiне жол берiлмейдi;

8) магниттiк колонкаларды металл қоспаларынан тазарту үшiн арнайы щеткалар немесе ағаш қырғыштар қолданылады;

9) магниттiк қоспаларды аулау үшiн жабдыққа қызмет көрсету және тексеру үшiн еркiн өту жолы қамтамасыз етiледi;

10) магниттердiң жай-күйiн бақылау айына кемiнде бiр жүргiзiледi;

11) электр энергиясын беру тоқтаған кезде сепараторлардың электр магниттерiне өнiм беруге жол берiлмейдi;

12) қызмет көрсетушi персонал магниттi өрiстiң тұтас ұзындығы бойымен шикiзаттың электр магниттiк сепараторларына және магниттiк колонкаларына үздiксiз және бiркелкi түсуiн жүйелi түрде тексерiледi.



  1. Шикiзаттың, өндiрiс қалдықтарының, өндiрiстiк тозаңның, дайын өнiмнiң жануы (өздiгiнен тұтануы) байқалғанда дереу объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметіне немесе өртке қарсы ерікті құралымына және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесіне хабарланады. Қызмет көрсетушi персоналды эвакуациялау шаралары қабылданады, барлық жабдық тоқтатылады және токтан ажыратылады, кәсiпорын басшысына хабарланады.

  2. Қауiптi авария алдындағы факторлар (жанған шикiзаттың, күйiктiң, түтiннiң иiсi, машиналардың айналатын бөлшектерiнiң авариялық үйкелiсi, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнiмнiң үйiлуi кезiндегi жоғары температура, шу, дiрiл) пайда болғанда барлық көлiк жабдығы тоқтатылып, мұқият тексерiледi. Оны iске қосу ақаулықтардың себептерiн анықтағаннан және оны жойғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

  3. Технологиялық (көлiк) желiсi автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау iс-әрекетiн жүргiзуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесi, шикiзат беру тетiгi, электр қозғалтқышы жетегiнiң шамадан тыс ток жүктемесiнен қорғау) айқындау, оның iске қосылу себебiн анықтап жою қажет. Технологиялық (көлiк) желiнi кезектi iске қосу алдында ол материалдардан босатылып, ақауы жойылады.

  4. Технологиялық, көлiк немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнiм анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсiпорын басшысына және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бiр мезгiлде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндiрiстiк жабдық және желдеткiш қондырғылары тоқтатылып, желдеткiштiң ауа жолдары жабылып, электр желiсi өшiрiледi.

  5. Жану ошақтарын жойғаннан кейiн барлық ауа өткiзгiштердi, сүзгiш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелердi) және өзге де желдеткiш пневможабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейiн желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын iске қосуға жол берiлмейдi.

  6. Өрттердi өндiрiстiң тозаңды қалдықтар суының бағытталған шағын ағыстарымен сөндiруге жол берiлмейдi.



8. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
Негiзгi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi


  1. Отпен жылытып азық дайындау үшiн вакуумдық-сорғы және жылу генераторларын орналастыруға арналған үй-жайлар, сондай-ақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғимараттарына қоса салынған немесе олардың iшiнде салынған, iрi жемшөптер қорын сақтауға арналған үй-жайлар мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайлардан өртке қарсы қабырғалармен және жабындармен бөлiнедi. Көрсетiлген үй-жайлар тiкелей сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады.

  2. Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларда шеберханалар, қоймалар, автокөлiк, трактор, ауыл шаруашылығы техникасы тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетуге байланысты емес кез келген жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Бұл үй-жайларға газ шығаратын құбырлары ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталмаған тракторлардың, автомобильдер мен ауыл шаруашылығы машиналарының кiруіне жол берiлмейдi.

  3. 20 және одан астам мал басы болған жағдайда, сүт тауары фермаларында (кешендерде) топтық байлау әдiсi қолданылады.

  4. Фермалардың шатырдағы үй-жайларында iрi жемшөптi сақтағанда:

1) төбе жабыны жанбайтын материалдардан жасалады;

2) шатырдағы ағаш жабындарын және жанғыш жылытқыш шатыр үй-жайлары жағынан тұтанудан жанғыш жылытқыш бойын қалыңдығы 3 сантиметр балшық сылағымен (немесе тең оттан қорғаумен) немесе өртенбейтiн жылытқышпен қорғалады;

3) шатыр үй-жайындағы электр желiсi механикалық ақаулықтардан қорғалады;

4) мұржалар периметр бойынша 1 метр қашықтықта қоршалады.



  1. Электр брудерлерiн орнатқанда және пайдаланғанда:

1) жылу қыздырғыш элементтерiнен төсемдер мен жанғыш заттарға дейiнгi қашықтық тігінен кемінде 80 сантиметр, ал көлденеңінен кемінде
25 сантиметр болады;

2) тек зауытта шығарылған қыздыру элементтерi қолданылады және қызған бөлшектерi түсiп қалу мүмкіндігі болмайтындай етiп орнатылады. Ашық жылыту элементтерiн қолдануға жол берiлмейдi;

3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлiп таратқыш қалқанынан дербес желiлерi бойынша iске асырылады. Брудердiң әрқайсысы дербес ажыратқыштармен жабдықталады;

4) бөлiп таратқыш қалқанының барлық электр желiсiн тоқтан ажыратқыш шаппа қосқышы, сондай-ақ қысқа түйiсу мен шамадан тыс жүктемеден қорғау құрылғысы болады;



5) брудердiң температуралық режимі автоматты түрде реттеледі.

  1. Жылжымалы ультракүлгiн қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан кемінде 1 метр қашықтықта орналастырылады.

  2. Электр брудерлер мен ультракүлгiн қондырғылардың iшкi электр желiсi кәбілден немесе оқшауланған өткiзгiштен жасалады. Оқшауланған өткiзгiш құбырларда немесе зәкiрлерде еденнiң деңгейiнен кемінде 2,5 метр биiктiкте және жанғыш құрылғылардан 0,1 метр қашықтықта оқшаулағыштармен төселедi.

  3. Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату қажет. Жанар-жағармай материалдары қорын сақтау қырқу бекетi мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста жүзеге асырылады.

  4. Қырқу бекетiнде ауысым өнiмiнен артық жүн жинауға және өту-шығу орындарына жүн теңдерін үйіп қоюға жол беруге болмайды.

  5. Түнгi уақытта мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үй-жайлары, iшiнде мал мен құс болғанда күзетшiлердiң, малшылардың немесе басқа да осы мақсатта тағайындалған тұлғалардың байқауында болады.

  6. Аммиак селитрасы отқа төзiмдiлігi I және II дәрежелi дербес шатырсыз бiр қабатты өртенбейтiн едендерi бар ғимараттарда сақталады. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзiмдiлiгi I немесе II дәрежелi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының минералды тыңайтқыштардың ортақ қоймасының жеке бөлiгiнде сақтауға жол берiледi. Әсерi күшті тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутегi тотығы) отқа төзiмдiлiгi I, II және III дәрежелi ғимараттардың жеке бөлiктерiнде сақталады.

  7. Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектiлерiн қылқан жапырақты ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптарының арасында орналастырғанда көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңге бульдозерлер, соқалар және басқа да топырақ өңдейтiн құрал-жабдықтар арқылы (шаруашылық тұрғыдан орынды болса, қорғайтын алқаптарда картоп, бөрібұршақ, түйебұршақ сияқты өртке төзiмдi өсiмдiктер) орнатылатын өртке қарсы қорғау алқаптары құрылады.

  8. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының аумағында (ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң осы учаскесiнiң технологиясына байланысты болмаса), сондай-ақ мақта, зығыр және басқа да жанғыш материалдарды сақтау және өңдеу орындарында ашық отты (алау, шырақ) қолдануға жол берiлмейдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет