Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


-тарау. Сыртқы қондырғылардың өрт қауіптілігі бойынша санаттары



бет20/25
Дата20.05.2022
өлшемі412.92 Kb.
#458276
түріРегламент
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
405 тех регламент

4-тарау. Сыртқы қондырғылардың өрт қауіптілігі бойынша санаттары

30. Сыртқы қондырғылардың өрт қауіптілігі бойынша санаттары осы қосымшаның 7-кестесіне сәйкес қабылданады.


31. Сыртқы қондырғылардың санаттарын анықтау жоғарғыдан (A
н ) бастап төменге (Дн ) дейін, 7-кестеде берілген санаттарға олардың тиесілігін кезекті тексеру жолымен іске асырылуы керек.

7-кесте



Сыртқы қондырғы санаты



Сыртқы қондырғының өрт қауіптілігі бойынша сол және өзге санаттарға қатынасының критерийлері



Ан (жарылыс-өрт қауіптілігі жоғары)



Қондырғы егер онда жанғыш газдар; тұтану температурасы 28
o С артық болмайтын тез тұтанатын сұйықтықтар; сумен, ауа оттегісімен және бір-бірімен өзара әрекеттесуде жануға қабілетті заттар мен (немесе) материалдар болатын болса (сақталатын, қайта өңделетін, тасымалданатын), аталған заттардың қысым толқынын түзіп ықтимал жануы кезінде жеке қауіптілік шамасы сыртқы қондырғыдан 30 м арақашықтықта жылына 10 -6 асатын жағдайда, А н санатына жатады


Бн (жарылыс-өрт қауіптілігі)



Қондырғы егер онда жанғыш шаңдар және/немесе талшықтар; тұтану температурасы 28
o С артық болатын тез тұтанатын сұйықтықтар болатын болса (сақталатын, қайта өңделетін, тасымалданатын), шаң және (немесе) бу-ауа қоспаларының қысым толқындарын түзіп ықтимал жануы кезінде, сыртқы қондырғыдан 30 м арақашықтықтағы жеке қауіптілік шамасы жылына 10 -6 асатын жағдайда, Б н санатына жатады


Bн (өрт қауіптілігі)



Қондырғы егер онда жанғыш және (немесе) жануы қиын сұйықтықтар (оның ішінде шаң және (немесе) талшық); жанғыш қатты және (немесе) жануы қиын заттар және (немесе) сумен, ауа оттегісімен және (немесе) бір-бірімен өзара әрекеттесу кезінде жануға қабілетті материалдар болатын болса (сақталатын, қайта өңделетін, тасымалданатын), А
н немесе Бн санаттарына қондырғыны жатқызуға мүмкіндік беретін критерийлер жүзеге асырылмаса, аталған заттар және (немесе) материалдардың ықтимал жануы кезінде, сыртқы қондырғыдан 30 м арақашықтықта жеке қауіптілік шамасы жылына 10-6 асатын болса, Bн санатына жатады


Гн (орташа өрт қауіптілігі)



Қондырғы егер онда өңдеу процесі сәулелік жылу, ұшқын және (немесе) жалын арқылы жүретін жанбайтын заттар және (немесе) материалдар ыстық, қыздырылған және (немесе) балқытылған күйінде, сондай-ақ отын ретінде жағылатын немесе пайдаға асырылатын жанғыш газдар, сұйықтықтар және (немесе) қатты заттар болатын болса (сақталатын, қайта өңделетін, тасымалданатын), Г
н санатына жатады


Дн (төменгі өрт қауіптілігі)



Қондырғы егер онда негізінен жанғыш заттар және (немесе) материалдар салқын күйінде болатын болса (сақталатын, қайта өңделетін, тасымалданатын) және жоғарыда аталған санаттар бойынша А
н , Бн , Bн немесе Гн санаттарына жатпайтын болса, Дн санатына жатқызылады


32. Егер деректер болмауына байланысты, жеке қауіптілік шамасын бағалау мүмкін болмайтын жағдайда, оның орнына мынадай критерийлерді пайдалануға рұқсат етіледі:


АН және БН санаттары үшін:


Жалынның төменгі концентрациялық таралу шегінен жоғары газ-бу-ауа қоспаларының жанғыш концентрациясын шектейтін аймақтың көлденең өлшемі (бұдан әрі мәтін бойынша - ЖТКШ), 30 м асады (аталған критерий тек жанғыш газдар мен булар үшін қолданылады) және (немесе) сыртқы қондырғыдан 30 м арақашықтықта газ-бу немесе шаң-ауа қоспаларының жануы кезіндегі есептік артық қысым 5 кПа асады.


B
н санаты үшін:

Сыртқы қондырғыдан 30 м арақашықтықта BН санаты үшін көрсетілген заттар және (немесе) материалдардың өрт ошағынан жылулық сәулелену қарқындылығы 4 кВт м
2 асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет