«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»


Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары



бет38/82
Дата01.11.2022
өлшемі0.66 Mb.
#463759
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Азия

3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.
Мұхаммедтің өлімінен кейін мемлекет билеушілері оның туыстарынан сайланып, “халиф” титулын (пайғамбардың орынбасары) алды. Сайланған халифтар төртеу болды: Абу Бакр (632-634ж.ж.), Омар (634-644ж.ж.), Осман (644-656ж.ж.), Али (656-661ж.ж.). Алғашқы халифтар жаулап алу жорықтарын жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халқаралық жағдай да қолайлы болды. Византия мен Иран арасындағы ұзаққа созылған соғыс (602-628 ж.ж.) сол уақыттың екі державасының күштерін сарқыған еді. Арабтар көп әскер жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.
640 жылы Палестинаны, Сирияны, Египетті (640-642 ж.ж.), одан әрі Солтүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге жетті. 634-651 жылдары Иранды түгел жаулап алды. VII ғасыр ортасында Армения мен Грузияның бір бөлігі арабтардың вассалына айналды.
VIIІ басына дейін араб жаулаушылары бағындырған елдерінде жергілікті тәртіпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесінде арабтар жаңа жерлерге қоныс аударды. Олардың бір бөлігі отырықшылыққа көшіп, басқалары көшпенділер күйнде қала берді. Бірқатар жерлерде арабтану процесі жүрді. Мысалы Иракта, Сирияда және Египет пен Солтүстік Африкада арабтану процесі жүріп, олар ислам дінін, араб тілі мен жазуын қабылдады. Ал Кавказға, Иран мен Орта Азияға қоныс аударған арабтар жергілікті тұрғындармен араласып, олардың мәдениетін қабылдады.
VII ғасыр ортасында Халифатта азамат соғысы басталды. Оны Мұхаммедтің туысқан інісі және күйеу баласы Али басқарды. Алидің жақтастары өздерін шейіттер деп атады. VII ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып болды. Олар сунидтер, шейіттер және хариджиттер.
4. Омейядтар халифаты. Азамат соғысында араб феодалдық ақсүйектері жеңіске жетті. 661 жылдан 750 жылға дейін араб халифатын Омейядтар руы басқарды. Халифаттың астанасы Дамаск қаласы, Халифаттың орталық облысы Сирия болды. Сирия Азөамат соғысы салдарынан үзіліп қалған жаулап алу жорықтарын жалғастыру үшін тірек орталығы болды. VII ғасыр соңы мен VIIІ ғасыр басында арабтар Солтүстік Африкада берік тұрақтанды. 711 жылы Испанияға еніп бүкіл территориясын басып алды. Византияның астанасы Константинопольді бірнеше рет қоршауға алды, бірақ арабтар бұл жерлерде түрақтана алмады. VIIІ ғасыр басында арабтар Армения, Картли, және Картли түбегі жаулап алынды. 705-715 жылдары Орта Азиядағы соғыс қимылдарынан соң Хорезм мен Амудария аудандары жаулап алынды. 751 жылғы арабтардың Қытай әскерімен күресіндегі жеңісі халифаттың Орта Азиядағы ықпалын күшейтті.
Византия мен Иранның африкалық, азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия, Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Шаруашылықта анық дайындайлған салық жүйесі өмір сүрді. Салықтың түрлері: Зекет салығы – қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі; Джизья – мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы; Харадж мұсылман еместерден алынатын жер салығы;
Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омейядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Араб тілі Батыс Азия, Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды. Халиф – барлық азаматтық және рухани (діни) билікке ие болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды.
Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсүйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасидтер (пайғамбардың туысы Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты.
VIIІ ғасыр ІІ ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728-737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734-743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер, 744-747 ж.ж. Қосөзенде, Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.
747 жылы Аббасид имамы Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзін 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді, хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасид Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды. Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет