Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

 
3. 
Тақырыптық натюрморт 
Бейнелеу өнерінде натюрморт – тақырыптық натюрморт, сәндік на-
тюрморт және оқу натюрморты болып үш топқа бөлінеді. Сызба сызық 
арқылы сурет салғанда біз схемалық әдісті пайдаланбай жақсы нәтижеге 
жетуіміз мүмкін емес. 
Тақырыптық натюрморттың мазмұны қоршаған ортаның өмір шын-
дығы, белгілі бір берілген тақырып бойынша студенттердің өз қиялдары-
нан құрастырып бейнелеген суреттерге негізделеді. 
Қоршаған орта өмір шындығынан алған сезімді толғанысын, ой пі-
кірін немесе өзінше қиялды елестетуші, жазықтық бетінде көркемдеп 
бейнелеу дағдыларын қалыптастырады.


47 
Көп жағдайда тақырыптық композицияларында қоршаған ортаны 
қабылдауын тікелей, ешбір бейнелеу өнері заңдылықтарына мән бер-
местен суреттейді. 
Сурет құрастырудағы кейбір композициялық заңдылықтарды көрсе-
ту барысында олардың қиялы, ой пікірлерімен бірге ілесе отырып, аса 
бұрмаламай осы кейбір композициялық заңдылықтарды пайдаланса, су-
рет одан әрі жандана, шарықтай түсетіндігіне көздерін жеткізген жөн.
Тақырыптың бейнелеу мазмұны бағдарламаның заттан қарап бей-
нелеу тарауында меңгерген біліммен немесе сол тақырыпқа байланысты 
алдын ала өткен топ серуенмен (қала алаңдары, еңбек орындары, таби-
ғат аясы т.б) байланысты болса нәтижелі болады.Сонымен қатар жұмыс 
алдында зскиздер, жекеленген көрініс немесе заттар мен құбылыстар-
дың долбарларын орындауға дағдыландырған жөн. 
Тақырыптың натюрмортты жоспарлап, жұмысты мейлінше үлкен-
деу қағазға орындаған жөн, өйткені өз ойын еркін де айқын көрсетіп 
бейнелеуге мүмкіндік алады. 
Тақырыптық бейнелеуде негізінен жұмысындағы бейнеленген зат-
тардың, көріністердің бір. бірімен тақырыптық байланысы болуы, кеңіс-
тікте орналасуы (көрушіге жақын орналасқан заттың табаны, алыс орна-
ласқан затқа қарағанда төмен, ал алыс тұрған зат жоғары бейнеленеді. 
Өлшемдері шамалас заттар көрушіден алыстаған сайын кіші болып бей-
неленеді) және бейнедегі заттар мен құбылыстардың бірбіріне пропор-
циялық қатынасы, түсі көрсетілуі талап етіледі. 
Негізінен, заттан қарап бейнелеу заттар мен құбылыстардың құры-
лысын ескере отырып бейнелеу, перспектива заңдылықтары, жарық, кө-
леңке, түстік шешім табу ережелерін тақырыптық бейнелеу кезінде еркін 
көрсете білу міндеті көзделеді. 
Эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық 
өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады 
(сурет 22).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет