Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

 
 
4. ТАҚЫРЫП: ӘРТҮРЛІ ЗАТТАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ 
Жоспар: 
1. 
Ұста құралдарын салу. 
2. 
Аңдар мен құстардың тұлыптарын салу. 
3. 
Розетканың суреті
4. 
Жансыз заттарды бейнелеу кезеңдері 
Негізгі түсініктер: ұста құралдар, розетка,
 
1
. Ұста құралдарын салу 
Қойылатын заттар:сүргі, балға, балта, қысқаш, төс және т.б. 
Басты мақсат: аталған заттардың аумақтық өзгешеліктерін (фор-
масын) геометриялық денелер арқылы зерттеп, құрылымын бейнелеу.
Бұл тапсырмада қысқа мерзімді (15–20 мин.) жылдам суреттер мен 
ұзақ уақытты (1–2 сағ.) толық бейнелі суреттер салынады. Студент бұл 


50 
тапсырмаға мұқият қарауы керек, өйткені ол өзінің көру жылдамдығы мен 
шеберлігін осындай жұмыстарымен шыңдай алады. 
Студенттің жылдам суреттермен үзбей айналысуы, оының шығар-
машылық қабілетін, іскерлігін дамытады. Күнделікті көрген заттарды 
альбомға салып отыру, жақсы әдетке айналуы қажет. 
Ұзақ уақытты суреттерден кейін, сол заттарды ойша тағы да қай-
талап салу, еске түсіру өте пайдалы. Бұл студенттің еске түсіру қабілетін 
дамытады. 
Жазушы өз өнерінде қойын дәптерін қалай пайдаланса, суретші 
альбомдық суреттерін солай пайдалануы керек. 
Үлкен тақыраптық картиналар кішкене альбомдық суреттерден бас-
тау алады. Бұған мұражайда сақталған ұлы суретшілердің альбомдары 
дәлел. Жылдам суреттерді салуда қарындаштан басқа сангина, тушты 
қолдануға болады.
Студент күнделікті жанды, табиғи көріністерді салуды әдетке ай-
налдыруы керек. Көрген заттарды ойша салу, киялмен бейнелеу зор 
табыс әкеледі. 
Шынайы бейнелеу өнерінде перспективалық заңдылықтарды бұл-
жытпай орындау аса маңызды. 
Әртүрлі табиғи заттарды дәл бейнелеу көп ойдың, еңбектің нәти-
жесі. Табиғаттың әдемілігін көре білу–ұзақ еңбекпен келеді. Студенттің 
альбомы әртүрлі табиғат заттарының көріністеріне толы болса, оның өз 
мамандығына деген дайындығы, шығармашылық шеберлігі арта түседі 
(сурет 23). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет