Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет31/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

МОДУЛЬ 
1
. ТАҚЫРЫП: ЧЕРЕПТІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
Жоспар: 
1. 
Адам бас сүйегін талдау 
2.Бұлшық еттің құрылымы 
Негізгі түсініктер: адам бас сүйегі, бұлшық еттің құрылымы 
 
1. 
Адам бас сүйегін талдау 
Пластикалық анатомия адам басының пішінін терең талдап шығуға 
мүмкіндік береді. Адамның бас сүйегінің жасына, жынысына және ұлтына 
қарай өзгешеліктері болады. 
Бастың құрылысы бас сүйегі қаңқасынан және бас еттерінен тұ-
рады. Бастың суретін дұрыс бейнелеу үшін бастың пластикалық анато-
миясын терең оқып, талдау жасамайынша дұрыс бейнелей алмаймыз 
(сурет 25). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 25. Адам басының сүйегі 
Бас сүйегі екіге бөлінеді: ми сауыты, бет бөлігі. Олар бір-бірімен 
ерекше жымдасады. Ми сауыты миды сыртқы әсерден, соқыдан қор-
ғайды. Жалпы ми сауыты бірнеше сүйектердің жиынтығынан тұрады, 
олар: маңдай, самай, қос төбе, шүйде және құстұмсық, тор сүйектері. 
Маңдай сүйектің үсті беттің пластикасында өте үлкен роль атқарады. 
Маңдай сүйегінің маңдай бұдырлары болады, олардың астында қас 
үсті доғалары орналасады. Астында көз үсті жиектері тұрады. Маңдай 
сүйегінің бүйірлік беттері самай сүйектері деп аталады. 


55 
Қос төбе сүйектері маңдай сүйегі мен бас сүйектің артқы қабырғасы 
болатын шүйде сүйегінің арасында орналасады. Маңдай сүйегі, екі төбе 
сүйегі және шүйде сүйегі бас сүйектің төбесін құрайды. Самай сүйектері 
ми сүйегінің төменгі бүйірлік қабырғаларын құрайды. Сына сүйегі шүйде 
сүйегімен тұтас біріге отырып бас сүйектің ішіне орналасқан. Бет сүйегі 
үстіңгі қос үстіңгі жақ сүйегінен, қос бет сүйегінен және жеке төменгі жақ 
сүйегінен тұрады. Үстіңгі жақ сүйегінің бет көз ұясын құрайды. Төменгі 
бөлігінің ұясы шұқырша өскен деп аталады, онда тістердің түбірлері 
тұрады. 
Бет сүйегі беттің көлденең көлемін айқындайды. Сондықтан 
пластикалық маңызы үлкен. Үстіңгі жақ сүйегі, маңдай, сына және самай 
сүйектерімен біріге отырып, көз ұясын құрайды. 
Бас сүйегі басқа сүйектер сияқты бұлшық еттермен жабылған. Бас 
еттері жақ бұлшық еттері және ымдау бұлшық еттері болып екіге 
бөлінеді. Жақ бұлшық еттерінің атқаратын қызметі, олар төменгі жақ 
сүйегін көтереді. Шайнау еттерінің ерекшелігі – олар бас сүйегінің 
жоғарғы жағынан басталып, бастың қозғалмалы сүйегіне төменгі жаққа 
келіп тіркеледі. Бұл еттер жиырылған кезде төменгі жақ сүйегін қимылға 
келтіріп, шайнау әрекетін жүргізеді. 
Ымдау еттерінің ерекшелігі – олардың ет жапқыш шандырлары 
болмайды. Ымдау бұлшық еттері – қысқа, жалпақ, жұқа бұлшық еттер
олар беттің терісінің астында орналасады. Соның нәтижесінде ет 
жиырылған кезде теріге қыртыстар, әжімдер түсіп, адамның бет пішінін 
өзгертіп, қандай көңіл – күйде екенін білдіреді (сурет 26).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет