Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет35/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

 
3. ТАҚЫРЫП: БЕТ – БЕЙНЕНІҢ ХАРАКТЕРІН ҰСТАУДА ҚОЛДАНАТЫН ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ 
 
Жоспар: 
1. 
Еріннің бейнесі 
2. 
Мұрынның, ауызының бейнесі
3. 
Көздің бейнесі 
4. 
Құлақтың бейнесі 
Негізгі түсініктер: ерін, мұрын, көз, құлақ. 


61 
1. Еріннің бейнесі 
Адам тұлғасын жақсы салып үйрену үшін алдымен адам анато-
миясын көп зерттеп, адам бейнелерін көп салған жөн. 
Өмірде табиғат пен адамның ғылыми және эстетикалық байланы-
сын аңғарумен қатар адамның анатомиялық дене бітімінің сұлулық бей-
несін сала аламыз. Адам тұлғасының құрылымын, бұлшық еттер мен 
сүйектердің және сіңірлерінің бір – бірімен байланысын зерттеу арқылы 
жаңа сурет жасау мүмкіндігі туады. Ұлы шеберлердің шығармаларында 
керемет дәлдікті, бөлшектеп талдауды, заттың бөлшек пішіндерінің нақ-
тылығын, адам анатомиясын, перспектива заңдылықтарын, жарық – кө-
леңкенің айқын да сауаттылығын көре аламыз. 
Сауаттылыққа тек анатомияны ғана емес, пропорция, перспектива 
заңдылықтарын да қатар алып жүру міндет. 
Пропорция дегеніміз – бейнеленетін заттың барлық мүшелерінің 
немесе бөлшектерінің өлшемдерінің бір-біріне қарым-қатынасы. 
Пропорция суретшіге қандай өлшемде болсын дене мүшелерінің 
бір-біріне қатынасын дұрыс сақтауға көмектеседі
Бас құрылысын суретке салудағы жұмыстардың алғашқы, кезеңде-
рін көмекші сызықтар арқылы көрсетіп отырамыз.
Сызықтарды әдетте ортақ сызық деп атайды, бас құрылысын түрлі 
пропорциялық бөлшектерді анықтауда ортақ сызық өте қажет. Осы ортақ 
тік сызықтың бойына бастың, орындарын белгілеп алу қажет. Бастың құ-
рылысын өзара салыстыра отырып және олардың көлденең, тік сызық-
тарға қарағандағы орналасу жағын тексере отырып, жалпы пішінін түсіріп 
аламыз. 
Суретте өлшем алшақтықтары болмас үшін бас пропорцияларының 
дұрыстығын және оның құрылысын үнемі тексеріп отыру керек. 
Тұлғаны пропорциясын көзбен елестетудің белгілі бір санмен, ал 
бөлшектерде алынған бас модуль деп қабылдауды дағды еткен. Оқу ба-
рысында анатомиялық, пропорциялық, перспективалық заңдылықтарды 
қамти отырып, объективті білім алуы керек. Көру қабілетінде ешқандай 
кемшілік болмаса, ол дұрыс көреді де, дұрыс салады. Қарау көру емес 
дейді, қарағанда ештеңе көре алмауы да мүмкін немесе аңғармайды. 
Көре алу қабілеті түсіну, ойлау қабілетімізбен тығыз байланысты. 
Нақнұсқашы сәл ғана қимылдайтын жағдайда. 
Адам қандай қимыл қозғалыста болса да жалпы бастың пропор-
циясы өзгермейді. Нұсқа басын бейнелеу тек перспективада ғана өзгеруі 
мүмкін.
Пропорция туралы әр түрлі әдіс – тәсілдер жасалған.
Көне мысырдың суретшілері адам тұлғасының пропорциясын анық-
таған кезде канон ретінде бейнеленіп тұрған адамның ортан саусағының 
өлшемімен бүкіл тұла бойын өлшеуді ұйғарған.


62 
Ал ежелгі гректер адам тұлғасын бас өлшемімен өлшеген болатын. 
Леонардо да Винчи әдебиет негіздерін талдау арқылы «квадрат» деген 
пропорциялық канон әдісін ұсынған. 
Жалпы адам тұлғасының биіктігі бас өлшеммен өлшенгенде 8 не-
месе 7,5 еселенеді. Әр адамның дене бітімінен де, жаратылыс мінез – 
құлқына да көп байланысты. Әйел баласының ер адамға қарағанда
балалардың тұлғасының пропорциясы үлкен адамға қарағанда айрықша 
ерекшеліктері болады. Мысалы, ер адамға қарағанда әйел адамның 
кеуде қуысы тар, иықтары кішілеу, ал бөксе бөлігі кеңдеу болады. 
Жұмыстың келесі ең қиын және өте қызықты кезеңі – (ерін, мұрын, 
көз) бас бөлшектерінің гипс соқырларын зерттеуден бастайтын адамның 
басын салу. Сурет салуға кіріспес бұрын, олар қандай геометриялық пі-
шін еске түсіретінін елестету қажет: призманы, текше, цилиндр және т.б. 
басты суретте бейнелеу тәжірибесінде басшылыққа алатын барлық ере-
желер мен қағидаларды ұстану керек. Бас бейнесі суретшілер үшін, әсі-
ресе олардың кәсіби қалыптасу жолында басты тақырып болды. Адам-
ның басының мүсін бейнесінің гипсті моделін салған кезде, сіз оның түрлі 
форманың күрделі кешені, сондай-ақ өзара байланысты және өзара 
шартталған екеніне көз жеткізе аласыз. Бұл жерде аңғардың немесе 
иектің бір бөлігінің өзгеруі басқасының өзгеруін тудырады және адамның 
бет беті құрылысының сипатты ерекшелігін анықтайды. 
Суретші бастың суретін салуға кіріспес бұрын ең алдымен бас 
сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасыуының анато-
миялық заңдылығына назар аударып, беттің сұлбасын зерттеуі тиіс. 
Кез келген іске оқыту жолы қарапайым адамнан күрделіге дейінгі 
қағидат бойынша өтеді. Бұл сөзсіз дәл қағидатта бейнелеу сауатының 
негіздеріне оқыту құрылады. 
Суреттің құрылу негізі – бөліктердің қатынасы. Суретті пішімде мо-
дельдің орнын шектеуден бастап, жоғарғы және төменгі жағын, содан 
кейін – сыртқы тікбұрышты форманың бүйір жақтарын айқындай отырып 
бастаған жөн. 
Ауыздың пішіні ерінге байланысты. Ерін қозғалмалы, беттің мими-
калық жиырылуында үлкен рөл атқарады. Ауыз қалың еттерден тұрады 
және жоғарғы төменгі еріннен, жоғарғы ерін өзегінен тұрады. Еріннің 
жымдасқан сызығы мөлшермен тістердің түйіскен сызығына сай келеді 
және де еріндердің екі жақ шеттеріндегі түйіскен бұрыш – бұрыштары 
немесе езу дейді (сурет 31, 32).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет