Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет45/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

7. ТАҚЫРЫП: АДАМ БЕЙНЕСІ
 
Жоспар: 
1. 
Нұсқаны беліне дейін салу 
2. 
Адам бейнесі қолымен 
3. 
Адам басының анатомиялық құрылысын оқу 
4. 
Адам тұлғасының жылдам суреттері 
5. 
Адамның суреті 
Негізгі түсініктер: адам бейнесі, адам тұлғасы, адамның суреті 
1. 
Нұсқаны беліне дейін салу 
Нұсқаны пропорционалды бөлшектеу заңдылығын көне замандағы 
суретшілер анықтады.Нұсқаның пішіні сызықтық – құрылымдық бейнелеу 
мынадан тұрады: алдымен жалпы пішінін тек қана сызықтармен, жарық 
көлеңкесіз жазықтықтар шекарасы шектейтін, нұсқаның пішінін айнала 
кеңістікте. 
Жекелеген бөлшектер пішінін әзірше суретін салмаймыз, бұл ке-
зеңде олардың тек орналасуын анықтаймыз және бөліктер мен бүтіннің 
ара қатысының дұрыстығын тексереміз.
Жазықтықтардың өтуіне шек қоя отырып өңдік кеңістікте пішінге шек 
қоятын сызықтар өңдік қатынастардың (жарық, жартылай көлеңке, кө-
леңке) шекарасы болатынын есте ұстаған жөн. 
Нұсқа пішіннің сызықтық – құрылымдық құрылысын бейнелеген 
кезде қарандашпен қағаз бетіне қатты баспау керек, сызықтар өте жеңіл 
болуы керек. Алдымен көлеңке саламыз, бас пішінінін жалпы сипатын 
және бөлшектерін көруге болады. Сызықтық – құрылымдық суретте 
нұсқа пішінінің пластикалық сипаты онша көрінбейді, өң берген кезде, 
пішін көлемі анығырақ көрінеді. 
Сурет алдыңғы бөліктерінің бөлшектері анығырақ берілу керек, 
артқы бөлігіндегі бөлшектер алға қарай шығып тұрса, оны көмескілеу 
етіп берген дұрыс. Бұл – кеңістік перспектива заңдылығы.
Сурет жұмысында әдістемелік жүйелілік қатаң түрде сақталған 
дұрыс.
 
2. 
Адам бейнесі қолымен 
Қоршаған кеңістіктен әрбір заттың пішіні бөліп тұратын көптеген 
жазықтықтардан тұрады . 
Осы сыртқы бөліктердің бір – бірімен жымдаса отырып пішін пайда 
болуын түсіну. Пішінді жазықтық бетіне дұрыс бейнелеу үшін көлемді үш 
өлшемдік бейнені жобалау, өзінің көлемді ұғымын жазықтық түрінде 
қабылдау. Адам бейнесі қолыме жобалық пішіні бейнені құру барысында 
перспектива заңдылығын біліп, оны пайдалануын талап етеді (сурет 45). 


80 
 
Сурет 45. Адамдың бейнесі 
Суретті бөлшектеп, жалпыдан бастау керек, алғашында қолдың 
жалпы пішінін бейнелеп, содан соң біртіндеп бөлшектерін табуға кіріскен 
жөн. Қолдың көлемін құрастыратын негізгі жазықтықтар, жоспарлар, ке-
ңістікте сүйектер мен бұлшық еттердің пішіндер бағыттарымен бөлінеді. 
Қолдың жалпылама пішінін бейнелеп отырып, қолдың көлемі қандай 
жеке жазықтықтар қосындысынан тұратынын пішіннің құрылымдық негізі 
қалай ұйымдастырылатынын көре білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет