Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

2
. Нұсқаның басы
Бастың бөлігінің пропорционалды бөлшектеу заңдылығын көне за-
мандағы суретшілер анықтады. Бас пішіні сызықтық – құрылымдық бей-
нелеу мынадан тұрады: алдымен жалпы бастың пішінін тек қана 
сызықтармен, жарық көлеңкесіз жазықтықтар шекарасы шектейтін, бас 
пішінін айнала кеңістіктен. Содан кейін бастың бет бөлігін теңдей үш 
бөлікке бөлетін профиль сызығы жүргізіледі.


77 

Сурет 43. Экорше 


 
Бастың жекелеген бөлшектер пішінін әзірше суретін салмаймыз
бұл кезеңде олардың тек орналасуын анықтаймыз және бөліктер мен бү-
тіннің ара қатысының дұрыстығын тексереміз. Көздің, танаудың, еріндер-
дің көлемдерін әзірше сызықшалармен, нүктелермен белгілеуімізге 
болады, олардың тұрған жері мен көлемін анықтауға болады. 
Жазықтықтардың өтуіне шек қоя отырып өңдік кеңістікте пішінге шек 
қоятын сызықтар өңдік қатынастардың (жарық, жартылай көлеңке, кө-
леңке) шекарасы болатынын есте ұстаған жөн. 
Бас пішіннің сызықтық – құрылымдық құрылысын бейнелеген кезде 
қарандашпен қағаз бетіне қатты баспау керек, сызықтар өте жеңіл болуы 
керек. Алдымен көлеңке саламыз, бас пішінінін жалпы сипатын және 
бөлшектерін көруге болады. Сызықтық – құрылымдық суретте бас піші-
нінің пластикалық сипаты онша көрінбейді, өң берген кезде, пішін көлемі 
анығырақ көрінеді. 
Сурет алдыңғы бөліктерінің бөлшектері анығырақ берілу керек
артқы бөлігіндегі бөлшектер алға қарай шығып тұрса, оны көмескілеу 
етіп берген дұрыс. Бұл – кеңістік перспектива заңдылығы.
Сурет жұмысында әдістемелік жүйелілік қатаң түрде сақталған 
дұрыс.
Бірінші кезең – бейнелеуді қағаз бетінде композициялық орналас-
тыру. 
Бейнені жазықтықта қолайлы қалай орналастыру қажет екенін, 
пішін құрылысының ерекшеліктері қандай көзқараста жақсырақ болып 
көрінетінін анықта алу үшін алдын ала нақнұсқаны барлық жағынан 
байқап қарау қажет (сурет 44). 


78 
 
Сурет 44. Адам бейнесі 
 
Екінші кезең – бас пішінінің түр өзгешелігін, пропорциясын және 
бастың қалпын кеңістікте беру. Алдымен бас пішіннің түр өзгешелігін 
табуды бастамай тұрып, сурет салушы нақнұсқаны мұқияттап танысуы 
тиіс, пішін құрылысының көптеген ерекшеліктерін белгілеу қажет. 
Суретте бастың пішінін айқындап бере отырып, суретші, ең 
алдымен, пішіннің жалпы массасын табу керек, оның түр – сипатын, 
пропорциялық қатынасын, жеңіл сызықпен бастың жалпы түрін белгілеп 
алу қажет. 
Үшінші кезең – пішіннің сызықтық – құрылымдық негізін табу және 
перспектива көріністерін беру. Пішінді анықтау және айқындау. Пішіннің 
сызықтық – құрылымдық негізін белгілеп болған соң, суретті анықтап 
айқындауға көшу керек. 
Төртінші кезең – жарық – көлеңкенің көмегімен пластикалық 
сипаттама беру. Бастың пішінінін сызықтық құрылымдық негізін белгілеп 
болғаннан кейін жарық пен көлеңке қатынасымен көлемін шығару.


79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет