84
Сурет 46. Адамдың бейнесі
Сурет салу кезінде осы екі перспектива заңдылықтарын толық
жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады.
Нәрсеге қарап салуда негізгі пішінге немесе центрге көп көңіл
бөлінеді. Қойылатын мақсат – негізгіні көрсете білу.Ол үшін дене қажетті
реңдермен кейін жалпылау жұмысын білімгер өзіне мақсат етеді. Кеңістік
перспективасы реңмен түстермен көрсетіледі.
Кеңістік перспективасы
адам тұлғасын аядан бері шығарып алу үшін жасалады.
Бұрын да айтылғандай, академиялық кескіндемеде үйренушіге,
біріншіден, сызықтық–құрылымдық тұрғызуды дұрыс және перспектива
заңдылықтарымен көрсете білу, оның ішкі немесе көрінбейтін артқы
контур сызықтарын көрсете сызумен қатар сүйек
құрылыстарын жеңіл
түрде көрсете білу – мақсат. Бізге белгілі бейнеленетін кезі оның жалпы
пішініне көңіл қойып назар аударады.
Тұлғаны түгел көре білу керек. Оның әр бөлшегін салыстыру арқы-
лы айқындап отыру керек. Бөлшектерге ұрынбай, үлкен форманы ұстап
қалу, оның сипаттық өзгешеліктерін таба білу көп еңбекпен келетін
жұмыс. Жылдам суреттерде тұлға (натура) кішірейтіп салынатындықтан,
оның әрбір мүшесі мөлшерімен өз орнында болуы керек. Ал қимылдағы
тұлғаны салуда аяқ, қолдың дұрыс қойылуы аса маңызды. Қандай қимыл
болмасын, тұлға жерде нық тұруы керек. Тұлға суреттін жеңіл сызықтар-
85
мен ең жоғарғы нүкте (төбесі) және төменгі нүктелерді (табан) белгілеу-
ден бастау керек. Сондан соң мүшелердің көлемі (бас барлық денеге 7,
7½ рет сиюы мүмкін). Бұл көрсеткіш балаларда өзгеше. Адам мүше-
лерінің пропорциялық өлшемдерін ұлы суретшілер Леонардо да Винчи,
Микельанджело, Альбрехт Дюрер жасап кеткен. Олардың зерттеулерін
мұқият оқу керек, суреттерін қайталап салу да аса пайдалы.
Адам тұлғасын салуда, осы классикалық стандарттарды пайдалана
отырып, әр адамның өзгешеліктерін таба білу керек.
Бұрынғы сурет оқуында классиктердің суреттерін қайталап салу
(штудировка) кең орын алған. Бұл жолмен белгілі суретшілердің бәрі
өткен. Көп білу үшін – ұлылардан көп үйрену керек.
Теоретикалық
білімдер – практикалық шеберліктің арқауы деген осы емес пе?
Қарындашты алға созып өлшеу бастапқыда пайдалануға болады,
бірақ кейін көзбен өлшеу шеберлігін дамыту керек. Бастапқыда тік тұрған
адам тұлғасын салып, содан кейін күрделі қимылдағы тұлғаларға көшу
қажет. Кейінірек студенттер жалаңаш тұлғаны салуға көшеді. Ол үшін
анатомиялық (пластикалық анатомия) білімдері өте қажет. Адамның
сүйек құрылысын салу II курста басталады. Бұлшық еттер мен буындар
жасалған гипс фигураларды да пайдалану керек.
Бұл суреттер арқылы
адам тұлғасын классикалық үлгілер арқылы тез бейнелеуге үйренуге
болады.
Баланың өлшемі (сурет 47).
Сурет 47. Баланың суреті
Денемен салыстырғанда балаларда басы үлкен көрінеді.
86
Бір жастағы баланың бейнесі. Оның басы – бүкіл дененің ұзынды-
ғының төртін бір бөлігі.
Төрт жасар баланың басы дене ұзындығының бестен бір бөлігін
алады, яғни бүкіл дененің ұзындығы бес басына тең.
Сегіз жасар балада бастың өлшемі бүкіл дененің ұзындығынан
алтының бір бөлігінен тұрады.
Қолдың схемалық бейнесі.
Көптеген адамдар қолын бейнелеуден қорқады. Қолдың бас сияқты
салуы қиын. Қол салуды үйрену үшін барлық күш салу керек.
Қолдың құрылымы (сурет 48)
Сурет 48. Қолдың бейнесі
Сүйектен саусақтың бірінші буыны – ең үлкен.
Ортасында орна-
ласқан екінші буын біріншіден қысқа, бірақ үшіншіден ұзын.
Аяқты салу
Аяқтың бүйірінде ұзын s–тәрізді иілу болып табылады (сурет 49).
Достарыңызбен бөлісу: