Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Түр. Түр критериі. Түрдің түзілуі



Pdf көрінісі
бет124/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Түр. Түр критериі. Түрдің түзілуі. Түр - эволюциялық процес-
тің  сапалы  кезеңі.  Түр  өзара  шағылыса  алатын  немесе  шағылысуға 
қабілетті  популяциядан  тұрады.  Түр  уақытқа  байланысты  ұзақ  жыл-
дар  бойы  тұрақты  сақталады  және  үздіксіз  өзгерістерде  болады.  Бір 
түрлер  жойылып,  екінші  түрден  жаңа  түрдің  бастамасы  дамиды. 
Түрлердің арасында морфологиялық, физиологиялық және биохимия-
лық  айырмашылықтары  болады.  К.  Линней:  «Түр  өзгермейді,  әуел 
баста қанша болса, сол күйінде қалады « - деді. Ч. Дарвин түрлердің 
өзгеретіндігін  1859  жылы  «Түрлердің  шығуы»  деген  еңбегінде 
дәлелдеді.  Түр  –  генетикалық  күрделі  жүйе.  «Түр»  деген  ұғым              
XVII  ғасырдың  соңында  ағылшын  табиғат  зерттеушісі  Джон  Рей 
(1628  -  1705)  енгізген.  Бір  түрге  жататын  барлық  даралардың  шығу 
тегі ортақ және мінез - қылықтары ұқсас. Түр - органикалық дүниенің 
нақтылы  тіршілік  ететін  генетикалық  жағынан  бөлінбейтін  бірлік 
өлшемі. Түр - эволюциялық процестің бастапқы негізгі сапалы кезеңі. 
Түр – табиғаттың бөлінбейтін ең кішкене генетикалық тұрақты жүйе. 


111 
 
Кез  келген  түрлер  кеңістікте  біркелкі  тарамайды,  топ  құрып 
орналасады.  Түр  уақытқа  байланысты  ұзақ  жылдар  бойы  тұрақты 
сақталады  және  үздіксіз  өзгерістерде  болады.  Бір  түрлер  жойылып, 
екінші түрден жаңа түрдің бастамасы дамиды. Бір түрдегі даралардың 
тобы көп те, аз да болады және олардың тіршілік етуі ұзақ жылдарға 
немесе  2  -  3  ұрпақ  бергенге  дейін  ғана  созылуы  мүмкін.  Түрдің 
биогеоценозда өзіндік алып жатқан кеңістігі және орыны бар. Түрдің 
популяция  мен  түр  тармағынан  генетикалық  жағынан  үлкен 
айырмашылығы бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет