Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет128/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Ароморфоз.  Әр  алуан  тіршілік  жағдайында  пайда  болып, 
ағзаның  құрылым  деңгейі  мен  атқаратын  қызметін  күрделендіре 
түсетін,  тіршілік  қабылетін  арттыратын  жалпы  маңызы  бар 
бейімділіктерді А.Н.Северцев морфофизиологиялық прогресс немесе 
ароморфоз деп атады. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен 
табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін 
әрекет.  Ароморфозүнемі  биологиялық  прогресскеәкеледі.  Мысалы, 
омыртқалы  жануарлардың  дамуындағы  ірі  аромофоз  қан  айналу 
мүшелер жүйесінің эволюциясы болып табылады. 


114 
 
 
Ароморфоз  (көне  грекше:  аіro  -  көтеру,  көне  грекше:
morpha
  - 
форма,  пішін)  -  органикалық  дүние  дамуының  негізгі  эволюциялық 
бағыттарының  бірі,  қоршаған  орта  әсерлеріне  байланысты  тірі 
организмдердің  құрылымдық  және  қызметтік  жағынан  күрделеніп, 
жоғары  сатыға  көтерілуі.  Мысалы,  бауырмен  жорғалаушылардың 
арғы  тектерінің  сүтқоректі  жануарларға  айналу  кезінде  3  камералы 
жүректен  4  камералы  жүректің  жетілуі  және  т.б.  Морфологиялық-
физиологиялық  үдеріс.  Бұл  орасан  зор  бейімделгіштіктің  пайда 
болуы,  ол  тіршілікке  бейімділікті  едәуір  көтеріп,  жаңа  тіршілік 
ортасына  көшуге  жәрдемдеседі.  Ароморфоз  кезінде  мүшелер 
(морфология  құрылысы  едәуір  күрделеніп,  ол  тіршілік  үдерісін 
(физиологиясын)  күшейте  түседі.  Ароморфоздың  қоршаған  ортаның 
тар  көлемді  жағдайларына  «жармасып»  қалмауы  да  мүмкін,  яғни 
ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден 
әлдеқайда  басым  болады.  Мысал  ретінде  хлорофилл  және  фото-
синтездің  пайда  болуын,  яғни  ағзалардың  автотрофты  қоректенуге 
көшуін  атауға  болады.  Бұл  ароморфоз  ғалам  шарымызда  барлық 
тіріліктің  сақталып  қалуына  мүмкіндік  берді.  Жасушалардың,  оның 
органоидтары  және  тіршілік  үдерістері  кезеңдерінің  пайда  болуына 
ароморфоз  жәрдемдесті  деп  есептеуге  болады.  Көпжасушалық, 
мүшелер  мен  олардың  жүйелерінің  пайда  болуы  да  жануарлардағы 
маңызды  ароморфоздау  нәтижесі  деп  есептеледі.  Әрбір  мүшелер: 
тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұқым және жемістің пайда болуы да 
көпжасушалық.  Осылардың  бәрі  ірі  араморфоздар.  Олар  ағзаның 
мүмкіндігін  соншалықты  ұлғайтатын  болғандықтан,  ағзаның 
шынында  да  дамудың  жоғарырақ  сатысына  көшуіне  мүмкіндік 
береді. Ароморфоздар көбінесе ірі жүйелі топтардың пайда болуына 
себепші болып, солардың белгілері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет