Биологиялық прогресс– қарапайымнан күрделіге қарай даму.
Ағзалар қарапайым төменгі сатыдан жоғары сатыларға дейін
көтеріліп, құрылыстарын күрделендіреді. Тіршілік үшін күресте
мұндай ағзалар жеңіп шығып, соның нәтижесінде даралар саны
артады, өмір сүру ортасын немесе ареалын кеңейтеді, жаңа ортаны
игереді. Қазіргі кезде биологиялық прогресс жағдайында тұрған
ағзалар қатарына жабық тұқымды өсімдіктер, жұмыр құрттар,
бунақденелілер, сүйекті балықтар, құстар және сүтқоректілер жатады.
Эволюция бағыттарының проблемаларын шешуге көрнекті совет
ғалымдары А.Н. Северцев, И.И. Шмальгаузен үлкен үлес қосты. Олар
эволюцияның негізгі бағыттарының араморфоз, идиоадаптация және
дегенерациядан
құралатынын
анықтап
береді.
Биологиялық
прогресспен қатар табиғатта биологиялық регресске жүріп жатады.
Биологиялық регресс кезінде даралар санының кемуі, ареалдың
тарылуы және түрдің жойылуы байқалады. Соңғы мәліметтер
бойынша өсімдіктер әлемінде қырықбуындар мен шаңжапырақ-
тардың, ал жануарлардан адамның іс-әрекетіне байланысты суыр,
теңіз мысығынан биологиялық регрессі жүруде.
Достарыңызбен бөлісу: |