22
Шоқан 1861 жылдың жазында Петербургтен келген бойда әке-шешесі
айттырып қойған қызға үйленуге тиісті еді. Ол қыз да оқыған, сауатты жан
екен... Оның әкесі Ахмет Жантөрин - Торғай қазақтарының аға сұлтаны, өз
заманының көрнекті адамы. Шоқан бұл қызға некелесуден бас тартқанда әке-
шешесі қатты наразы болады. Кейіннен ол Петербургтегі досы, ақын А. Н.
Майковке жіберген хатында: «... предназначенная мне невеста была влюблена в
брата моего и писала к нему в это самое время часто нежные послания...» (17) -
деп ақталады. Әрине, Шоқанның іргесін аулақтатуында бұдан басқа да сыр бар
еді.
1861 жылы Петербургтен оралғанда Шоқан
мен достарына арнап бір-
бірден отау тігіледі. Сонда Ажар атты қызметші қыз Шоқан отауына бекітіледі.
Ұлы ғалым оған жан-тәнімен ғашық болады. Өзінің және замандастарының
естеліктеріне қарағанда, қыз керемет сұлу әрі ақылды екен.
Осы оқиғаның бәрін көзімен көрген Шоқанның досы Н. И. Ибрагимовтың
қалам тербеуінде Ажардың керемет сұлулығы соншалық, онымен
салыстырғанда соңғы әйелі Айсара көрікті еместігін тілге тиек етіледі.
Шешесі Шоқанға кездесуге тиым салып, әлгі қызметші қызды бір
төлеңгітке атастырады да Шепенің (Шыңғыстың ағасы)
ауылына көшіріп
жібереді. Одан ары Баянауылға Мұса Шормановтың ауылына жөнелтеді.
Бұл күндер Шоқан мен әке-шешесі үшін ең ауыр күндерге ұласты. Сүйікті
ұлының құйрық-бауыр жесуге уәделескен құрметті ата-ананың қызынан бас
тартуы, онымен тұрмай қызметші қызға көз салып, үйленем деуі Шыңғыс пен
Зейнептің түсінігінше ақылға сыймайтын мәселе.
Алайда,
Шоқан
көп
қиыншылықпен
жүріп
арманына
жетеді. Достары мен інілерінің көмегі арқасында Ажарға қосылып, қысқа
өміріндегі ең бақытты кезін Көкшетауда өткізеді. Бірақ, олардың тәтті сәті
ұзаққа бармайды. Шоқан Ажардан оқыс айырылады. Өлідей не тірідей
айырылғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Кейін ол Әулиеатаны
қоқандықтардан босатқан 1864 жылғы жазда
Тезек төренің қарындасы
Айсарамен некеге тұрады. Бұл Шоқанның үшінші рет үйленуі еді.
Шоқан ауылында жүрген кезінде көптеген қазақ әйелдеріне бас
бостандығын алып берген, сүйген адамына қосылуына жағдай жасаған.
Айталық, 1862 жылдың 6 ақпанында К.К.Гутковскийге жазған хатында
Малтабаров деген саудагерден бір бақытсыз әйелді құтқару үшін 200 сом ақша
мен бір ат бергенін сөз етеді. Әлгі Малтабаровтың өлген ағасының әйелі екен,
бірақ оған тұрмысқа шыққысы келмеген, соны пайдаланған Шоқан бейтаныс
жанның бақыты үшін ақшасын да аямаған.
Өмірінің соңғы Тезек сұлтан ауылында жүрген кезінде де Шоқан әйел
теңдігіне назар аударуды жадынан шығармаған. Шоқанның бұрынғы 5 томдық
жинағына (1961-1970 ж.ж.) Г.А.Колпаковскийге
жазған екі хаты кездейсоқ
себептермен кірмей қалған еді. Ал ол хаттарды 1957 жылы архивтен Әлкей
Марғұлан тапқан болатын. Кейіннен оны Шоқанның соңғы мерекелік жинағына
енгізіпті.
Сол хаттардың бірінде (1желтоқсан 1864 ж.) Шоқан мынандай оқиғаны
хабарлайды. Бір қазақтың 13 жасар әдемі қызы Уваш деген байдың баласына
23
айттырылып қойылған. Сол байдың қолында Тауасар атты іскер, пысық құлы
бар. Әлгі қызды сол құлына әпермекші болған бай оның әке-шешесін орыс
отрядтарының атымен қорқытып, қалың малға 1 сиыр, 13 ешкі береді де алып
алады. Қыздың әке-шешесі қызымызды құлға қоса көрмеңіз деп жалынады.
Оның үстіне, қызға Тауасар құл тіпті ұнамайды. Осы кезде бұл мәселеге Шоқан
араласады да жас қызды Тауасардың қармағынан құтқарады.
Осындай
тарихи материалдарға қарағанда, қазақтың ұлы ғалымы Ш.
Уәлиханов шығыс әйелдерінің тағдырын жазып қана қоймай, олардың бас
бостандығын арашалауға қолынан келгенінше тікелей көмек көрсеткен.
Біздің бүгінгі ұрпағымыз өз халқын сүйіп, адал қызмет етіп, борышын
орындауды Ш.Уәлихановтан үйренсе, қандай жақсы болар еді. Жоғарыда
айтқанымыздай, қазақтың ұлы ғалымы қысқа өмірінде үш рет үйленген.
Бәрінде де өз халқының қыздарына некелесіп, соларды бақытты етті. Оның осы
бір қасиеті туралы Ресейдің талай алдыңғы қатарлы адамдары жазып
қалдырыпты.
Мысалы, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцевтердің естеліктерін қарайық. Шоқан
секілді жігіттің сұлтанына жүрген жерінің бәрінде ниеті аумаған қыз-келіншек
жоқтың қасы деп айтарлық. Әсіресе, Омбы мен Петербургте талай генералдар
мен жоғары шендегі князьдардың қыздарының көбі ғашық болғаны рас...
Тіпті,
патшаның қарындасы, әйгілі сұлу Елена Павловнаның (Федерика
Шарлотта) өзімен достық қатынаста болды. Ал осы Федерика Шарлоттаның
қолын бір сүюге талай генералдар мен маршалдардың қолы жетпей жүрді.
Осынау Қысқы сарайдағы әйелдің Шоқанға көмегі аз тиген жоқ. Мысалы,
ұстазы әрі Омбыдағы өз әкесіндей құрметтейтін К. К. Гутковский қызметінен
қуылып, Петербургке барғанда Шоқан Федерика Шарлоттаға хат жазып, оған
көмек беруін өтінеді. Ол К. К. Гутковскийді жақсы орынға орналастырады және
генерал дәрежесін бергізеді.
Сондай-ақ, Г. Н. Потанин Шоқанның орыс қыздарына қарым-қатынасын:
«...Любил ли Чокан, не знаю. В Омске у него были увлечения, но они
далеко не заходили, и
окончивалось дело тем только, что он более
обыкновенного декламировал стихи Полонского и Майкова. Он говорил, что он
Достарыңызбен бөлісу: