Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата22.09.2023
өлшемі1.18 Mb.
#478266
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Сборник Чокан Валиханов

не может жениться на русской девушке, потому что хочет служить своему 
казахскому народу, а для этого должен остаться мусульманином. В 
действительности в религиозных вопросах он был рационалист. В характере 
Чокана были черты напоминающие черты характера Пушкина или 
Лермонтова» (19) - деп сыр ақтарған. 
Азамат өмірінде үйлену мәселесі ең басты рөл атқарады. Шоқан өмірін 
мысалға алып С.Өтенияз үйлену мәселесіне былай деп жазыпты:
«...Егер махаббат деп түсініп, үйленуді махаббат деп есептесек, әрбір елдің 
нағыз азаматының жүрегінде үш ұлы махаббат болуға тиісті. Біріншісі, 
халқымызға, елімізге арналған махаббат. Себебі әрбір азамат өз халқы үшін 
құрбан болуы керек. Сол үшін өмір бойы қызмет етіп, азаматтық борышын 
орындауға міндетті. Сондықтан халқымызда «Атаңның ұлы болма, халықтың 
ұлы бол», - деген қанатты сөз бар. 


24 
Екінші махаббат - әрбір азаматтың өз ата-анасына, бауырларына, 
туыстарына арналады. Біздің халық «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон 
пішер», - деп айтқан. Ананың ақ сүтін ақтау дегеніміз міне, осы махаббатқа 
арналған сөз. Ал, үшінші махаббат - ол әрбір азаматтың құдай қосқан 
қосағына, қалыңдығына, ғашық қызына арналған сүйіспеншілік, яғни араб 
тілімен айтқанда - махаббат. Азамат осы соңғы махаббат арқылы ұрпақ сүйіп, 
халқының санын көбейтіп, азаматтық борышын орындайды. 
–Міне, осы үш ұлы махаббатқа жүрегінен орын бермеген азамат ешқашан 
дұрыс азамат бола алмайды. Сондықтан халқымыз «Сүйіспеншілік (махаббат) 
адамға құдайдың берген байлығы», - деп әділ бағалаған. Демек, нағыз жігіт 
үшін бірінші - халқы, екінші - ата-анасы, туыстары, үшінші - сүйген жарына 
деген ұлы махаббаттың иесі болуы керек. Бұл айтылған үш ұлы махаббат 
бірімен-бірі тығыз байланысты. Мысалы, азамат халқы үшін қанша көп қызмет 
етсе де, үйленгеңде басқа бір халықтың қызына үйленсе, ол өз халқына жасаған 
қиянат екенін білуге тиісті. Демек, қазіргі қазақ азаматтары жеке өмірінде де 
Шоқаннан үлгі алу керек...» (20). 
Кешегі кеңес дәуірінде еркек пен әйел арасындағы махаббатты жоғары 
шығарды. Сүйген қызың кім болса да соның жолында өлуің керек деп 
тәрбиеледі. Қазақта бұған қарсы айтылған талай мақалдар бар. Мысалы: «Басқа 
елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ит тойған жеріне, ер туған 
жеріне», «Жақсы еркек ағайыншыл, жаман еркек қайыншыл». 
Шоқанның әрбір ісі бүгінгі ұрпағымызға үлгі-өнеге. Әсіресе, біздің 
халықтың арасында басқа ұлттан әйел алғандар толып жатыр. Олар өз халқына 
жасаған қиянатын түсіне ме екен? Қазақтың бір қызын бақытты етсе болмас па 
еді? Шоқанның өз халқын қаншалықты сүйгені және тек өз елінің қызына ғана 
үйленгені нағыз азаматтық екені туралы талай ұлы адамдар жазып кетті. 
Мысалы, Ф. Р. Остен-Сакен: 
«...Валиханов сохранил глубокую преданность своей стране, он любил 
казахскую жизнь, но вместе с тем умел высоко ценить западную 
цивилизацию...» (21) - деп тебіренді. Еуропа тәрбиесін алған белгілі білімді 
адамдардың көп бөлігі Шоқанмен салыстырғанда, өз халқы үшін ештеңеге 
тұрмайтынын Н. М. Ядринцев:
«...Разные обрусевшие переводчики, каңцеляристы и усваивающие 
комфорт правители, инородцы султаны, таиши явились первыми врагами и 
эксплуатировали своих соплеменников чуть ли не хуже, чем русские 
эксплуататоры. Исключения были незначительны, да и они кончили жизнь 
печально, как Чокан Валиханов, Доржи Банзаров» (22),- деп айтқан еді. 
Г.Н.Потанин Шоқанның кадет корпусындағы оқып жүрген шәкірт 
кезіндегі жалынды күндерін «Чокан с либеральным образом мыслей и 
свободомыслием в религиозных вопросах соединил искренную любовь к 
своему народу и мечтал о служении ему» (23) – деп, оның мақсаты мен 
арманының тек өз халқының мүддесіне ғана қызмет ету екенін көрсетеді. 
Ал Шоқанның соңғы әйелінің де қазақ қызы болғаны туралы Ресейдің 
көптеген демократтары мақтанышпен жазды. Мысалы: 


25 
«...Возвращение в юрту даровитого и образованного инородца есть что-то 
драматическое. Цивилизация и культурный блеск для Чокана Валиханова, 
человека чуткого и наблюдательного, имели свою острую и больную сторону...
Джентльмен, денди женится на казахской девушке, как будто он ищет простого 
детского чувства после всевозможных обольщений столицы и света, в которых 
он много видел... 
Старая среда, привычки, привязанности, дом, старое отечество не 
отрывается от сердца легко. Чокан оставался любящим свой народ, свое племя. 
В его мечтах было совместить европейское просвещение и сохранить свою 
народность» (24), - деп Н. М. Ядринцев Шоқанның толық мінездемесін берген. 
Шоқанның асыл қасиеттерін ұлы демократтар бағалап қана қойған жоқ, 
өздерінің ойын келешек ұрпақ үшін тасқа таңба басқандай етіп жазып 
қалдырды. Шоқан өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеу аса қызықты әрі игілікті 
іс болса, оның жалындаған жарқын өмірі бүгінгі ұрпағымызға үлгі етіп көрсету 
және таза ұғындыру негізгі мақсатымыз. 
Жалпы, әйел баласын табиғат ерекше жаратады. Сұлулық пен көркемдікті 
тек әйелге ғана үйіп-төгіп береді. Қай халықта болмасын, сөздің төресі елең, 
сазгерлік шығарма көбіне әйелге, сол бір ерекше жандарға арналады. Әйелдің 
сұлулығын жырлау барлық халықта бар. (25) 
Азамат тарихында небір адамдардың сол бір ерекше жаратылған жандарды 
сүймей, ғашық болмай және оларға сөздің ең жақсысын арнамай кеткендері 
жоқ. Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов та осынау табиғат барлық сұлулықты үйіп-төгіп 
берген жандарға өзінің бай әрі өткір тілімен әсем сөздерді арнапты. Мысалы, 
прекрасный 
пол, 
разрушительницы 
городов, 
нежное 
существо, 
безыскусственные дети природы, разрушительница сердец, сердца 
похитительница, ночная красавица, женщина красавица, похитительницы 
сердец, - деп әйелдерді суреттеуге керемет сездерді пайдаланса, оған деген 
құмарлыкты «весенняя мысль» деп әдемі жазады және суреттейді. (26) 
Біздің бұл жерде айтпағымыз, Шоқан да басқа ұлы адамдар сияқты табиғат 
сұлулығының алдында бас иген. Сол бір ерекше жаратылған жандарды 
суреттеуде қазақ ғалымы талай жаңа қанатты сөздерді тапқан. Әттең, бәрі орыс 
тілінде. 
Ал Ш.Уәлихановтың жігітшілігі туралы әңгіме ететін болсақ, ол өз алдына 
жатқан бір дастан. Табиғат барлық талант пен сұлулықты Шоқанға үйіп-төгіп 
ұсынса, әріне, жігітшілікті де аямай берген. Барлық еркек армандайтын 
жігітшіліктен де өз қатарының алды болған. Ол мәселе, басқа зерттеуіміздің 
үлесі. 
Ш. Уәлиханов шығыс халықтарының тарихын, этнографиясын, тілін 
зерттей жүріп, әйелдерін бақытқа жеткізуді армандап еді. Ұлы ғалым көксеген 
әйел басындағы бақыт біздің халықтар үщін кешегі кеңес өкіметі заманында да, 
орнамады. Кеңес өкіметі әйелдерге еркіндік берсе де, шаруа жұмысын істейтін 
етіп бұрынғы күйінен айырды. Сонау 30-жылдары мыңдаған әйелдер Орта 
Азияның 40 градус аптабында ұзақты күн атызда егін кетпендейтін болды. Сол 
кездегі газет-журналдар мәліметіне қарағанда, егін кетпендейтіндердің негізгі 
күші әйелдерге айналған. Норманы артық атқарғандарды мақтаудан газеттер де 


26 
жалықпапты. Әйелдер бұрын үйінде тек бала тәрбиелесе, кейін олардың 
міндеттерін көбейткен. 
Әрине, қазір біздің өмірімізде әйелдер негізгі күш. Ғылым, техника, 
ендіріс, ауыл шаруашылығы, медицина, яғни өміріміздің барлық саласында 
араласпайтын жері жоқ. Қазақ әйелдері қазір ғылым мен өндірісте де алдыңғы 
шепте жүр. Алайда мақтан тұтқан артықшылық оларды бақытқа жеткізді ме? 
Әрине, Шоқан армандаған бақытты өмірге біздің әйелдеріміз де, елімізде 
келешекте жететін болар, негізгі бақытымыз еліміздің егемендігі...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет