19
қайтып алатынын айтады. Сонымен олар келісімге келеді. Есеней Қаныкейді 10
күн ішінде алып кететіндігі туралы қолхат жазып беріп кетеді.
Арада он күн емес, біраз уақыт өтеді. Ұлпан сынды сұлуды тоқалдыққа
алған Есеней Қаныкейдің артынан бара қоймайды. Тек, 1844 жылдың қараша
айында, Қаныкейдің артынан өзі бармай, бір топ зиялы адамдарды жібереді.
Олардың ішінде мына адамдар бар екен: Аманқарағай округінің аға сұлтаны
Шыңғыс Уәлихановтың 9 жасар баласы Шоқан, сол округтің заседателінің бірі
Төбей Барлыбаевтың әйелі, Есенейдің қарындасы т. б. Бұл оқиға бұдан кейін де
ұзаққа созылады.
Алайда бұл жерде біз ерекше көңіл бөлетін тарихи дерек, осынау жесір
дауына 9 жасар Шоқанның қатысуы. Шыңғыс пен Есеней өмір бойы қарсылас
болған адамдар, әйтседе, ел ішіндегі барлық істерді
таныстыру мақсатымен
Есенейге қатысты болса да, жесір дауына бала Шоқанды әдейі жібереді (2).
Міне, осындай тарихи деректер Шоқанның әйел тағдырына жас кезінен-ақ
араласқанын көрсетеді.
Шоқан 21 жасында Ыстықкөлге, яғни Қырғызстанға жасаған саяхатында
қырғыз әйелдерінің тағдырына да көп тоқталған. Ислам діні қанатын кең
жайған қырғыз елінде қазақтардағы сияқты қыздар түгелдей қалың малдың
құрбаны және жастай күйеуге беріледі. Оны Шоқан: «.. в 18 лет девицы
считаются уже засидевшимися. 15 лет – есть возраст возмужалости девиц. Я
сам видел много молодых аяч - матерей семейства, которым было только 15
лет. Разумеется, что от такого раннего брака женщины стареют скоро. В 30 лет
уже они старушки. Калым у богачей безграничен; 100 лошадей, 20 рабов, 10
беркутов и 10 ружей. Приданное не совсем соответствует калыму: 1 ямба, 100
халатов, сто одеял - это высший дар. Случаи такие бывают редко. Простой же
народ продает дочерей по умеренной цене: 20, много 30 голов скота...» (3) - деп
сол замандағы әлеуметтік жағдайдың қырғыз әйелдеріне қатысты барлық
шындығын өткір тілмен түйрей жазады.
Шоқан қырғыздың бір ауылына келгенде,
оның төре тұқымынан екенін
есіткен ел адамдары алдына ауру жас келіншекті әкеліп:
Мына бақытсыз әйелдің ішіне жын толып кеткен. Соны куып, аластау сіз
секілді ақсүйектің ғана қолынан келеді, - дейді.
Қалайша мен оны қуамын? - дегенде:
Қамшымен аямай сабайсың, - деп ауыл адамдары кәрі-жасы түгелдей
өтініш жасайды. Шоқан бұндай келіссіз істен бас тартқанда, бәрі өкпелейді.
Бұған қатты қиналған ол:
Менің орныма басқа бір жігіт ұрсын, - деп біреуді көрсетіп, өзі зорға
құтылады. Бақытсыз келіншекті бірнеше әйел мықтап ұстап тұрады, әлгі жігіт
оны қамшымен ұра бастайды. Жиналған жұрт: «Ұр, ұр», - деп айқайлайды.
Келіншек босанып қаша жөнеледі. Оны ұстап, қайтадан ұрғызады... Мына
сұмдыққа шыдамаған Шоқан жүгіріп барып жігіттің қолындағы қамшыны
жұлып алады.
«... Бәрі біткен соң мен әлгі ауру келіншекке қарадым. Қос бұрымы оның
тұрмысқа шыққанын айғақтағанмен, жасы 15-тен аспайды. Өзі бір өте әдемі
жаратылған жан екен. Қайғыға бата қос жанарынан жас сорғалай қорыққан ол
20
жан-жағына қарайды, жанашыр адам табылар ма екен деп үміттенетін сияқты,
жүзі тым жүдеу, алайда көрікті жан екені байқалып тұр. Үстінде
жыртылған
халаттан басқа ешқандай киімі де жоқ...
Содан соң сұрастыра жүріп, атын және шыққан ауылын білдім. Күйеуге
үзатылғанына бір жылға таяпты, ал күйеуі жас қырғыз жігіті. Қейін бәрі
түсінікті болды. Қүйеуі оны ұрып-соғыпты, жүзін қарайтын айнасын
сындырыпты, көйлегін жыртыпты. Өзі әке-шешесінің жалғыз қызы. Сондықтан
әкесінің сүйіктісі бұлғақтап, еркін өскен қыз екен. Келін болып түскен жері мен
күйеуінің қаталдығынан бұрынғы еркін әрі бақытты күндерін аңсап, ауруға
шалдығыпты.
«Егер әйеліңді дертінен айықсын десең көйлегін жыртып, айнасын
сындырып, қорлық көрсетпе», - деп күйеуіне айттық. Содан соң туыстарына,
өзіне: «Енді аурудан жазыласың,- деп сендіріп, ілгері жүріп кеттік» (4),- деп
жазады Шоқан.
Мұндай көріністі ол талай ауылдан кезіктірген.
Дарынды ғалым,
революцияшыл демократ Азия халықтарының басындағы ауырпалықты,
надандықпен бірге қалыптасқан ел ішіндегі озбырлықты көркем тілмен толғай
жүріп, келешекте солардың бақытты өмір сүруін армандайды.
21 жастағы жас ғалымға қырғыз ауылдары өз ауылындай әсер еткен. Ол
әрбір ауылдың тіршілігін бай тілімен мәнерлеп жазып, өзінің сүйіспеншілігін
ерекше көрсетеді. Мысал үшін айтсақ, Шоқан:
«... Внутри аула, в середине его, были привязаны жеребята и дойные
кобылы, там же бродили коровы и бараны... (261) .... Около юрт сидели
несколько женщин и варили курт...(5) - деп суреттейді қызықты ауыл өмірін,
құрт қайнатқандар туған елін елестетеді. Ол әйелдерге шын мәнінде
ризалықпен, әсіресе үлкен кісілерге өз шешесі мен әжесі Айғанымды көргендей
қарайды:
«... Одна старушка принесла мне в чашке кумысу. Во взоре и в словах ее
было так много истинной доброты и участия, что я разом осушил чашу, чтобы
только сделать ее довольной» (6)... - дейді тебіреніп.
Ғалым қырғыз әйелдеріне деген барлық ықыласын қыл қалам құдыретімен
де бейнелейді. «Ыстықкөлдік қырғыз әйелдер»(7), «Үш аяш (8), «Қырғыздар
көші» (9) атты құнды суреттерінде олардың киімдерін, тұрмыс-салтын,
көшіп
бара жатқанда түйенің, аттың, сиырдың үстінде отырған сұлу сәтін әдемі
өрнектейді. Тіпті, пәк, кіршіксіз таза көңілді жандар екенін де айқын айғақтай
білген.
Шоқан Құлжа және Қашғария саяхаттарында да шығыс әйелдері
тағдырына көп көңіл бөлген. Шығыс Туркістан халқы мұсылмандық дінін
ұстағанмен, Қытай мәдениетінің әсерінен әйелдер теңдігінен біршама
жетістіктерге жеткен. Бұл өлкеде Орта Азия мен Қазақстанға қарағанда,
әйелдер құқығының әлдеқайда артықшылығын ғалым:
«Всего
лучше кашкарская умеренность выражается выгодным
положением женщин в домашнем и общественном быту. Женщины в Малой
Бухарии занимают почетное место и многие из них приобрели историческую
известность. Жена может оставить мужа, когда ей угодно;
если жена желает
21
развода, то не может взять ничего из дому; если же муж, то он должен
обеспечить ее существование. Замечательно также одно уклонение от
мусульманских обычаев - это временные браки» (10), - деп жазады. Әрине, әйел
басындағы еркіндік жақсы, алайда материалдық қиындыққа байланысты кез
келген баймен әлде саудагермен уақытша некеге тұратындығы ғалымды көп
қынжылтады. Әйелдерді бұзық жолға түсуге душар ететін тұрмыстың
нашарлығын ол:
«В предместьях городов существует много публичных домов, в которых
женщины предаются грязному распутству.
Причины значительной цифры
павших нравственно женщин в Кашгаре происходят всего более от бедности и
нужды. ..» (11) - деп бар шындықпен суреттейді.
Ұлы ғалым қазақ әйелдерінің тағдыры туралы да көп жазып қалдырған.
Оны ең алдымен қатты күйзелткен мұсылман дінінің келуі мен қазақ әйелінің
басынан ерік кетуі... Негізінен, қазақ қыздарының өз еркінсіз жастай қалың мал
құрбаны болып, сүймеген адамына берілуі, одан ары қарай өмір бойы сол үйдің
отымен кіріп, күлімен шығып, күңнің күнін кешуін тасқа таңба басқандай ете:
«... дело о браках и разводах предоставить муллам, был грубый обычай
казахов отдавать дочерей своих в замужество в слишком юных летах и большей
Достарыңызбен бөлісу: