Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі


источниках ХVІ веков. VІІІ т. Ч.1. 143-144, 342 с. - Алматы: Дайк-Пресс



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата22.09.2023
өлшемі1.18 Mb.
#478266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Сборник Чокан Валиханов

источниках ХVІ веков. VІІІ т. Ч.1. 143-144, 342 с. - Алматы: Дайк-Пресс
2006. - 716 с.) 
4. Шоқан жөнінде әңгіме болғанда, оның отбасы туралы айтпай кетуге 
болмайды. Шоқан тәрбиесіне бұрынғы қазақтың дәстүрі бойынша ата-
анасымен қатар атасы мен әжесі де араласқан. Ал оның әжесі дүйім жұртқа 
белгілі Айғаным еді.
Ханым (1783 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сырымбет - 
19 қараша 1853 жылы, сонда) - Уәли ханның кіші әйелі. Ол өз кезеңінің 
алдыңғы қатарлы адамы болған, шығыстың бірнеше тілдерін білген. Санкт-
Петербургтегі, Ресей сыртқы істер министрінің Азия департаментімен хат 
жазысып, Омбыдағы, Тобыл мен Петропавлдағы шенеуніктермен 
тығыз 
байланыс орнатқан. Ол Шоқан үшін нағыз даналықтың үлгісі болды. Әжесі 
оған халықтың ежелгі аңыздарын, әңгімелерін айтып, өткен тарихи оқиғаларды 
еске түсірді. 
Уәли ханның өлімінен кейін (1821 ж.) барлық мұра оның ұлдары арасында 
бөлінді. Хан ордасы - «Ханның қызыл ағашы» - үлкен ұлы Ғұбайдолланың 
ұрпақтарына, Сырымбет Уәлидің кіші әйелі - Айғанымнан туған балалардың 
иелігіне қалды. Уәли өлген жылы Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болатын. 
Әкенің барлық мұрасы ғұрып бойынша үлкен ұлы Ғұбайдоллаға өтуге тиіс еді. 
Бірақ Ғұбайдолла саяси жағдайларға байланысты әке мұрасына ие бола алмады. 
Ол ұзақ уақыт айдауда жүріп, қаза тапты.
Сондықтан Уәли әулетіндегі ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның 
қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше 
шығыс тілдерін меңгерді. Санкт-Петербургтегі Сібір комитетімен, Ресей 
Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен хат жазысып тұрды. Сібір 
қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, Солтүстік Қазақстандағы 
көптеген мәселелерге оның ықпалы тиді. 
Айғанымның өз халқы алдындағы айрықша беделін түсінген патша өкіметі 
қазақтарға қатысты көптеген істерді шешуде ол кісімен ақылдасып 
отырған. Александр І патша Айғанымның өтінішін орындап, Сырымбетте 
қыстау салдырып берген. Қыстау сыртынан ағаш қорғанмен қоршалған. Қорған 


18 
ішінде үлкен үй, мешіт, қонақ үй, үлкен 5 бөлмелі мектеп үйі, монша, диірмен, 
керме, сарай т. б. болған.
1828 жылы Қызылжарда Айғаным Батыс Сібірді тексеруге келген Сенат 
өкілдері В. К. Безродный және Б. А. Куракинмен кездесіп, оларға халықтың 
мұң-мұқтажы жазылған хат тапсырды. Айғаным өз ұлы Шыңғысты Зейнептің 
қарсы болғанына қарамай, Омбы қаласына оқуға жіберді. Шоқанның болашақта 
үлкен ғалым болып қалыптасуына әжесі Айғанымның әсері көп болған. 
Көкшетаулық ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы Қадіржан 
Қабиденұлы Әбуов соңғы жылдары Шоқан және оның бабалары жөнінде 
бірнеше монография, энциклопедиялар жариялады. Оның айтуынша Шоқан 
Сырымбетте дүниеге келген. Былайша айтқанда Айғаным екіқабат келіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет