«отхк» бк» жшс басылым: бірінші



бет10/12
Дата08.06.2024
өлшемі2.21 Mb.
#502448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
sybaylas zhemkorlykka zhne alayaktykka karsy

«ОТХК» БК» ЖШС
сыбайлас жемқорлыққа және
алаяқтыққа қарсы
іс-қимыл саясатына
2-қосымша


Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың мысалдары



  1. Алаяқтықтың төменде келтірілген мысалдары халықаралық және қазақстандық тәжірибеге негізделген. Бұл ретте «ОТХК» БК» ЖШС қызметкерлері өз әрекеттерінің нәтижесінде алаяқтықтың осындай жағдайлары үшін жауапты болатының түсінеді. «ОТХК» БК» ЖШС қызметкерлері үшінші тұлғалар тарапынан ұсынылған, алаяқтық белгілері бар, көрінеу бұрмаланған (қасақана) немесе дұрыс емес деректерге негізделген қателер, кемшіліктер, жаңылыстар жіберген жағдайларда, мұндай әрекеттер үшін Серіктестік қызметкерлері мен үшінші тұлғалар тиісінше жауапты болады.

  2. Инвестициялық қызмет:

  1. тиісті негіздемесіз және келісусіз не жалған негіздемемен және келісумен (уәкілетті алқалы орган Серіктестіктің қажеттіліктерін негізге ала отырып іске асыруға бекіткен жобаларды қоспағанда) Серіктестік қызметіне пайдалы әсерін тигізбейтін, Серіктестік қызметіне жатпайтын инвестицияларды (жобаларды) қаржыландыру;

  2. инвестициялық қызметке бөлінген қаражатты тиісті негіздемесіз және келісусіз не жалған негіздемемен және келісумен мақсатсыз пайдалану;

  3. инвестицияларды жүзеге асырудан қол жеткізілген экономикалық тиімділік туралы деректерді бұрмалау және т. б.

  1. Қаржылық есептілікті қасақана бұрмалау:

  1. жалған активтерді, шығыстарды, кірістерді, міндеттемелерді көрсету не оларды жасыру;

  2. негіздемесі жоқ шығындарды капиталдандыру;

  3. активтерді бағалаумен және бағалау көрсеткіштерімен, резервтермен айла-шарғы жасау (негізгі құралдар, күрделі салымдар, қаржылық салымдар, қорлар және т. б.);

  4. есепті кезеңнің фактілерін басқа кезеңде көрсету;

  5. қаржылық нәтижелер, мүліктік жай-күйі, ақша қаражатының қозғалысы, қаржылық есептілікке түсіндірмелерде шаруашылық өмірдің өзге де фактілері туралы ақпаратты тиісінше жария етпеу және т. б.

  1. Сатып алу:

  1. тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге жеке мақсаттар үшін немесе белгілі бір жеткізушіден қандай да бір пайда алу үшін тапсырыс;

  2. тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге сатып алуды ұйымдастырудың тиісті рәсімін айналып өту үшін жақын тұлғаға немесе туысына тиесілі контрагенттен тапсырыс;

  3. тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер орташа нарықтық бағадан едәуір асатын бағалар бойынша тапсырыс (орташа нарықтық бағаларды айқындауға мүмкіндік беретін құрал болған кезде 30% және одан да көп);

  4. үшінші тарап консультанты шартта жазылғаннан басқа жұмысты орындайды;

  5. үшінші тарап ұйымы оффшорлық юрисдикцияда тіркелген ұйымдарды қоса алғанда, сот шешімі негізінде дәлелденген сатып алуды жүзеге асыру сәтіндегі жалған кәсіпорын болып табылады және т. б.;

  6. шотта көрсетілгенмен салыстырғанда, бірақ толық соманы төлей отырып, тауарлардың аз санын кіріске алу;

  7. тапсырыс жасалмаған жалған шоттарды жасау немесе ұсыну;

  8. сатып алу рәсімдерін жүргізудегі бұзушылықтар;

  9. шартта көзделмеген жұмысқа/қызметке тапсырыстар;

  10. қызметтердің жалпы және анық емес сипаттамасын ғана қамтитын «консультациялық қызметтер көрсетуге арналған» шарттар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет