«отхк» бк» жшс басылым: бірінші


Зиянды өтеу және жауапкершілікке тарту



бет8/12
Дата08.06.2024
өлшемі2.21 Mb.
#502448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
sybaylas zhemkorlykka zhne alayaktykka karsy

8.4. Зиянды өтеу және жауапкершілікке тарту

  1. Серіктестікке келтірілген материалдық залалды өтеу және кінәлі адамды жауапқа тарту заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.



8.5. Корпоративтік алаяқтықтың және/немесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу

  1. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Серіктестіктің Қауіпсіздік секторының басшысы тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицермен бірлесіп ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік секторының басшысы және/немесе тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицер болашақта алаяқтықтың және/немесе сыбайлас жемқорлықтың қайталану мүмкіндігін жою мақсатында дайындалған ұсынымдар негізінде ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды.

8.6. Бақылау және аудит

  1. Серіктестік ішкі бақылау жүйесінің, атап айтқанда бухгалтерлік және басқарушылық есеп жүйесінің тиімділігіне тұрақты бағалау жүргізеді.



9. Жауапкершілік және өкілеттіктер

  1. Барлық лауазымды адамдарға (Байқаушы кеңесінің мүшелері, Бас директор) және Серіктестік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша тікелей жеке міндеттеме жүктеледі.

  2. Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және осы Саясат ережелерін сақтауын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау міндеті жүктеледі.

  3. Серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне, Серіктестік атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін өзге де тұлғаларға, тікелей немесе жанама түрде, жеке өзі немесе қандай да бір делдалдық арқылы, қандай да бір елде бизнес жүргізу практикасына қарамастан, сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттерге қатысуға тыйым.

  4. Серіктестік басшылығы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолдауды қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

  1. активтердің сақталуын қамтамасыз етуге және ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге байланысты қажетті шараларды жүзеге асыру;

  2. алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық белгілеріне уақтылы тексеру жүргізу;

  3. Серіктестік қызметкерлерін жауапкершілікке тарту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету, егер олардың қызметінде жол берілген бұзушылықтар алаяқтық немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соқтырса.

  1. Серіктестіктің басшылары мен қызметкерлері алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты негізде анықтайды және бағалайды, өздерінің жауапкершілік аймағында (бизнес-үрдістерде) алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және орындайды. Осы мақсатта олардың міндеттері:

  1. ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  2. алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық тұрғысынан осал үрдістер мен рәсімдерді анықтау;

  3. сұрау салынатын материалдарды уақтылы ұсыну немесе үй-жайларға/ объектілерге кіру жолымен алдын ала тексеру және/немесе қызметтік тексеру жүргізетін қызметкерлерге/комиссияға жәрдем көрсетуге;

  4. Серіктестіктің тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицерді және Қауіпсіздік секторды өз жауапкершілігі аймағында алаяқтықтың және/немесе сыбайлас жемқорлықтың бар екендігінің барлық белгілері немесе оларды жасау әрекеттері туралы уақтылы хабардар ету.

  1. Өз іс – әрекеттерінің заңдылығына және олардың осы Саясаттың ережелеріне сәйкестігіне күмән туындаған жағдайда, Серіктестік қызметкері осы мәселе бойынша Серіктестіктің тікелей басшысымен немесе корпоративтік этиканы сақтауға жауапты қызметкерімен - Омбудсменмен кеңесу керек.

  2. Осы Саясаттың ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет