«ОТХК» БК» ЖШС
сыбайлас жемқорлыққа және
алаяқтыққа қарсы
іс-қимыл саясатына
1-қосымша
«ОТХК» БК» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«ОТХК» БК» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Серіктестік қызметкерлері үшін қызметтік функцияларды жүзеге асыру кезінде мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарларының құндылық және моральдық жүйесін құру арқылы Серіктестіктегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне бітіспес көзқарасқа қол жеткізуге бағытталған.
Қоғамдық қатынастар саласының атауы: пайдалы қазбалар мен олардың өнімдерін өндіру, өңдеу және сату.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қағидаттары:
заңдылық;
ашықтық;
әдептілік;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
мүдделер қақтығысына жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Серіктестік қызметкерлеріне мынадай мінез құлық нормаларын айқындайды:
заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және Серіктестік қызметінде қолданылатын өзге де елдер заңнамасының талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
Серіктестіктің беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеу;
тікелей басшыға немесе тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицерге мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жеке мүдделілігі, сыбайлас жемқорлық қылыққа көндіру және сыйлықтар алу туралы баяндау;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жеке және (немесе) пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау;
әділ қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестер мен басшыларға жүгінуден бас тарту;
басқа қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, көндірмеуге және мұндай әрекеттерді көтермелемеу;
қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін сыйлықтарды қабылдамау;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік немесе өзге де ақпаратты пайдаланбау;
лауазымға тағайындалудан бас тарту, егер ол жақын туыстық және Отбасылық қатынастардағы адамдарға (ата-аналары, жұбайлары, бауырлары, әпкелері, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, жекжаттары (жұбайының (зайыбының) бауырлары, әпкелері, ата-аналары мен балалары) аталар, әжелер, немерелер) тікелей бағыныстылығымен немесе бақылауында болуымен байланысты болса;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;
сыбайлас жемқорлықтың белгілі фактілері туралы, оның ішінде материалдарды не сарсаңға салу фактілерін жеделдетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелеу туралы басшылыққа немесе тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицерге дереу баяндау;
орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмән туралы тікелей басшыға немесе тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицерге дереу жазбаша нысанда хабарлау;
егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылса, жоғары тұрған басшылыққа, тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицерге жүгіну немесе құпия ақпараттандыру саясатында көзделген Серіктестіктің қолда бар байланыс арналары мен байланыс құралдарын пайдалану;
әріптестерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары құқықтық мәдениетті сақтауды талап ету және қолдау;
мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындау себептері мен жағдайларын және олардың салдарын жою жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдау;
кіріс алуға байланысты кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге жәрдем көрсетуден қалыс қалу;
үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе лоббизм жасаудан, сол сияқты олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан қалыс қалу;
материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау.
Барлық деңгейдегі басшылар қарамағындағылармен қарым-қатынаста талап етіледі:
кадрларды туыстық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;
бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындау;
бағыныстағы жұмыскерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбеуіне жол бермеу;
қарамағындағылар қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде әділдік пен объективтілік таныту, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
қарамағындағыларға анық орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттерінің шегінен шығатын өкімдерді, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдерді бермеу;
қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағылардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбау;
бағынысты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
қарамағындағылар мен басқа да қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;
қарамағындағы қызметкердің өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу жөнінде уақтылы кешенді шаралар қабылдау;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау;
қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;
қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін бағыныстыларды тартуға жол бермеу;
өзінің мінсіз мінез-құлқымен бағынысты қызметкерлерге үлгі көрсету;
Барлық деңгейдегі басшылар осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын қамтамасыз етеді және оларға бағынысты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |