8. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы
іс-қимыл үрдісінің кезеңдері
8.1. Бақылау ортасын жетілдіру
Серіктестікте заңнамаға және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес бақылау ортасын жетілдіру жөнінде тұрақты негізде шаралар әзірленеді, олар мыналарды қамтиды:
Серіктестікте қабылданған нормалар мен қағидаттар туралы және басқа да тәсілдермен хабардар ету арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін қоса алғанда, алаяқтықтың кез келген нысандары мен көріністеріне төзбеушілік қөзқарас жасау;
Серіктестікте кез келген бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысы туралы, оның ішінде аты-жөнің көрсетпестен хабардар ету жүйесін құру, бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдардың құпиялылығына кепілдік беріледі;
контрагентті таңдау және кандидаттарды жұмысқа іріктеу кезінде тиісті байқампаздық қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру;
үйлесімсіз міндеттерді бөлу қағидатын іске асыру және оның сақталуын бақылау;
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, оның ішінде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан оқыту жүйесін жетілдіру;
ішкі аудит / тексеру және тергеу жүргізу.
8.2. Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық белгілерін анықтау
Алаяқтықтың, сыбайлас жемқорлықтың немесе бақылау рәсімдерінің өзге де бұзылуының ықтимал немесе белгілі жағдайының белгілерін тапқан немесе кездестірген кез келген үшінші тұлға немесе Серіктестіктің қызметкері бұл туралы тәуекелдер және комплаенс жөніндегі Офицерге хабарлауға тиіс:
өтініш берген кезде Серіктестік қызметкері мынадай ақпаратты (бар болса) көрсету қажет:
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа итермелейтін адам, сондай-ақ куәгерлер немесе сыбайлас жемқорлық немесе алаяқтық құқық бұзушылықтар жасауға тартылған басқа да адамдар туралы ақпаратты;
Серіктестік қызметкері жасауға бейім болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың нысанасы, оған көндіру тәсілі (параға жығу алу, бопсалау, қорқыту, бопсалау, пара беру және т. б.);
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа итермелеудің күні және басқа да мән-жайлары.
Өтініш аты-жөні көрсетілмеген түрде қалдырылуы мүмкін, бірақ қалауы бойынша, жеке тұлға тегін, аты-жөнін және/немесе байланыс деректерін көрсете алады, осылайша онымен егжей-тегжейлерді нақтылау және хабарламаны қарау нәтижелері туралы хабарлау үшін. Серіктестік сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық белгілері туралы адал хабарлаған барлық тұлғалардың құпиялылығына кепілдік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |