«отхк» бк» жшс басылым: бірінші


Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары



бет4/12
Дата08.06.2024
өлшемі2.21 Mb.
#502448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
sybaylas zhemkorlykka zhne alayaktykka karsy

6. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы
іс-қимылдың негізгі қағидаттары


  1. Алаяқтықты қабылдамау: Серіктестік алаяқтықтың кез келген көріністерін қабылдамайды және алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шаралар мен алдын алу іс-қимылдарының кешенін жүзеге асырады.

  2. Жоғары басшылықтың мысалы (Tone at the Top): Серіктестік Басшылығы (Бас директор және оның орынбасарлары) барлық деңгейдегі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен көріністеріне бітіспес көзқарасты көрсетуі керек.

  3. Жазаның бұлтартпастығы: Серіктестік алаяқтықтың кез келген түріне бітіспес көзқарасты көрсетуі тиіс, алаяқтық туралы келіп түскен хабарларға уақтылы ден қоюы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық немесе бақылау рәсімдерін бұзғаны үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуы тиіс.

  4. Мүдделер қақтығысын болдырмау: Серіктестік Серіктестік қызметкерлері мүдделерімен Серіктестіктің мүдделерінде қақтығысы болған жағдайда Серіктестікте шешімдер қабылдауға тікелей немесе жанама әсер етпеуі керек деп санайды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда Серіктестік қызметкерлері бұл ақпаратты өзінің тікелей басшысына, қауіпсіздік секторына немесе Омбудсменге (этика және комплаенс бойынша «жедел желіге» қоңырау шалу арқылы) хабарлауға тиіс.

  5. Тиісті сақтық: Серіктестік контрагенттермен, жұмысқа кандидаттармен және өзге де үшінші тұлғалармен іскерлік қатынастар туындаған/жалғасқан кезде олардың сенімділігі мен мүдделер қақтығысының болмауын уақтылы тексеруді жүзеге асыра отырып, тиісті тексеру жүргізеді..

  6. Қызметкерлердің және мүдделі үшінші тұлғалардың тартылуы: Серіктестік қызметкерлерді және мүдделі үшінші тұлғаларды осы Саясат талаптарын ықтимал бұзу белгілерінің болуы және алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық туралы куәландыратын фактілер туралы қысқа мерзімде хабарлауға шақырады. Серіктестік барлық қызметкерлерге және сыбайлас жемқорлық белгілері туралы хабарлаған өзге де адамдарға құпиялылыққа кепілдік береді.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет