«отхк» бк» жшс басылым: бірінші



бет3/12
Дата08.06.2024
өлшемі2.21 Mb.
#502448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
sybaylas zhemkorlykka zhne alayaktykka karsy

4. Жалпы ережелер

  1. Осы Саясат Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әкімшілік және қылмыстық заңнамасына, қолданылатын халықаралық заңнамаға, әдеп және комплаенс Кодексіне және Серіктестіктің басқа ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген.

  2. Осы Саясат келесі мақсаттар үшін әзірленген:

  1. Серіктестікте сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу жөніндегі тиімді шараларды іске асыру;

  2. Серіктестіктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінде, оның контрагенттерінде, инвестициялық қоғамдастықта сыбайлас жемқорлық және алаяқтық құқық бұзушылықтарды және олардың кез келген нысандары мен көріністеріндегі әрекеттерді қабылдамау туралы Серіктестіктің ұстанымын біркелкі түсінікті құру;

  3. Серіктестікте сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың туындау тәуекелдерін азайту.

  1. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттарға қол жеткізу келесілермен қамтылады:

  1. Серіктестіктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидаттары мен талаптары туралы жалпылау, түсіндіру және хабардар ету;

  2. Серіктестіктің сыбайлас жемқорлық және алаяқтық қызметке тартылу тәуекелін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу жөнінде сақтандыратын шараларын қолдану;

  3. Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық жағдайлары туралы хабарлау үшін ақпараттық арналарды қамтамасыз ету;

  4. Серіктестіктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің осы Саясаттың ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын білу және сақтау міндетін белгілеу.

  1. Осы Саясатпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес реттеледі.



5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
субъектілері мен түрлері


  1. Серіктестіктің қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілеріне мыналар жатады:

  1. Серіктестікте ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша атқаратын адамдар;

  2. Серіктестік атынан әрекет ететін, өзінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтарды өздері не үшінші тұлғалар үшін алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар, сол сияқты жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларын орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға игіліктер мен артықшылықтар беру жолымен пара беру;

  3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылығы Қылмыстық кодексте, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және өзге де Қолданылатын заңнамада көзделген өзге де адамдар.

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар болып табылады:

  1. жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе көрсетілетін қызметтер беруі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;

  2. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін қызметтер алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;

  3. заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не көрсетілетін қызметтер беруі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;

  4. мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының, немесе ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары деп танылады:

  1. сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету;

  2. алаяқтық;

  3. қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату);

  4. лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;

  5. билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану;

  6. кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;

  7. пара алу;

  8. пара беру;

  9. парақорлыққа делдалдық ету;

  10. қызметтік жалғандық;

  11. қызмет бойынша әрекетсіздік;

  12. қызмет бойынша әрекетсіздік.

  1. Серіктестік мынадай әрекеттерді жол берілмейтін және Серіктестік қызметімен үйлеспейтін деп қарайды:

  1. Серіктестіктің мүдделеріне қайшы келетін қандай да бір құндылықты, лауазымды, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді, өзге де материалдық/материалдық емес игілікті немесе артықшылықты сатып алуға тікелей немесе жанама түрде уәде, ұсыныс немесе рұқсат;

  2. кез келген жеке және заңды тұлғалардың/-ға немесе Саясаттың 8-тармағында көрсетілген тұлғалардың заңда және/немесе Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарында көзделмеген кез келген мүліктік игіліктерді (оның ішінде «кері алым» деп аталатын, қарыз, гонорар, сыйақы, жеңілдік немесе басқа да пайда) ұсынуы немесе қабылдауы;

  3. жалған ұйымдарға немесе меншік құрылымы ашық болып табылмайтын ұйымдарға жасалатын төлемдер;

  4. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жақын туыстарына тиесілі немесе олармен бақыланатын заңды тұлғаларға жасалатын төлемдер;

  5. қолма-қол ақша, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар түріндегі заңсыз сыйақыны беру және / немесе алу;

  6. негізсіз жеңілдіктер алу;

  7. сыйлықтар беру және/немесе алу, оның ішінде қолма-қол ақша түрінде;

  8. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау;

  9. алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен материалдық және материалдық емес активтерді заңсыз иемдену;

  10. рұқсат етілмеген чектерді, борыштық міндеттемелерді, вексельдерді немесе жалған айырбастау мәмілелерін пайдаланатын заңсыз әрекеттер;

  11. ақпараттық технологияларды пайдаланатын алаяқтық әрекеттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет