Отношений и мировых языков имени абылай хана центр корееведения


ІЛЕСПЕ АУДАРМА БАРЫСЫНДА СЫҒЫМДАУ СТРАТЕ-



Pdf көрінісі
бет89/120
Дата14.09.2023
өлшемі3.51 Mb.
#477614
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   120
KSK 9

ІЛЕСПЕ АУДАРМА БАРЫСЫНДА СЫҒЫМДАУ СТРАТЕ-
ГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(КӘРІС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖҰП ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
 
Амангелді А.М. 
Абылай хан анытдағы Қаз ХҚ және ӘТУ, Алматы, Қазақстан 
Андатпа: Берілген мақалада ілепе аударма барысында сығымдау 
стратегясын жүзеге асырудағы негізгі ерекшеліктер, негізгі қағидалар, 
құрылымы мен қиындықтары қарастырылады және жалпы ілеспе аударма 
үдерісі қысқаша сипатталады.
Ілеспе аударма – бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, 
ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару, яғни түпнұсқа мәтіннің айтылуымен 
қатар жүріп отырады. Ілеспе аударманың басты мақсаты барабар аударма 
жасап, ақпаратты жеткізу болып табылады, өйткені, кәсіби ілеспе 
аударма айрықша шарттарда жасалатын аударма. Сөздің түпнұсқасы мен 
аудармасы арасындағы тең емес шарттар, уақыт тапшылығы оған тән 
ерекшеліктерінің бірі. Аудармашының қызметіне тек мәтінді дәл жеткізу 
ғана емес, сол мәтіннің толық мазмұнын жеткізу де кіреді. Дегенмен, 
ілеспе аударма жағдайында мәтіннің әрдайым толық мазмұнының берілуі 
мүмкін бола бермейді. Сондықтан да, аударманың сапасын жоғарылатып, 
сөйлеушінің коммуникативті мақсатын тыңдаушыға жеткізу үшін, 
аудармашылар әр түрлі стратегияларды қолданады. Сығымдау 
стратегиясы ілеспе аударманың негізгі стратегияларының бірі. Сығымдау 
стратегиясы сөйлеушінің коммуникативті мақсатына еш зақым тигізбей 
мәтіннің буындық көлемін азайту тәсілі. Яғни, сығымдау стратегиясы 
айтылған сөз тіркесін аудару барысында буыны аз синонимдік немесе 
мағынасы жақын сөзбен алмастыру арқылы, сонымен қатар қайталанып 
жатқан сөйлеу үзіндісін, және коммуникативтік тұрғыдан артық болып 
келетін мәліметті алып тастау арқылы жүзеге асады. Өкінішке орай, бұл 
саланы шығыс тілдері тұрғысынан жетік меңгерген, мақсатты түрде осы 
тақырыпты қарастырған ғалымдар аз. Көптеген ілеспе аударма 
зерттеушілері сығымдау стратегиясын батыс тілдер тұрғысынан зерттеп, 
қарастырған болатын және корей тілінен қазақ тіліне ілеспе аудармамен 
байланысты ортақ проблемалардың жеткілікті зерттелмегені, осы 
тақырыптың зерттелу өзектілігін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет