Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша экзамен сұрақтарына жауап


Қабақ терісінің жарақаттары және оның дұрыс жазылмауынан (механикалық жарақат, күю, эгземалар, дерматиттер)



бет5/28
Дата18.06.2024
өлшемі80.65 Kb.
#502669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары (копия) (копия)

Қабақ терісінің жарақаттары және оның дұрыс жазылмауынан (механикалық жарақат, күю, эгземалар, дерматиттер),


  • Конъюнктивиттер,


  • Бет жүйкесінің салдануынан жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің жиырылуының болмауы (спазмалық птоз),


  • Кәрілікке байланысты жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің семуі т.б.


  • Белгілері. Қабақ жиегі көз алмасын, қасаң қабықты толық немесе жартылай жаппайды. Конъюнктива ашылып былғанған, кепкен, қалыңдап, сірі қабықтанған. Қасаң қабық кепкен, жарақаттанған. Көзден үнемі жас ағып, астыңғы қабақтың терісінің жүні түскен, жарылған.


  • Емі. Себептеріне қарай. Бет жүйкесінің салдануынан жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің жиырылуының болмауы (спазмалық птоз) мен кәрілікке байланысты жоғарғы қабақтың жапқыш айналым бұлшық етінің семуінде ем тиімсіз. Ал конъюнктивиттерден болған қабақ айналуларында негізгі ауруды емдеу қажет. Қабақ терісінің жарақаттарына байланысты болған қабақтың сыртқа айналуында оперативтік ем жасу тиімді.


  • Операция техникасы: Ол бірнеше әдіс - тәсілдермен орындалады. Оларға Диффенбах тәсілі, Диффенбах - Греф тәсілі, Шимановский тәсілі және Кунтт – Мюллер тәсілі жатады.

  • Бұл тәсілдердің бәрінің негізі қабақ терісінде босаңсыту тіліктерін жасау. Ол үшін жалпы қабылданған ережеге сай операция алаңы дайындалып, жергілікті ауырсындырмау жасалады.


  • Диффенбах тәсілі: Сыртқа айналған жоғарғы қабақтың үстіндегі теріден, ал сыртқа айналған төменгі қабақтың астындағы теріден қабақ жиегінен 0,3 – 0,5 см қабақ жиегіне парелелл ұзындығы айналған қабақ бөлігіне тең тілік жасалады. Осыдан соң тағы төбесі 0,5 – 0,7 см қашықтықта болатын, тағаны қабаққа қараған үшбұрыш (жебе ұшы тәрізді) тері кесіп алынады. Егер қабақ терісінде тыртықтар болса кесіп алатын аумаққа осы тыртықтар түскені дұрыс.





  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет