ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕРІ
Пән: Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен
Пән коды: Epi 5222
Мамандық: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Сағаты: 110
Курс: 5
Семестр: 9-10
2О14
Кафедра мәжілісінде бекітілді
Хаттама №___ _________2014 ж.
Каф.меңгерушісі, м.ғ.к., профессор м.а. Абуова Г.Н.
1.Тақырыбы№1: Эпидемиологияның медициналық ғылымда алатын орны. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясының атқаратын міндеттері.Эпидемиялық процесс туралы ғылым, құрылымы мен факторлары. Эпидемиологияның негізгі теориялары. Экологиялық және филогенездікұқсастығы бойынша жұқпалы (паразиттік) аурулардың жіктелуі, осы ауруларды тудыратын қоздырғыштар.Індет факторлары (биологиялық, әлеуметтік, табиғи).
2.Мақсаты:студенттердің қазіргі кездегі медициналық ғылымдар құрылымында эпидемиологияның теориялық негіздерінің алатын орны, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясың міндеттері, жұқпалы (паразиттік) аурулардың жіктелуі, індеттің факторлары туралы білімін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
-
студенттерге эпидемиологияның қазіргі кездегі медициналық ғылымдар құрылымында алатын орнын, эпидемиялық процесс, жұқпалы (паразиттік) аурулар жіктелуі, індет факторлары туралы білімін қалыптастыру;
-
індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидаларын меңгеру;
-
алдын алу және індетке қарсы шараларды жүргізуді қамтамасыз етіп, қалыптастыра білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Эпидемиологияның қысқаша даму тарихы.
-
Эпидемиологияның басқа ғылымдармен байланысы.
-
Жұқпалы аурулармен күресу проблемалары және эпидемиология қызметінің жетістіктері.
-
Эпидемиология және паразитологияның міндеттері.
-
Жұқпалы (паразиттік) аурулардың жіктелуі.
-
Эпидемиялық процестің факторлары.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар мен оқулықтармен, бақылау сұрақтары мен кеспелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептер мен тестік тапсырларды шешу).
6. Әдебиеттер
негізгі:
-
Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (сұрақтар):
-
Эпидемиялық процесс ретіндегі эпидемиология қандай ғылым?
-
Медициналық паразитология дегеніміз не?
-
Эпидемиология қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
-
Жұқпалы аурулармен күресуде эпидемиологияның негізгі жетістіктері қандай?
-
Жұқпалы аурулармен күресудегі негізгі проблемаларды атаңыз;
-
Жұқпалы аурулармен күресудегі қандай негізгі мақсаттарды эпидемиология шешеді?
-
Эпидемиология ғылымының дамуында шетелдердің және өзеліміздің ғалымдарының қосқан үлестері.
1. Тақырыбы №2: Берілу механизм теориясының анықтамасы: инфекция көздері, қоздырғыштардың берілу механизмі, тұрғындардардың қабылдағыштығы. Тұрғындардың аурущадылық деңгейіне байланысты, әртүрлі топтағы тұрғындар арасында аймақ, мезгіл бойынша індеттің пайда болуына сипаттама беру. Эпидемиялық процестің даму механизмі. Эпидемиялық процестің көріну белгілері. Алдын ала және індетке қарсы шаралар. Індетке қарсы жұмыстарды ұйымдастыру негізі. Індетке қарсы шаралар тиімділігі менсапасы бағалау.
2.Мақсаты: студенттердің эпидемиялық процесс туралы ілім, құрылымын, эпидемиялық процестің факторларын, эпидемиологияның негізгі теорияларын оқып үйрету. Эпидемиялық процестің даму механизмі, эпидемиялық процестің көріну белгілерін, алдын ала және індетке қарсы шаралар, індетке қарсы жұмыстың ұйымдастыру негіздерін, індетке қарсы шаралар сапасы мен тиміділігін бағалауды меңгеру.
3. Оқыту мақсаты:
-
эпидемиялық процесс сипаттамасы, құрылымы, факторларын оқып үйрету;
-
эпидемиологияның негізгі теорияларын анықтауды үйрету;
-
эпидемиялық процестің көріну белгілері, оның құрылымы мен факторларын үйрету;
-
эпидемиялық процестің даму механизмін үйрету;
-
алдын алу және індетке қарсы шараларды, індетке қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздерін үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Эпидемиялық процесс анықтамасы.
-
Инфекция қоздырғышының көзі.
-
Инфекция қоздырғыштың берілу механизмі түрлері.
-
Инфекция қоздырғыштың берілу жолдары.
-
Эпидемиялық процесс көрінуінің аймақ бойынша таралуы, індеттің түрлері мен себептері.
-
Індетке қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздері.
-
Індетке қарсы шаралар сапасы мен тиміділігін бағалау.
-
Эпидемиялық процестің бірінші тізбегіне бағытталған алды алу шаралары.
-
Алдын алу жұмысты ұйымдастыру негіздері.
-
Жұқпалы науқастарды жекешелеу және ауруханадан дұрыс шығару тәртібі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар мен оқулықтармен, бақылау сұрақтары мен кеспелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептер мен тестік тапсырларды шешу).
6. Әдебиеттер
негізгі:
-
Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер):
Сұрақтар:
-
Эпидемиялық процесс дегеніміз не?
-
Эпидемиялық процесс қандай үш тізбектермен тұрады?
-
Жұқпалы ауруларының эпидемиологиялық жіктелуінің қағидалары қандай?
-
Эпидемиялық процестің дамуында әлеуметтік және табиғи жағдайлардың рөлі қандай?
-
Инфекция қоздырғыштарының берілу механизмінің қандай негізгі түрлері бар?
-
Табиғи ошақ теориясының негізгі маңызы неде?
-
Эпидемиялық процестің көрініс белгілерін бағалауда қандай терминдер қолданылады?
Тесттер:
-
Эпидемиялық процесс дегеніміз:
А) Жұқпалы аурулардың адамдар популяциясында таралуы
Б) Жұқпалы аурулардың жануарлар арасында таралуы
В) Қоздырғыштардың қан сорғыш жәндіктер арасында таралуы
Г) Адам немесе жануардың залалдану жағдайы
Д) бактериатасымалдаушының эалалдану жағдайы
-
Эпидемиялық процестің көрінуі – бұл:
А) аурудың созылмалы түрі
Б) аурудың жедел түрі
В) аурушаңдықтың спородиялық түрі
Г) тасымалдаушылық
Д) аурудың атипті түрі
-
Спородиялық аурушаңдық термині:
А) адамдардың жұқпалы аурумен бірлік жағдайда ауруы
Б) осы аймаққа тән емес жұқпалы аурулармен адамдардың ауруы
В) адамдардың жұқпалы аурумен топтық ауруы
Г) адамдардың аурудың абортивті түрімен ауруы
Д) бірнеше елді мекендерде адамдардың топтық ауруы
-
Инфекциялық процесс – бұл:
А)тасымалдаушылық
Б) ауру, тасымалдаушылық
В) елде тұмаудың эпидемиясы
Г) кеміргіштер арасында жұқпалы аурулардың өршуі
Д) үй жануарлары арасында жұқпалы аурулардың өршуі
-
Эпидемиялық процестердің буындары:
А) қоздырғыш күші, берілу механизмі, қабылдағыш ағза
Б) жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, науқас адамдар
В) қоздырғыш күші, таратушы факторлар
Г) ауа, су, топырақ, тұрмыстық факторлар
Д) медициналық құрал жабдықтар
-
Қоздырғыштың өзіндік берілу механизмі анықталады:
А)залалданған ағзаның иммундық қасиетімен
Б) жұқпалы ағымының ауырлығымен
В) инфекция көзінің тұрмыстық жағдайымен
Г) қоздырғыштың этиологиялық құрылымымен
Д) заладанған ағзада қоздырғыштың локализациясымен
-
Вертикальді механизм дегеніміз - қоздырғыш беріледі:
А) заладанған тағам арқылы
Б) заладанған топырақ арқылы
В) тұрған жердегі шаң арқылы
Г)анадан балаға
Д) залалданған су арқылы
-
Экзотикалық инфекциялар дегеніміз:
А) белгілі аймаққа тән жұқпалы аурулар
Б)белгілі аймаққа тән емес жұқпалы аурулар
В) буынаяқтылар арқылы таралатын вирусты жұқпалы аурулар
Г) ауа – тамшылы жұғатын аурулар
Д) тағам арқылы жұғатын инфекциялар
9. Л.В.Громашевскийдің өңдеудегіеңбегiнегiзделген:
А) эпидемиялық процесс туралы іліміне
Б) табиғи ошақ туралы іліміне
В) эпидемиялық барыстың әлеуметтік-экологиялық концепциясына
Г) қоздырғыштардың қасиеті туралы іліміне
Д) паразитарлық жүйенің өзіндік реттелуі туралы іліміне
10. Қоздырғыштың берілу механизмі анықтайды:
А) залалданған ағзада қоздырғыштың орналасуын
Б) ауру ағымының ауырлығын
В) қоршаған ортада қоздырғыштың төзімділігін
Г) аурудың клиникалық түрін
Д) қабылдаушылардың иммундық статусы
1.Тақырыбы №3: Індет ошағы: анықтамасы, шекаралары. Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру.Дәрігерлік учаскедегі жүргізілетін індетке қарсы және алдын алу шаралары. Індет ошағын тексеру кезінде құжаттамалары ресімдеу қағидалары. Жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы жүргізілетін шараларды ұйымдастыру. Індет ошағының орналасуы және оларды жою шараларыбойынша жоспар құру.
2.Мақсаты: студенттердеалдын алу және індетке қарсы шаралар, індетке қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздерін анықтау туралы білімін жетілдіру. Дәрігерлік учаскедегі алдын алу және індетке қарсы шараларын, індет ошағының анықтамасы, шекаралары, аймақты эпидемиологиялық тексеру, індет ошағын тексеру кезінде құжаттамаларын ресімдеу қағидалары, жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру, індет ошағын жою шараларыбойынша жоспарын құру білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
дәрігерлік учаскедегі алдын алу және індетке қарсы шаралар қағидаларын меңгеру;
-
індет ошағын тексеру барысында құжаттамаларын ресімдеу қағидаларын меңгеру;
-
жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидаларын меңгеру;
-
індет ошағын жою шаралары бойынша жоспарын құру қағидаларын меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Жұқпалы аурулар кабинеттерінің рөлі.
-
Індет ошағындағы шаралар.
-
Ошақта жүргізілетін індетке қарсы жұмыстың алгоритмі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар мен оқулықтармен, бақылау сұрақтары мен кеспелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептер мен тестік тапсырларды шешу).
6. Әдебиеттер
негізгі:
-
Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (тесттер):
-
Алдын алу шараларын жүргізеді:
а) жұқпалы аурулар жағдайына байланысты емес
б) жұқпалы аурулардың санаулы жағдайында
в) жұқпалы аурулардың көптеген жағдайында
-
Эпидемияға қарсы заттарға жатады...
а) вакциналар;
б) бактериофаг;
в) эритроцитарлыдиагностикум;
г) ратицидтер.
-
Медициналық емес күштердің жүргізетін эпидемияға қарсы шаралар...
а) изоляциялау;
б) жануарларды вакцинациялау;
в) ас суды залалдау;
г) шұғыл профилактика;
д) санитарлы тазалау населенных мест
-
Медициналық емес күштер жүргізетін эпидемияға қарсы шаралар:
а) жұқпалы ауруларды емдеу;
б) бактерия тасымалдаушыларды анықтау;
в) қадағалаусыз жүрген жануарларды ұстау;
г) радиоактивті қалдықтарды көму;
д) халықты вакцинациялау.
-
Инфекция көзін активті түрде анықтауға жатады...
а) эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жоспарлы түрде қоғамдық тамақтану қызметкерлерін тексеру;
б) жұмысқа түсерде дәрігерлерді, кіші және орта медперсоналды медициналық зерттеуден өткізу;
в) шақыруға байланысты науқасты үйде қарау;
г) жоспарлы госпитализация алдында антигентасымалдаушылық және бактериятасымалдаушылық анықталған жағдайда.
-
Антропоноздар кезіндегі инфекция көзіне бағытталған шаралар:
а) ауырғандарды анықтау;
б) науқастарды изоляциялау;
в) жұқпалы науқастың төсегі мен киімін дезинфекциялау;
г) кеміргіштерді жою;
д) микробтық залалдануға сыртқы ортаны тексеру.
-
Зооноздар кезіндегі инфекция көзіне бағытталған шаралар:
а) жануарларды профилактикалық вакцинациялау;
б) ет өнімдерін ветеринарлы-санитарлы экспертизалау;
в) жануарлар өнімдерін залалсыздандыру;
г) табиғи ошақта кеміргіштерді жою;
д) ауру жануарларды мәжбүрлі түрде сою.
-
Жұқпалы науқастарды госпитализациялауға эпидемиологиялық көрсеткіштер:
а) барлық ауырғандар;
б) аурудың ауыр түрімен;
в) гигиеналық қолайсыз жерде тұрушылар;
г) декреттелген топтар.
-
Жұқпалы науқастарды клиникалық көрсеткіштеріне қарап госпитализациялау:
а) барлық ауырғандар;
б) аурудың ауыр түрімен;
в) гигиеналық қолайсыз жерде тұрушылар;
г) декреттелген топтар.
-
Антропонозды инфекциялардың берілу механизміне бағытталған шаралар:
а) науқасты анықтау және изоляциялау;
б) науқастың заттарын және бөлмесін дезинфекциялау;
в) науқаспен қатынаста болғандарға шұғыл түрде алдын алу шараларын жүргізу;
г) жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылардың санының азаюы.
1. Тақырып №4: Жұқпалы аурулар нозогеографиясы: басты (ғаламдық), аумақтық және аймақтық нозоареалдар, жұқпалы және паразиттік аурулар қоздырғыштарының ареалдары, оларды анықтайтын факторлар. Аймаққа эпидемиологиялық сараптама жүргізу әдістері. Эпидемиолог-маманының құқығы мен міндеттері. Эпидемиологиялық қадағалау басты бір кезеңдерініңбірі ретіндегі індетке қарсы жұмысты жоспарлау.
2. Мақсаты: студенттерде жұқпалы аурулар нозогеографиясы, індетке қарсы жұмысты жоспарлау қағидалары, эпидемиолог-маманының құқығы мен міндеттері, аймаққа эпидемиологиялық сараптама жүргізу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
аймаққа эпидемиологиялық сараптама жүргізу әдістерін меңгеру;
-
індетке қарсы жұмысты жоспарлау қағидаларын меңгеру;
-
эпидемиолог-маманының құқығы мен міндеттерін меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
жұқпалы аурулардың нозогеографиясы
-
эпидемиологиялық сараптама әдістері
-
эпидемиолог-маманының құқығы мен міндеттері
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар мен оқулықтармен, бақылау сұрақтары мен кеспелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептер мен тестік тапсырларды шешу).
6. Әдебиеттер
негізгі:
1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. –Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 -2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (сұрақтар):
1. МСЭҚД дәрігер-эпидемиологі қандай шараларды орындайды?
2. Дәрігер-эпидемиолог құқықтары қандай?
3. Дәрігер-эпидемиолог неге жауапты?
4. Дәрігер-эпидемиолог ҚР қандай негізгі заңдарын білуі қажет?
1. Тақырып №5: Жоспарлау әдістері. Індетке қарсы жұмыстың сапасы мен тиімділігін бағалау. Эпидемиологтің ақпараттық базасы, ақпарат берудіңнегізгі көздері. Эпидемиологиялық зерттеуде статистикалық көрсеткіштерді қолдану: салыстырмалы өлшемдер, көрнекілік көрсеткіштер. Эпидемиологиялық диагностиканың негізгі бөлімдері мен кезеңдері. Эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу және алдын ала хабарлау.
2. Мақсаты:студенттердеіндетке қарсы жұмыстың сапасы мен тиімділігін бағалау, жоспарлау әдістерін, эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу және алдын ала хабарлау білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
-
жоспарлау әдістерін меңгеру;
-
эпидемиологтың ақпараттық базасын меңгеру;
-
эпидемиологиялық зерттеудегі статистикалық көрсеткіштерді меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
індетке қарсы жұмыстың сапасы мен тиімділігін бағалау;
-
эпидемиологиялық диагностика негізгі бөлімдері менкезеңдері;
-
эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу және алдын ала хабарлау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар мен оқулықтармен, бақылау сұрақтары мен кеспелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептер мен тестік тапсырларды шешу).
6. Әдебиеттер
негізгі:
-
Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. – Шымкент: «Кітап» баспасы, 2012. – 540б.
-
Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалыаурулардыңстандарттықанықтамасыжәнеатқарылатын
шараларалгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
қосымша:
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. -Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал— Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 -2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы
7. Бақылау (тесттер):
1. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатын көрсетіңіз:
-
жұқпалы ауруларды тіркеу және есепке алу
-
ошақта эпидемияға қарсы шараларды жүргізу
-
жұқпалы аурулар ошақтарын эпидтексеру
-
керекті ақпараттарды жинау және талдау
-
эпидпроцесс өзгерістерін уақтысында анықтау
2. Эпидемиологиялық қадағалау міндетін көрсетіңіз:
-
эпидпроцесс көріністерінің мониторингі
-
эпид.ошақтарды тексеру
-
эпид.ошақпен жанасқандарды бақылау
D) жұқпалы ауруларды тіркеу және есепке алу
E) тұрғындардыиммунизациялау
3.Эпидемиологиялық қадағалау маңызды бақылау қызметін көрсетіңіз:
А)жұқпалы ауруларды тіркеу және есепке алу
В)эпиджағдайды болжау
С)эпид.ошақтарда эпидемияға қарсы шараларды жүргізу
D) эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау
E)эпидемияға қарсы шаралар тиімділігін бақылау
4. Эпидемиологиялық қадағалау–бұл жүйе:
-
медициналық көмек
-
ошақтардағы эпидемияға қарсы шаралар
-
эпидпроцессті бақылау, талдау және болжау
-
тұрғындарды эпидемиядан қорғау
-
эпид.ошақтарды тексеру
5. Эпидемиологиялық қадағалау– бұл:
A) алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесі
B) нақты жұқпалы (паразитарлық) аурулардың эпидпроцесін көпаспектілі және үнемі динамикалық жүйесін бақылау
C) санитарлық-гигиеналық шаралар жүйесі
D) дезинфекциялық шаралар жүйесі
E) тәртіпті-шектеу шаралар жүйесі
6. Эпидемиологиялық қадағалау сатылары:
А) ақпараттық
B) басқарушылық
C) статистикалық
D) диагностикалық
E) сандық бағалау
7. Эпидемиологиялық қадағалау қысқаша маңызы:
А) жұқпалы ауруларды динамикалық бақылау+
B) статистикалық мәліметтерді талдау
C) ошақтарды эпидемиологиялық тексеру
D) математикалық үлгілеу
E) болжау
8. Жұқпалы аурулар әлеуметтік маңызын бағалаңыз:
A) сырқаттылықтың көпжылдық көрсеткіштері бойынша
B) сырқаттылықтың жылдық көрсеткіштері бойынша
C) ошақтағы жұқпалы аурулардың саны бойынша
D) бактериотасымалдаушылар саны бойынша
E) сау адамдарға зиян келтіретін аурулар
9. Эпидемияға қарсы жұмыстың сапасын бағалаңыз:
A) жұқпалы аурулардың абсолютті сырқаттылығының төмендеуі бойынша
B) фактілік сапалылығының потенциалды және айқындалған пайызына арақатынасы
C) эпидемияға қарсы заттар тиімділігі бойынша
D) антибактериалды заттардың сапалылығы бойынша
E) тиімділік индексінің қорғау көрсеткіштеріне арақатынасы
10. Эпидемиологиялық диагноз қою процесі басталады:
А) жұғудың мүмкін болған уақытын анықтаудан+
B) диагностикалық мақсатын құрастырудан
C) ошақты зертханалық зерттеулерден
D) науқасты зертханалық тексеруден
E) ошақтың пайда болуы туралы жұмыстың болжамын құрудан
11. Эпидемиологиялық диагностика маңызы:
А) сырқаттылықтың көрінісін тану
B) науқастың жағдайы бойынша ауруды анықтау
C) аурудың симптомдарының түрі бойынша бөлу
D) зертханалық зерттеулердің мәліметтерін талдау және қадағалау
E) пациенттерді тексерудің клиникалық құралды мәліметтері
12. Эпидемиологиялық диагностикалау үшін қолданылады:
А) эпидемиялық процесс
B) эндемиялық процесс
C) инфекциялық процесс
D) халықтың құрылымы және саны
E) алдын ала жүргізілетін жұмыстың көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |