Жағдайлық есеп №7
2 жастағы бала уйде қызба және бүкіл денесінде бөртпе шығуына байланысты емделген. Сырқатының 9 – шы күні теңселіп жүрісі бұзылды. Дене қызуы қалыпты, букіл денесінде қабыршақтанулар бар, менингиальды белгілері теріс, Ромберг кейпінде тұра алмайды, басын ұстай алмайды. Ликвор көрсеткіші:
белок 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша.
1.Сіздің диагнозыңыз.
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
Жағдайлық есеп №8
10 жасар бала, әлсіздікке, басының ауруына, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне, бір жақ құлақ маңының ауырып ісінуіне шағымданады. Ауырғанына 1 күн болған.
1.Сіздің диагнозыңыз.
2.Тексеру жоспарын құрыңыз.
3.Қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізесіз?
1. Тақырыбы №16: Іш сүзектің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың этиологиясы, эпидемиялық процесіне сипаттама, індетке қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасын, алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау туралы теориялық білімдерін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге іш сүзегі, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың эпидемиялық процесінің, даму механизмі туралы білімін жетілдіру;
-
Алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидаларын үйрету;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың эпидемиологиялық қадағалау негіздерін үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың жалпы сипаттама, этиологиясы;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың адам ағзасындағы эпидемиялық процесінің даму механизмі, жасырын кезеңі;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың эпидемиялық процесінің белгілері, таралуы, аурушаңдық құрылымы, маусымдық кезеңі;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың қабылдағыштығы және иммунитеті;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың эпидемиологиялық ерекшеліктері;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқақтың арнайы алдын алу және ошақта жүргізілетін індетке қарсы шаралар;
-
Іш сүзегінің, А мен В паратифтерінің, сальмонеллездің, шигеллездің, тырысқаққа эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастар курациясы, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиеттер:
негізгі:
1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Іш сүзегінің қоздырғыш көзі
а) Ауру адам
б) Бактериялар
в) Үй жануарлары
г) Насекомдар
д) Жазылу сатысы
2. Іш сүзегінің қоздырғышы болып табылады
а) грам теріс таяқшалар
б) грам оң таяқшалар
в) спорлық таяқшылар
г) салтионелла typhus ahdominalis
д) вирус
3. Іш сүзегінің жасырын кезеңі
а) 7 күнен 25 күн
б) бірнеше сағат
в) 7 күн
г) бірнеше ай
д) бірнеше күн
4. Іш сүзегінде зертханалық диагностика аламыз
а) қан
б) қақырық
в) өт
г) дәр
д) нәжіс
5. Тамақ қалдығына жүргізілетін дезинфекция:
а) 1% хорамин ертіндісі
б) 0,5 хлорамин ертіндісі
в) жүргізілмейді
г) 5% мезгіл ертіндісімен
д) құрғақ хлор ертіндісінің тамақ қалдығына жүргізілетін тамақ қалдығына 1-5х қатынасы құрғақ хлорамин ертіндісі
6. Сүзек – парасүзекті аурумен ауырған науқастар ауруханадан шығару қағазы беріледі:
а) толық клиникалық сауығудан кейін
б) темпераура қалыпты болған соң 7-10 күннен кейін
в) температура қалыпты мезеттен 2 күннен соң
г) температура қалыпты болғаннан бастап күннен кейін
д) температура қалыпты болған күннен бастап, 21 күннен соң
7. Сүзек – парасүзекті ауруымен жанасқандарды бақылайды:
а) 7 күн
б) 21 күн
в) 14 күн
г) 2 ай
д) 6 күн
8. Тырысқақ негiзгi спецификалық диагностикасы - ... .
a) бактериологиялық
б) вирусологиялық
в) биохимиялық
г) иммунологиялық
д) биологиялық
9. Тырысқақ кезiндегi алғашқы көмектiң негiзгi мақсаты -... .
a) жоғалтқан сұйық пен электролиттiң орнын толтыру
б) тырысқақ вибрионының көбеюiн тоқтатуы
в) гипертермия мен күресу
г) iште ауруды төмендету
д) пневмониямен күрес
10. Тырысқақ кезiндегi қызба ... .
a) гипотермияға бейiм
б) субфебрильдi
в) қысқа мерзiмдi
г) жоғары, ұзақ
д) толқын тәрiздi
Жағдайлық есеп №1
Р. азаматтың 7 адамнан тұратын жанұясында бір апта ішінде 3 адам іш сүзегімен ауырған. Ауырғандар 10, 12, 14 жаста.
Шағымдары: әлсіздік, қалтырау, бас ауру, тамаққа тәбеттің болмауы, дене қызуы -38-390С. Аурулар ауруханаға жатқызылған, диагноз «іш сүзегі» - деп қойылған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл жанұяның сүтті бір сатушыдан сатып алатыны анықталған. Сүт сатушыны тексергенде іш сүзегінің қоздырғыштары табылған, фаготиптері ауырған балалардың фаготиптерімен бірдей.
Жұқпа көзін, таралу жолдарын анықтау. Алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Жағдайлық есеп №2
Жұқпалы аурулар ауруханасына «іш сүзегі» диагнозымен ауру адам жатқызылған. Науқас асханада аспазшы болып жұмыс істейді. Жанұясында 4 адам бар. Суды даладағы су құбырынан алады. Әйелі – бала бақшада тәрбиеші. Баласы – колледж студенті. Қызы - мектеп оқушысы.
Эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау.
Жағдайлық есеп №3
Үлкен қаланың бір аймағында соңғы айда 5 паратиф ауруы анықталған.
Ауырғандар түрлі үйлерде тұрады, үйлерінде тамақтанады, сапалы сумен қамтамасыз етілген.
Эпидемиологиялық тексеру барысында барлық ауырғандардың бір адамнан сүт сатып алғаны анықталған: Сүт сатушы адам қалаға жақын ауылда тұрады, 16 жыл бұрын парасүзек ауруымен ауырған.
Жұқпа көзін анықтау. Індетке қарсы шараларды жоспарлау.
Жағдайлық есеп №4
5 жастағы балаға өткір дизентерия диагнозы қойылған, бала бақшаға бармайды. Жанұясы 4 адамнан тұрады, 2 жасар інісі бала бақшаға барады, анасы сыра сатушы, әкесі-заводта жұмысшы. Жанұя 3 бөлмелі пәтерде тұрады, оның бір бөлмесінде басқа жанұя тұрады, олардың 2 жасар бөбектер тобына баратын баласы 4 ай бұрын іші жиі өтіп ауырған, 2 айдан кейін қайтадан іші өткен.
Ошақты жою шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп № 5
Бала бақшада 3 күн ішінде 45 баладан 28-і ауырған. 25-інде тамақтан улану белгілері болған, 3 -інің нәжісінде қанмен шырыш аралас болған.
Аурулардың нәжісінен, құсықтарынан шигелла Зонне табылған.
Ауырған балалар түрлі топтарға қатысады. Асханадан алынған жұғындылардан да шигелла Зонне табылған. Ыдыстармен қаймақ берілген. Қаймақ бөлме температурасында сақталған. Қаймақты бұл бала бақшада жұмыс істемейтін завхоздың әпшесі таратқан.
Ошақты жою шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп №6
20-21 қыркүйек күндері бала бақшаның 3 тобында бір уақытта 15 бала ауырған. Ауырған балалардың дене қызуы көтерілген, іштері ауырып жиі-жиі өткен. 22 қыркүйекте тағы 4 бала ауырған. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Диагноз – дизентерия.
Өршудің себебін анықтау, ошақты жою шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп №7
Шет елден, жапон теңізінен портқа кеме келген.
Кемеден «кемеде тырысқаққа ұқсас 3 ауру анықталды» - деген радио хабарландыру келіп түскен. Кеме жолда бір портқа кірген, онда су алған.
Кемеде 48 команда қызметкері, 38 жолаушы бар.
Кемеде дәрігер, изолятор, антибиотиктер, дезинфекциялық заттар бар.
Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп №8
Ауруханаға тырысқаққа күдікті науқас жеткізілген: іші жиі өткен, құсқан,
дене қызуы–37,1°. Науқас адам ауырардан 3 күн бұрын ауылға тойға барған.
Тойда барлығы 150-200 адам болған, оның ішінде 12 адам басқа жақтан келген. Ауылда 1200 адам тұрады. Ауыл өзен бойында, шекараға жақын жерде орналасқан. Ауыл тұрғындары суды өзеннен алады, су дұрыс хлорланбайды. Соңғы 2 ай ішінде ауылда 95 асқазан-ішек аурулары тіркелген, аурулар ауруханаға жатқызылмаған, 5 адам қайтыс болған.
Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.
1. Тақырыбы №17: Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның этиологиясы, эпидемиолиялық процесіне сипаттама, індетке қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы білімдерін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның этиологиясы туралы білімдерін жетілдіру;
-
Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның эпидемиялық процесінің сипаттамасын үйрету;
-
Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары туралы үйрету;
-
Эпидемиологиялық қадағалау және оның мақсаты.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның қоздырғыштарының сипаттамасы, ерекшеліктері;
-
Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның адам ағзасындағы эпидемиялық процестің даму механизмі, жасырын кезеңі;
-
Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның эпидемиялық процесінің көрінісі және даму механизмі, маусымдық кезеңдері, эпидемияның түрлері, эпидемияның себептері;
-
Эшерихиоздың, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулездің, энтеровирустық инфекция, ротавирустық инфекцияның індетіне қарсы іс-шаралар (әлеуметтік сипаты бар санитарлық-гигиеналық шаралар) және т.б.
-
Эпидемиологиялық қадағалау, аурушаңдықтың динамикасы, құрылымы және деңгейі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиеттер:
негізгі:
1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (тесттер, есептер):
1. Ротавирусты гастроэнтеритке қатысты дұрыс бекітуді атаңыз:
а) қоздырғыш қоршаған ортада қалыпсыз
б) ауру тропикалық елдерде тараған
в) көбінесе кішкентай балалар ауырады
г) негізгі берілу жолы ауа-тамшы
д) инфекция қоздырғыш көзі ауру адамдар және жануарлар болып табылады
2. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Ротавирусты гастроэнтериттің клиникалық көрінісіне тән:
а) эпигастрий және іштің ортаңғы аймағындағы ауырсыну
б) қайта құсу
в) аз уақыт ішіндегі қызба
г) ұсақ нүкте бөртпесі
д) сулы диарея
3. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: ротавирусты гастроэнтерит диагнозы ... дәлелденеді.
а) нәжісте вирустың болуымен
б) биопробамен
в) комплементтерді байланыстыру реакцясы
г) гемаглютинация реакциясы
д) иммунды ферментті анализ
4. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Ротавирусты гастроэнтеритің ажырату диагностикасын ... ауруымен жасайды.
а) тырысқақ
б) сальмонеллез
в) тағамдық токсикоинфекця
г) дизентерия
д) ботулизм
5. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: ротавирусты гастроэнтерит кезіндегі негізгі емдеу тәсілі:
а) вирусқа қарсы дәрілер
б) клиникалық көрсеткіштерге байланысты ауруханаға жатқызу
в) диета
г) пероральді регидратация
д) көрсеткіштерге байланысты тамырішілік регидратация
6. Ротавирусты гастроэнтериттің берілу механизімі:
а) су, тағам
б) парентеральді
в) вертикальді
г) трансмиссивті
7. Ротавирусты гастроэнтеритпен ауру-сырқаулықтың көп тіркелуі ... болады.
а) 2 жасқа дейін
б) мектеп жастағыларда
в) ересектерде
г) әйелдерде
8. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Герпангина:
а) 1 типті жай герпес вирусымен шақырылады
б) жұмсақ және қатты таңдайда папулалардың пайда болуы тән
в) қызбамен қоса жүреді
г) герпетикалық стоматитпен ажыратылады
д) симптоматикалық дәрілік заттармен емделеді.
9. ЭВИ-ны шақырады.
а) пикорновирустар
б) коксаки және Echo вирустар
в) бактериялар
г) риккетсиялар
д) қарапайымдылар
10. Герпангинаны шақырады.
а) жәй герпес вирусы
б) коксаки вирусы
в) Эпштейн-Барр вирусы
г) гепадновирустар
д) ретровирустар
11. ЭВИ-ға тән.
а) дене қызуының жоғарлауы, миалгия
б) буындардың ауырсынуы, жөтел
в) некроздық ангина, дене қызуының жоғарлауы
г) миопия, кереңдік
12. ЭВИ-ның клиникалық көрінісіне жатады.
а) склерит
б) пигментация
в) геморрагиялық бөртпе
г) кератоконъюктивит
Жағдайлық есеп №1
2 жасар бала, қыс мезгілінде жұқпалы ауруханаға мына шағымдармен түсті: құсу, сұйық, сулы, көпіршікті, қоспасыз 3-4 рет іш өту, мазасыз, шамалы жөтеледі. Емхана дәрігері ротавирусты инфекцияға күдіктенді.
-
Індетке қарсы шараларды көрсетіңіз?
Жағдайлық есеп №2
2 жасар бала, қыс мезгілінде жұқпалы ауруханаға мына шағымдармен түсті: құсу, сұйық, сулы, көпіршікті, қоспасыз 3-4 рет іш өту, мазасыз, шамалы жөтеледі. Емхана дәрігері ротавирусты инфекцияға күдіктеніп, ауруханаға жіберілді. Отбасында балабақшаға баратын тағы 2 бала бар.
-
Жанасқандарға қандай алдын алу шаралары жүргізілуі тиіс.
1. Тақырыбы №18: Полиомиелиттің, қоздырғышы нәжіс-ауыз арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГА және ВГЕ), энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың этиологиясы, індетке сипаттама беру, індетке қарсы және алдын алу шараларының қағидаттары. Эпидемиологиялық қадағалау. Нәжіс-ауыз арқылы берілетін вирустық гепатиттер және ротавирустық энтерит кезінде жүргізілетін шаралар стандарты мен алгоритмі.
2. Мақсаты: студенттерді нәжіс-ауыз арқылы берілетін А және Е вирустық гепатиттердің этиологиясын, эпидемиялық процесске, індетке сипаттама беруді үйрету. Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыруды, алдын алу шараларын жүргізуді үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
-
А және Е вирустық гепатиттердің, полиомиелиттің, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың этиологиясы жөніндегі білімдерін жетілдіру;
-
А және Е вирустық гепатиттердің, полиомиелиттің, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың эпидемиологиясының негіздері туралы білімдерін жетілдіру;
-
А және Е вирустық гепатиттердің, полиомиелиттің, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың эпидемиялық процесіне сипаттама беруді меңгеру;
-
А және Е вирустық гепатиттердің, полиомиелиттің, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың індетіне қарсы іс-шараларды жүргізу қағидаларын меңгеру;
-
А және Е вирустық гепатиттердің, полиомиелиттің, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың алдын алу жүргізу қағидаларын меңгеру;
-
А және Е вирустық гепатиттердің, полиомиелиттің, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялардың эпидемиологиялық қадағалау жүргізу қағидаларын меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Полиомиелиттің этиологиясы, эпидемиялық процесіне сипаттама.
-
Полиомиелиттің алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.
-
Энтеровирусты және ротавирусты инфекциялардың этиологиялық құрылымы.
-
Энтеровирусты және ротавирусты инфекциялардың ошақтарындағы індетіне қарсы жұмыс.
-
Нәжіс-ауыз арқылы берілетін А және Е вирустық гепатиттердің этиологиясы, эпидемиялық процесіне сипаттама беру және олардың ерекшеліктері.
-
А және Е вирустық гепатиттерінің алдын алу және індетін өарсы шаралары және оларды эпидемиологиялық қадағалау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар және оқулықтармен жұмыс, бақылау сұрақтары және үлгілермен жұмыс, тестілік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемилогия. –
Шымкент: Кітап, 2013. - 544 б.
қосымша:
2. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
4. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
5. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
7. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А.– Жұқпалы ауруларды иммунды
әдіспен алдын алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.
8. «ҚР ДСМ егу кестесі». Бұйрық. – 26.06.1995ж.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. А вирустық гепатитінде берілу механизмі келесі жолдармен жүзеге асырылады;
а) су,тағам
б) ауа-тамшы
в) вертикальды
г)трансмиссивті
2. А вирустық гепатитін жалпыламай жұқтыру ... арқылы болуы мүмкін;
а) тұрмыстық заттар
б) ауа
в) қан
г) су
3. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде А вирустық гепатитінде ықтималды берілу факторы ... :
а) тұрмыстық заттар
б) ауа
в) қан
г) тағам
4. А вирустық гепатиті диагнозы қойылғанда науқас:
а) ауруханаға жатқызылмайды
б) барлық кезде жатқызылады
в) клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес жатқызылады
г)балалар мекемелерінде оқшауланады
5. А вирустық гепатитімен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған адам:
а) Ig A –анти ВГА тексеріледі, 35 күн аралығында бақыланып, термометрия жүргізіледі
б) аланинаминотрансфераза белсенділігіне тексеріледі
в) басқа қалаға ауыстырылады
г)мектепте оқшауланады
6. А вирустық гепатитіменнегізгі ауыратындар:
а) Бір жасқа дейінгі балалар
б) 4 - 15 жастағы балалар
в) ересектер
г)қариялар
7. А вирустық гепатитінің қоздырғышын бөліп шығаратын мерзім:
а) Жасырын кезеңнін бастапқы кезеңінде
б) Жасырын кезеңінде
в) Жасырын кезеңнің соңғы 10 күнінде, аурудың өршіген кезінде
г) реконвалесценции кезеңінде
8. А вирустық гепатитін жұқтыру ... арқылы болуы мүмкін;
а) су
б) тағам
в) қан
г) мектеп-интернаттардағы, балалар үйіндегі тұрмыстық заттар
9. А вирустық гепатитінде берілу механизмі;
а) ауыз-нәжістік
б) аэрогенді
в) парентеральды
г) жанасу
10. А вирустық гепатитінде инфекция көзін дұрыс көрсетіңіз ;
а) адам
б) ауыл шаруашылығындағы жануарлар
в) адам және жануарлар
г) кемірушілер
д) қан сорғыш буынаяқтылар
Жағдайлық есеп №1
А вирустық гепатиті диагнозы автомобиль жүргізушісіне 1-сарғайған күні ауруханаға жатқызылған. Отбасында; жұбайы зауыт инженері, қызы балабақшаға барады, баласы 8 жаста, 10 күн бұрын лагерьге дем алуға кеткен.
-
Қандай іс-шара қолдану қажет?
Жағдайлық есеп №2
30 жастағы әйелге А вирустық гепатиті диагнозы сарғаю кезеңінің 2-ші күні қойылған. Баласы 9 жаста, санаторияға 5 күн ілгері кеткен.
-
Баласы анасынан ауру жұқтыруы мүмкін бе?
Жағдайлық есеп №3
30 жастағы әйелге А вирустық гепатиті диагнозы сарғаю кезеңінің 2-ші күні қойылған. Баласы 9 жаста, санаторияға 5 күн ілгері кеткен.
Диспансерлік бақылау қалай жүргізілу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |