ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет6/9
Дата26.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#159059
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы №19: Қоздырғышы парентералды жолмен берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГО) этиологиясы, індетке сипаттама беру, қазіргі уақытта олардан сақтану тәсілдері.АИТВ — инфекциясының этиологиясы, індетке сипаттама беру, оның әлемде және ҚР-да таралуының алдын алу қағидаттары ұйымдастыру. Эпидемиологиялық бақылау, АИТВ - инфекциясына қарсы және алдын алу қағидаттары.ЖИТС-инфекциясы кезінде жүргізілетін шаралар стандарты мен алгоритмі.Вирустық геморрагиялық қызбаға жалпы сипаттама беру. Аса қауіпті Эбол, Марбург, Ласса, сары қызбалары.

2. Мақсаты: Студенттерге қоздыргышы парентералды жолмен берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГО) этиологиясы, індетке сипаттама беру, қазіргі уақытта олардан сақтану тәсілдерін, АИТВ — инфекциясының этиологиясы, індетке сипаттама беру, оның әлемде және ҚР-да таралуының алдын алу қағидаттары ұйымдастыруды, Эпидемиологиялық бақылау, АИТВ - инфекциясына қарсы және алдын алу қағидаттарынЖИТС-инфекциясы кезінде жүргізілетін шаралар стандарты мен алгоритмін Вирустық геморрагиялық қызбаға жалпы сипаттама беру, Аса қауіпті Эбол, Марбург, Ласса, сары қызбалары.этиологиясын, эпидемиялық процесске, індетке сипаттама беруді үйрету, Эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруды,алдын алу шараларын жүргізуді үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының этиологиясы жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық процессінің сипаттамасы жөніндегі білімдерін жетілдіру;

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының эпидемиологияға қарсы іс-шараларды жүргізу принциптерін жөніндегі білімдерін жетілдіру

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының профилактикалық шараларды жүргізу принциптерін жөніндегі білімдерін жетілдіру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының этиологиясы жөніндегі түсінік;

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясы, инфекция көзі;

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекциясының берілу механизмдері,берілу факторлары,жолдары;

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекцияларында қабылдағыштық және иммунитет.

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктері.

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекцияларының патогенезі, клиникасы.

  • Қоздырғыштары парентеральды, жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық гепатиттердің (ВГВ, ВГД, ВГС, ВГG),АИТВ-инфекцияларында эпидемияға қарсы шаралар.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар және оқулықтармен жұмыс, бақылау сұрақтары және үлгілермен жұмыс, тестілік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н. 2006.

2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын

алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.

3. «ҚР ДСМ егу кестесі». Бұйрық. – 26.06.1995ж.

7. Бақылау (тапсырмалар, тесттер):

1. Вирустық гепатитде инфекция көзін дұрыс көрсетіңіз ;

а) адам

б) ауыл шаруашылығындағы жануарлар



в) адам және жануарлар

г) кемірушілер

д) қан сорғыш буынаяқтылар

2. Дұрыс көрсетіңіз.


А. ВГД берілу механизмі нәжіс-ауыздық
Б. ВГС берілу механизмі бойынша ВГВ-ға жақын,
В. Вирусты гепатит Е-нің созылмалы вирус тасымалдаушысы қауіпті,
Г. Вирусты гепатит Е-де негізгі берілетін жол парентеральды,
Д. Вирусты гепатиттер Е және С гепатиттердің ішінде ең көп тарағаны түрі.

  1. Дұрыс көрсетіңіз.
    А. жануарлар кейбір жағдайларда инфекция көзі болуы мүмкін,
    Б. ВГВ-да инфекция көзі тек адам,
    В. Вирусты гепатит А және Е-де табиғий берілу жолы –жыныстық қатынас арқылы
    Г. Вирусты гепатит А инфекция көзі инфекцияның жедел түрімен ауырған науқас және созылмалы вирус тасушылар
    Д. Вирусты гепатит В және С мен ауырғандар 1 жылға дейін жұқтырғыштығын сақтайды

  2. Дұрыс көрсетіңіз.

а) ВГВ вирусы адам организмінде ұзақ уақыт персистірленуге қабылетті

б) ВГС-ның қоздырғышы адам ағзасынан тез шығарылады

в) вирусты гепатит жұққанда клиникасының нақты көрінісімен айқындалатын түрі жүреді

г)т ВГД-ның қоздырғышы тағам өнімдерінде, суда және әр түрлі заттарда анықталады

д) ВГЕ-нің қоздырғышы симптомсыз созылмалы инфекцияны шақырады


  1. Дұрыс көрсетіңіз. Вирустық гепатитде:

а) Сарғайған кезең ВГВ-да 3 тәулік арасында жүреді

б) ВГС циклдық ағыммен сипатталады

в) аурудың ауыр болуы милиар жүйесінің зақымдалуымен байланысты

г) ВГВ жоғары температурамен сипатталады

д) ВГА негізінен сары шықпаған жағдайда жүреді


  1. Дұрыс көрсетіңіз.

Инкубациялық кезең:

а) Вирусты гепатит В-да 5 аптаға дейін болады

б) Вирусты гепатит А-да 50 күннен аспайды

в) Вирусты гепатит Е-де ұзақ мезгілге созылады

г) Вирусты гепатит С-да 1 айдан 3айға дейін созылады

д) ВГД-да инкубациялық кезең ВГЕ-ге жақын



  1. вирусты гепатиттердің салыстырмалы арақатынасын дұрыс көрсетіңіз :
    а) ВГВ диспепсиялық синдроммен сипатталады,
    б) .ВГВ қышыма синдромымен сипатталады,

в) ВГЕ тұмау сияқты синдроммен сипатталады
г)ВГА-де артралгия синдромы байқалады
1. Марбург қызбасында және Эбола қызбасында ... жүргізіледі:

а) науқасты оқшаулау

б) науқаспен қатынаста болғандарды оқшаулау

в) науқаспен қатынаста болғандарды егу

г) медициналық қызметкерді оқшаулау және оның обаға қарсы костюмін

2. Марбург қызбасымен ауырған науқаспен қатынаста болғандар ... карантинде болады:

а) 5 күн

б) 6 күн


в) 21күн

г) 30 күн

3. Эбола қызба қоздырғышының адамға берілу жолы:

а) ұстаған кезде

б) науқастың жарасына қан тиген кезде

в) қансорғыш жәндіктер арқылы

г) сұқбаттасу кезінде

4.Эбола қызбасымен ауырған науқасты шығарған соң медициналық қызметкерлерге текксеру жүргізіледі:

а) 21 күннен аз емес дене қызуының күнделікті өлшенуі

б) 30 күннен аз емес күніне 2 рет дене қызуының өлшенуі

в) 5 күннен аз емес мұрын қуысынан жұғында алып тексеру

г) 21 күннен аз емес қанның серолгиялық тексеруін жүргізу

5. Ласса қызбасының адамға жұғу жолы:

а ) инфицирленген көртышқандар зәрімен зақымдалған тағамдарды қолданғанда

б) құрамында инфицирленген көртышқандар зәрі бар шаңды жұту

в) құрамында инфицирленген көртышқандар зәрі бар жараға шаңның түсуі

г) қансорғыш жәндіктер шаққан кезде

6. Сарғаю қызбасы эпидемиологиялық белгілерменен байланысты, мынадан басқа:

а) тропикалық аймақ белдеудегі табиғи-ошақтық аурулардың ареалмен жайылуы

б) сарғаю қызбасының 2 эпидемиологиялық қызбасы бар: эндемиялық (жунглиялық) және эпидемиялық (қалалық)

в) қалалық сарғаю қызбасының антропонозды трансмиссивті аурулары болып табылады

г) жунглиялық сарғаю қызбасы жануарлар – маса – жануар ағымымен беріледі

д) сарғаю қызбасының төмен қбылдағыштығы

7. Сарғаю қызбасының инфекция көзі беріледі, мынадан басқа:

а) жунгли приматы

б) құстар

в) опоссумы, пекари, муравьи, броненосцы, ленивцы

г) ауру адам инкубациялық кезеңнің 3-4 күндері ауруы

д) маса

8. Сарғаю қызбасының клинико – эпидемиологиялық диагнозы келесі белгілермен берілген, мынадан басқа:



а) эндемиялық ошақта

б) типтік екітолқында қисық сызық

в) геморрагиялық диатез симптомы

г) бауыр және бүйректің зақымдалуы

д) пульстің өзгеруі

9. Сарғаю қызбасының алдын алу шарасына мыналар кіреді:

а) науқасты алғашқы 5 күнде бокста оқшаулау

б) медициналық қызметкерлердіңарнайы киімде жұмыс жасауы

в) эпидемиялық ошақтағы маса тасымалдаушыларын жою

г) 17Д «Дакар» вакцинасымен тұрғындарды егу

д) аталғандардың барлығы

10. Геморрагиялық қызбаның бүйректік синдромының негізгі клиникалық белгілері:

а) қызба, ауыздың құрғауы, ысу, құсу

б) бел аймағының ауруы, жарықтан қорқу, беттің, мойынның ісінуі

в) склерге қан ұю, қарындық және жатырлық қан ағулар

г) диурездің төмендеуі, ұйқысыздық, менингиальды белгілердің болуы

д) аталғандардың барлығы

8. ЖИТС-бұл:

а)Оппортунистік инфекция

б) АИТВ-инфекции синоним

в)аурудың басқышы

г)өздігінше ауру

9.АИТВ-инфекция –бұл:

а)сапроноз

б)антропоноз

в)зооноз


г)зооантропоноз

10.АИТВ-инфекциясын жұқтырған адам ... инфекция көзі болады :

а) клиникалық белгілер анық көрінгенде

б) терминальдыбасқышында

в) симптомсыз инфекция стадиясында

г) өмірбақий


Жағдайлық есеп

Ауырғаннан 6 күн өткесін 21 жастағы ер адам инфекциялық аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне әлсіздік, қабырғасының оң жағында ауырлық, бас ауруы,тәбетіңің жоқтығы,несебінің түсінің қарайған, терісі сарғайған жағдайда келіп түсті . несебінің түсінің қарайғаны 3-күні пайда болған, терісі 4-күні сарғайған.Отбасында аурушаңдық жағдайы тіркелмеген.Науқастың жағдайы орташа. Көзі,терісінің сарылығы аздеап сарғайған. Бауыр 3смқабырға сыртынан шығып тұр.талақ нормада. Лейк - 6700; п/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%. Билирубин общий – 137 ммоль/л; прямой – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,1 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз?



Жағдайлық есеп

Науқас 30 жаста, аң аулау кезінде ондатрды союға қатысқан. 3 күннен кейін кенеттен дене қызуы 39-400С көтерілген, қалтырау,бас ауру,бұлшықеттерінің ауруы, әлсіздік болған. Теріде оң жақ иық аймағында көпіршік, іріңді-қанды қызыл түсті. 2-3 күннен кейін жара пайда болды, түбі қанық струппен жабылған. Өткір ауырсыну байқалады. Сол жақ шап аймағында лимфатикалық түйіндер тауық жұмыртқасының көлеміндей ұлғайған, өткір ауырсынулы, тері қызыл, көкшіл түсті. Дене қызуы барлық күндері жоғары болған.



  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?



1. Тақырыбы №20: Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырманың этиологиясы, індетке сипаттама беру, індетке қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау қағидалары.

2. Мақсаты: Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырманың алдын алу шараларын және індетке қарсы қағидаларын, эпидемиялық процестің сипаттамасын, негізгі этиологиясын студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма ауруы кезіндегі эпидемиялық процестің сипаттамасын, этиологиясын студенттерде қалыптастыру.

  • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырмадағы індетке қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру.

  • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгерту.

  • Алдын алу және індетке қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма қоздырғышының сипаттамасы.

    • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырманың эпидемиялық процесіне сипаттамасы, аурушаңдылығы, маусымдылығы.

    • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма қоздырғышының берілу механизмі.

    • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырманың клиникасы, патогенезі.

    • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма ошағындағы індетке қарсы шаралары.

    • Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма ошақтарын эпидемиологиялық қадағалау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемилогия. –

Шымкент: Кітап, 2013. - 544 б.

2. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):



Сұрақтары:

1. Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма кезіндегі эпидемиялық процесс және эпизотиясының заманауи ерекшелігі.

2. Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма кезіндегі аурудың уақытта, аумақ бойынша, халық топтарының арасында таралу ерекшелігі.

3. Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма кезіндегі эпидемиялық процесін басқарудың әдістері.

4. Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырма кезіндегі эпидемиологиялық қадағалаудың жалпы қағидалары.

5. Бруцеллез, оба, туляремия, сібір жарасы, құтырмамен күресудегі және алдын алу үшін жүргізілетін шараларды негіздейтін құжаттар.



Тесттер:

1. Табиғи-ошақтық ауруды көрсетіңіз:

а) оба

б) тырысқақ



в) туляремия

г) кенелік бөртпе сүзегі

2. Табиғи-ошақтың қалыптасуына әсер ететін факторлар:

а) ландшафтты-климатикалық

б) ауру қоздырғышын тасымалдаушылар және кейбір жануарлар түрлері

в) синантропты кеміргіштер

г) адамның шаруышылық өнімі

3. Трансмиссивті механизм берілуімен іске асырады:

а) маса

б) кене


в) шіркейлер

г) үй және бөлмелік шыбындар

4. Табиғи ошақтағы обаның қалыптасуы:

а) сарышұнақ

б) сурки

в) дала тышқандары

г) су тышқандары

5. Оба қоздырғышының көзі болуы мүмкін:

а) жабайы кеміргіштер

б) үй тышқандары

в) атжалман

г) құстар

6. Оба қоздырғышының заңды тасымалдаушысы:

а) кене


б) бүрге

в) бит


г) шыбын

7. Туляремияның адамға жұғу түрі:

а) қансорғыш жәндіктер мен кенелер арқылы

б) тері жамылғысының бұзылуы арқылы

в) су және тағамдық өнімдер арқылы

г) туляремиямен ауырған науқастың пәтеріндегі тұрмыстық заттар арқылы

8. Тірі туляремия екпесін егеді:

а) туляремия бойынша эпизоотикалық территориясындағы қауіп топтары

б) туляремия бойынша эпизоотикалық аудандарға шығатын топтар

в) туляремиямен ауырған науқаспен қатынаста болған топтар

г) туляремиямен ауырғандар

9. Обаға қарсы егеді:

а) обаның кеміргіштер арасында эпизоотиясының болмауы обаның табиғи

ошақтық обаның территориясында тұратын халық

б) табиғи ошақтық обарның территориясында кеміргіштердің арасында

эпизоотияның бар болуы

в) обаның сәтсіз аудандарда шығарылатын топтар

г) жұқпалы аурумен ауырған адамның халықтың административті кіруі

10. Табиғи ошақта обаның табылуы:

а) Европада

б) Австралияда

в) Африкада

г) Азияда

11. Сібір жарасының жұғу қауіпінің жоғарғы тобы:



  1. зоотехниктер және ветеринарлы жұмысшылар

б) қасапшылар

в) ет өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, тасымалдайтын топтар

г) жергілікті тазарту органдарындағы жұмысшылар

12. Сібір жарасының қоздырғышы:



  1. грамм (+) таяқшалар

б) грамм (-) таяқшалар

в) вирус


г) рикетсия

13. Сібір жарасының жасырын кезеңі ... ұзартылады:



  1. 2-8 күн

б) 14 күн

в) 8-21 күн

г) 1 ай

14. Сібір жарасының инфекциялық көзі:



  1. ауру жауарлар

б) өлген жануарлар

в) ауру адам

г) реконвалесцинтенттер

15. Сібір жарасы:

а) антропоноз

б) зооноз

в) сапроноз

г) зоосапроноз

16. Бруцеллездің патогенді табылуы:


  1. Br.suis

б) Br.mlitensis

в) Br.bovis

г) Br.canis

17. Бруцеллез ауруымен жиі ... ауырады:



  1. аңшылар

б) балық аулаушылар

в) жер қазатындар

г) сауыншылар, ветеринарлар, малшылар

18. Бруцеллездің жұғу механизмі:



  1. алиментарлы

б) ауа-тамшылы

в) қарым-қатынас

г) трансмисситі

19. Бруцеллездің инфекция көзі болып ... табылады:



  1. майда және ірі шаруашылықтар

б) ауру адам

в) жануар, су шаруашылығындағы жұмысшылар

г) ветеринарлар

20. Бруцеллездің эпизоотиясының айқын көрінісі:

а) жануарлардың жаппай қырылуы

б) жануарлардың жүнінің түсуі

в) жануарлардың түсік тастауы

г) жануарлардың салмақ қоспауы

21. Қазақстандағы бруцеллез ауруына шалдығудың басым көпшілігі:

а) қой, ешкіге байланысты

б) мүйізді ірі қараға байланысты

в) шошқаға байланысты

г) итке байланысты

22. Құтырудан тазарған ел:

а) Ұлыбритания

б) АҚШ


в) Россия

г) Түркменстан

23. Бабеш –Негри денешіктері:

а) ОЖЖ анықталады

б) жарақаттанған тіннен анықталады

в) бауырдан анықталады

г) талақтан анықталады

24. Құтырудың инфекция көзі:



  1. ит

б) түлкі

в) қасқыр

г) кене

25. Антирабиялық егулер жүргізіледі:



а) травматологиялық бекетте

б) СЭҚБ жұмысшылары

в) балалар емханасының егу кабинетінде

г) ауылдық емханалық амбулаторияларда

д) ЖАА қабылдау бөлімінде

26. КАВ (культуральді антирабиялық вакцина) толық курсы келесі мерзімде

енгізіледі:

а) 0,3,7,14,30,90 күн

б) 0,1,4,7,10,14 күн

в) 0,4,10,20,40,90 күн

г) 0,5,10,15,20,30 күн

д) 0,10,20,30,40,60 күн

27. Антирабиялық егулердің шартсыз курсы келесі жағдайда жүргізіледі:

а) белгісіз жануарлардың тістеуі мен жаралауы

б) тістеген ит ветеринарлық қадағалауда болғанда

в) белгісіз сау ит тістеген жүкті әйел

г) егілген иттің тістеуі

д) көрші белгілі иттің тістеуі

28. Құтырудың адам үшін маңызды қоздырғыш көздері болып табылады:

а) иттер


б) қасқырлар

в) мысықтар

г) түлкілер

д) кеміргіштер

29. Құтырудың негізгі шаралары:

а) қаңғыбас жануарлармен күресу

б) малшаруашылығындағы малдарды жою

в) мал тұратын жерді дератизация жасау

г) мал тұратын жерді дезинсекция жасау

д) тұрғындар арасындағы сантарлық ағарту жұмыстары

30. Құтырудың жасырын кезеңі:

а) 10 күннен 1жылға дейін

б) бірнеше сағат

в) 35 күн

г) 7 күннен 3 жылға дейін

д) 7-8 жыл



Жағдайлық есеп №1.

Ер кісі 35 жаста, ауру жедел басталды. 3 күн бұрын дене қызуының жоғарылауы, оң жақ шет аймағының ісініп ауырсынуы байқалады. Қарағанда: жағдайы ауыр, температура 40ºС, тілі ақ жабындымен жабылған, ерні құрғақ, беті және көз қарашығы қызарған, қозулы. Лимфа түйіндері ұлғайған, тері асты қабатына жабысқан, қозғалмалы емес, терісі сезімтал және асты қызарған, пальпацияда ауырсынулы. Эпиданамнез: түйенің сойысына қатысқан. Науқасқа мынадай диагноз қойылған: «Оба, бубонды формасы, ағымы».

Оба ауруын шақыратын себептерге патогенезі айту және есепті бағалау.

Керекті жағдайда жүргізіп негіздеу және эпидемиялық ошақтағы шараларды бағалау.



Жағдайлық есеп №2.

Науқас Б., 35 жаста, үй шаруасындағы, ауылда тұрады. Бір апта бұрын үйінде мал союға қатысқан. 4 күн бұрын оң жақ иық аймағында көпіршік пайда болған, науқас қасыған, күннің соңында айналасында кішкене ісік пайда болған. Келесі күні ісік үлкейе бастаған. 3-ші күннің соңында сұр қабыршақ пайда болған. Дене қызуы 38,50С, әлсіздік, бас ауруы. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған, тілі ақ жабындымен жабылған. Оң жақ иық бөлігі түгелдей ісінген. Иықтың ортаңғы 3/1 ішкі қабатында қара тығыз струп көлемі 1,5 см айналасы көпіршікті, серозды жабындымен жабылған. Пальпациялағанда ауырсынулы. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндерінің көлемі орман жаңғағындай, пальпация кезінде сезімтал. Басқа ішкі органдар өзгеріссіз. Дәреті қалыпты.



Науқасқа мынадай диагноз қойылды: «Сібір күйдіргісі, терілік түрі ауыр формасы. Болған жағдайды және аурудың себебін бағалау. Эпидемиялық ошақта жүргізілген індетке қарсы шараларды балау және керекті жағдайда оларды жүргізуді негіздеу.

1. Тақырыбы №21: Кенелік энцефалит,бөртпе сүзегі, Брилл - Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) этиологиясы, індетке сипаттама беру, індетке қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қағылаудың қағидалары. Кенелік энцефалит және жапон энцефалиті кезінде жүргізілетін шаралардың стандарты мен алгоритмі.

2. Мақсаты: Студенттерге кенелік энцефалит,бөртпе сүзегі, Брилл - Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) алдын алу шаралары мен індетке қарсы қағидаларды, эпидемиялық процестердің сипаттамасын, негізгі теориялық этиологиясын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • студенттердің кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) жайында эпидемиялық процесс туралы сипаттамасы, этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) індеттеріне қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) алдын алу және індеттеріне қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) қоздырғыштарының сипаттамасы

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) эпидемиялық жиынтықтың сипаттамасы, аурудың маусымдылығы;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) қоздырғышының берілу механизмі;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) клиникасы, патогенезі;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) ошақтарындағы эпидемиялық жиынтық;

  • кенелік энцефалит, бөртпе сүзегі, Брилл-Цинссер ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалардың (КҚГҚ, ГЛПС, Омск) шұғыл алдын алу шаралары;

  • кенелік энцефалит және жапон энцефалиті кезінде жүргізілетін шаралардың стандарты мен алгоритмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет