ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет2/9
Дата26.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#159059
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. Тақырып №6: Жұқпалы ауруларды стандартты анықтау әдістемелері: жағдайларға, таң қаларлық жағдайға, дәлелденген жағдайға күдіктену. Диагностиканың эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық критериилері; алдын ала және індетке қарсы жасалынатын шаралар алгоритмі, диспансерлік бақылау. Тәртіптік-шектеу, оңашалау шараларын ұйымдастыру және мазмұны. Аймақты аса қауіпті жұқпалы аурулардың келуінен санитариялық-карантиндік бөлімнің, СЭҚ-ғы аса қауіпті инфекцияларменайналысатын бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.Обаға қарсы қызметтің құрылымы мен қызметтері. Халықаралық медициналық-санитариялық ережелер.ҚР шекарасын күзетудің заманауи мәселелері, аса қауіпті инфекциялардың өтуін ескерту,биологиялық лаңкестік актілерге бірінші боп тойтарыс беру мәселелері.

2. Мақсаты:студенттерде жұқпалы ауруларды стандартты анықтау әдістемелері,тәртіптік-шектеу, оңашалау шараларын ұйымдастыру және мазмұны,санитариялық-карантиндік бөлімнің, СЭҚ-ғы аса қауіпті инфекциялармен айналысатын бөлімінің жұмысын ұйымдастыру,обаға қарсы қызметтің құрылымы мен қызметтері,халықаралық медициналық-санитариялық ережелер білімдерін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • жұқпалы ауруларды стандартты анықтау әдістемесін меңгеру;

  • диагностиканыңэпидемиологиялық, клиникалық және зертханалықкритериилерінмеңгеру;

  • алдын алу және індетке қарсы шаралар алгоритмін, диспансерлік бақылауды меңгеру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • санитариялық-карантиндік бөлімнің, СЭҚ-ғы аса қауіпті инфекциялармен айналысатын бөлімінің жұмысын ұйымдастыру;

  • обаға қарсы қызметінің құрылымы мен қызметтері;

  • ҚР шекарасын күзетудің заманауи мәселелері, аса қауіпті инфекциялардың өтуін ескерту,биологиялық лаңкестік актілерге бірінші боп тойтарыс беру мәселелері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар мен оқулықтармен, бақылау сұрақтары мен кеспелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептер мен тестік тапсырларды шешу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

  1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.

қосымша:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Ғылым. –Алматы, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.

3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.

4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.

5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.

2006.


6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.

7. 2011 -2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты

дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.

8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009

7. Бақылау (сұрақтар):

1. Жұқпалы аурулар анықтау стандарттары қандай?

2. Жұқпалы аурулар ошағында эпидемиологиялық қадағалау жүргізу жүйесінде эпидемиолог-маманының іс-әрекеті қандай?

3. Жұқпалы ауруларды стандартты анықтау әдістемесі: жағдайларға, таң қаларлық жағдайға, дәлелденген жағдайға күдіктену. Диагностиканың эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалықкритериилері;алдын ала және індетке қарсы жасалынатын шаралар алгоритмі, диспансерлік бақылау қандай?

4. Эпидемиологиялық жағдайлар асқынуының алдын алу және алдын ала хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру?

1. Тақырыбы №7: Дезинфекция. Түрлері, әдістері, әр түрлі инфекциядағы ерекшеліктері. Дезинфектанттарға қойылатын талаптар. ҚР тіркелген негізгі дезинфекциялық заттардың сипаттамасы. Дезинфекция әдістері: механикалық, физикалық, химиялық. Дезинфекциялық заттардың сапасы ретінде қолданылатын химиялық заттардың негізгі топтары. Камералық дезинфекция. Камералық дезинфекция сапасына бақылау жүргізу. Стерилизация тиімділігіне бақылау жүргізу әдістері. Медициналық ұйымдардағы дезинфекция және стерилизация. Стерилизация алдындағы тазарту, әдістері мен заттары. Стерилизация алдындағы тазартудың сапасы мен тиімділігін бақылау жүргізу және стерилизация.

2. Мақсаты: дезинфекцияның теориялық және әдістемелік негізін меңгеру, қолдану әдістерін және техникалық құралдарды мен препараттарды қолдануды, эпидемиялық ошақтарды жоюда және алдын алу мақсатында әртүрлі эпидемиологиялық маңызды объектілерде дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру.

3. Оқыту мақсаты:


    • жұқпалы ауруларды алдын алуда студенттердің білімін қалыптастыру;

    • дезинфекция негіздерін меңгеру;

    • дезинфекция әдістерін және дезинфекциялық заттарды қолдану әдістерін қолдануды меңгеру;

    • химиялық заттардың негізгі топтарын қолданудың принциптерін

меңгеру;

    • ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуда медициналық құралдарды стерилизация алды тазалаудың маңызын және жүргізу техникасын меңгеру;

    • дезинфекцияның техникалық құралдарын меңгеру;

    • дезинфекция қызметінің құрылымын ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • жұқпалы ауруларды алдын алудағы дезинфекцияның орны;

  • дезинфекцияның түрлері;

  • дезинфекцияның әдістері мен тәсілдері;

  • химиялық әдістің қолдану аймақтары: қолдың терісін, медициналық қолдануға арналған құралдарды, ауаны, сыртқы орта объектілерін залалсыздандыру;

  • нақты дезинфекциялық заттарды қолдануды растайтын құжат;

  • жеке қолданылатын химиялық дезинфектанттар;

  • құралдарды стерилизация алды тазалауда дезинфекциялық заттарды қолдану;

  • стерилизация, оның түрлері мен әдістері;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

  1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.

қосымша:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.

3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.

4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.

5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.

2006.


6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.

7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты

дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.

8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009

7. Бақылау (тесттер):

1. Дезинфекция түрлері:

А) механикалық

Б) химиялық

В) физикалық

Г) биологиялық

Д) алдын алу

2. Микроорганизм, спора, вирустерді толық жою:

А) стерилизация

Б) дезинфекция

В) дезинсекция

Г) дератизация

Д) антисептика

3. Медициналық құралдарды стерилизация алдындағы тазалау ... кезеңде жүргізіледі.

А) бірінші

Б) екінші

В) үшінші

Г) төртінші

Д) бесінші

4. Дезинфекция – бұл

А) спора түзбейтін потогенді микроорганизмдерді жою

Б) жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою

В) жұқпалы аурулардығ спора тузетін қоздырғыштарын жою

Г) вирус, бактерияларды жою

Д) қарапайымдылар мен құрттарды жою

5. Алдын алу дезинфекциясы жүргізіледі:

А) бөлмелер мен қондырғыларды дезинфекциялау

Б) туберкулез науқасының қақырығын үнемі дезинфекциялау

В) жұқпалы аурухананың қабылдау бөлімінде

Г) гепатит А науқасы орналасқан бөлмені дезинфекциялау

Д) мектепке дейінгі балалар мекемелерді дезинфекциялау


  1. Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар:

А) жұмыс жасайтын ерітінділердің белсенділігін кем дегенде 1 айға сақтау

Б) белсенді әсер етуші заттардың құрамы жоғары болуы керек

В) ерітінділердің температурасына әсер етуі керек

Г) қоршаған ортадағы микроорганизмдерді тез жою

Д) міндетті түрде микробтарға қарсы қасиетке ие болуы керек


  1. Науқастар палаталарында құрамында химиялық қосылыстары бар

дезинфекциялық заттарды қолданады:

А) сутегінің асқын тотығы және оның құрастырмалы негіздері

Б) хлорсутегі қышқылы

В) фенолдар және олардың туындылары

Г) альдегидтер

Д) натрий гидроксиді (каустикалық содасы)



  1. Әртүрлі жұқпалы аурларға қажетті дезинфекцияны тағайындау анықталады:

А) берілу факторларының ерешеліктерімен

Б) қоршаған ортада қоздырғыштардың төзімділігімен

В) берілу механизмдерінің түрлерімен

Г) берілу жолдарының сипаттамасымен

Д) дезинфекциялық заттардың болуымен


  1. Орталықтанған стерилизациялық бөлім мейірбикесі құралдарға

стерилизация алды тазартудан кейін, қан қалдықтарына сынама

жүргізуде оң нәтиже берді. Осы жағдайда мейіррбикенің кейінгі іс-

әрекеті қандай болады?

А) жуғыш ерітіндіде жуып, стерилизацияны жалғастыру

Б) дез.ерітіндіге 15 минутқа салып, стерилизацияны жалғастыру

В) жылытқан жуғыш ерітіндіге салып, стерилизацияны жалғастыру

Г) ағынды суға жуып, стерилизацияны жалғастыру

Д) дистирленген суда жуып, стерилизацияны жалғастыру



  1. Стерилизациялық тазалау орталығы медициналық құралдарды жуушы

заттардың қан қалдықтарының тазалау кезіндегі сапасын тексеру

жүргізілді. Нормативтік құжаттар бойынша бұл процедура қандай

жиілікпен жүргізілу керек?

А) күніне бір рет

Б) екі күнде бір

В) күніне екі рет

Г) он күнде бір

Д) аптасына бір рет



1. Тақырыбы №8: Стерилизация: анықтамасы, ұйымдастыру, әдістері. Орталықтанған стерилизациялық бөлімшелер. Әр түрлі кәсіптегі медициналық ұйымдарда ұстанатын дезинфекция-стерилизациялық режім. Үйдегі жұқпалы аурулар ошағында дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру. Дезинфекциялық шаралардың тиімділігіне бақылау жүргізу. Дезинсекция. Тасымалдаушылармен күрес жүргізу әдістері мен заттары. ҚР тіркелген негізгі дезинфекциялық заттардың сипаттамасы. Дезинсекциялық шаралардың тиімділігіне бақылау жүргізу. Дератизация. Кеміргіштермен күрес жүргізу әдістері мен заттары. ҚР тіркелген родентицидтердің негізгі топтарына сипаттама беру. Дератизациялық шаралардың

тиімділігіне бақылау жүргізу.



2. Мақсаты: стерилизация, дезинсекция, дератизацияның теориялық және әдістемелік негізін меңгеру, оның құрылымын және эпидемиялық ошақтарды ликвидациялауда жұқпалы ауруларды алдын алу үшін түрлі тасымалдаушыларды жоюды ұйымдастыра білу.

3. Оқыту мақсаты:

  • жұқпалы ауруларды алдын алуда студенттердің білімін қалыптастыру;

  • стерилизацияны ұйымдастыру, әдістерін меңгеру;

  • дезинсекция әдістерін меңгеру, қолдану тәсілдері және құралдары;

  • әр топтағы инсектицидтерді қолдану принциптерін меңгеру;

  • дезинсекцияның техникалық принциптерін меңгеру;

  • потенциалды эффективті шараларды және нақты эпидемиялық жағдайдағы инфекцияның эпидемиологиялық ерекшелігіне байланысты дезинсекция шараларын негіздеу;

  • дезинсекция объектілерін анықтау және оларды жүргізу әдістері;

  • дезинсекция сапасын бағалайтын әдістерді меңгеру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • орталықтанған стерилизациялық бөлімшелер;

  • әр түрлі кәсіптегі медициналық ұйымдарда ұстанатын дезинфекция-стерилизациялық режім;

  • адамдарды буынаяқтылардан қорғау және жұқпалы ауруларды алдын

алудағы дезинсекцияның орны;

  • буынаяқтылармен күресудегі алдын алу шараларының құрамы;

  • буынаяқтылармен күресудегі жою шараларының құрамы;

  • механикалық, физикалық және биологиялық әдістердің сипаттамасы, тәсілдері және оларды қолдану;

  • химиялық әдістің сипаттамасы, инсектицидтерге қойылатын талаптар, оның түрлері және қолдану әдістері, буынаяқтылардың ағзасына кіру жолдары және әсер ету механизмдері;

  • әртүрлі қолданылатын заттар және химиялық қоспалар тобының жалпы сипаттамасы;

  • безгек таратушы масалармен күресу шаралары;

  • биттермен күресу шаралары;

  • кенелермен күресу шаралары;

  • синантропты жәндіктермен күресу шаралары;

  • дезинсекцияны қадағалау;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

  1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.

қосымша:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.

3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.

4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.

5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.

2006.


6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.

7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты

дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.

8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009

7. Бақылау (тесттер):

1. Дезинсекция үшін қолданылатын заттар:

а) ратицидтер

б) инсектицидтер

в) қорғаныс киімі

г) дезинфектанттар

д) уланған тағам

2. Дератизация – бұл:

а) құрт-құмырсқалармен күресуге бағытталған шаралар

б) буынаяқтылармен күресуге бағытталған шаралар

в) санитарлық–ветеринарлық шаралар

г) санитарлық-гигиеналық шаралар

д) кеміргіштермен күресуге бақытталған шаралар

3. Дератизацияның маңызы:

а) антропоздармен күрескенде

б) сапроноздармен күресуде

в) зооноздармен күресуде

г) гельминтоздармен күрескенде

д) протозооздармен күрескенде

4. Терапиялық бөлімшеге түскен науқасты қабылдау бөлімшесінде қарағанда, бас биттері мен сіркелер табылды. Науқастың киімін, іш киімін және басын тазалау жүргізуге нұсқау беріңіз.

1. Басты инсектицидты сабындармен тазалау

2. Басты карбофосты эмульсиямен тазалау

3. Басты ыстық суда кір сабынмен жуу

4. Іш киімдерді карбофосты эмульсияға салып қою

5. Іш киімдерді хлорамин ертіндісіне салып қою

6.киімдерді камералық өңдеуге жіберу.

А) 1,2,4,6

Б) 3,4,5


В) 3,5,6

Г) 1,2,5


Д) 1,5,6

5. Дезинсекция маңызды орын алатын инфекцияны атаңыз:

а) кене энцефалиті;

б) бөртпе сүзегі;

в) дизентерия;

г) тырысқақ;

д) қайталамалы сүзек.

6. Құралдар мен әдістерді таңдаңыз:



        1. Кенелерден қорғаныс;

        2. Таракандарға әсер ету;

а) тағамдық айлалар;

б) инсектицидті қаламдар;

в) қоғаныс киімдері;

г) Павловскидің масаларға қарсы торлары;

д) тұрғылықты жерлердің айналасындағы территорияларды тазалау;

е) кеміргіштердің енген және жүрген жерлерінде инсектицидтерді

қолдану;

ж) жабысқақ беткейлерді пайдалану;

7. Дезинсекцияның құрамы мен ұйымдастырылуы ... шараларға байланысты.

а) кенелерге;

б) безгек масаларына;

в) биттерге;

г) таракандарға

д) бүргелерге

8. Объектілерде дезинсекция тиімділігін бақылау жүргізіледі:

а- келесі күні

б- 2 -5 тәуліктен кейін

в- 5-10 тәуліктен кейін

г- 10-20 тәуліктен кейін

д- 1айдан соң

9. Зоокумарин:

а-антикоагулянт

б-тыныс алу уы

в-ішек уы

г-жүйке жүйесіне улы әсері бар

д-ұшақтарды, кемелерді газациялау үшін қолданылады

10. Адам үшін улылығы жоғары инсектицидтер:

а- хлорпикрин

б- күкірт ангидриді

в- бура


г- пиретрум

д- неопинамин

11. Дератизацияның алдын алу шаралары:

а- қоқыстарды жинау

б- механикалық әдіс

в- табиғи жаулар кеміргіштер – мысықтар мен иттер қолдану

г- қоқымтарды үнемі жинау және шығару

д – дәнді дақылдарды уақтылы толық жинау

12. Дератизация әдістері:

а. агротехникалық шаралар

б. механикалық

в. биологиялық

г. физикалық

д. ратицидтерді қолдану

13. Цинк фосфиді:

а. тыныс алу уы

б. ішек уы

в. фумигант

г. кеміргіштердің жүйке жүйесіне, қанға уылы әсер етеді

д. инсектицид


14. Инсектицидтерге жатады:

а-пиретрум

б-бензимин

в-этилен оксиді

г-бутадион

д-метатион

15. Адамдарға улылығы аз инсектицидтерге жатады:

а. ДДТ


б. Фторид натрия

в. Бура


г. Пиретрум

д. Неопинамин


Сұрақтар:

1. Дезинсекцияның анықтамасы. Эпидемияға қарсы шаралардың қай тобына

жатады?

2. Дезинсекция әдістерінің қай түрі тиімдірек және қандай айқын арнайы әсері бар?



3. Дезинсекцияның химиялық және биологиялық әдістерінің артықшылығы мен

кемшіліктерін атаңыз.

4. Дератизацияның анықтамасы. Эпидемияға қарсы шаралардың қай тобына

жатады?


5. Табиғи жағдайларда мекендейтін синантропты буынаяқтыларды жою

шараларындағы негізгі мақсат қандай?




1.Тақырыбы №9: Дезинфекциялық істі ұйымдастыру. Дезинфекциялық станцияның функциясы мен құрылымы. Станцияның жұмысын жоспарлау. Дезинфекциялық камералар: түрлері, қолданылуы, жұмыс істеу тәртібі, қолдану көрсетімдері. Камералық дезинфекцияның сапасы мен тиімділігіне бақылау жүргізу.

Дезинфекциялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіздік шаралары және дезинфекциялық заттармен уланған кезде алғашқы көмек көрсету. АІИ алдын алудағы стерилизацияның маңызы. Инфекциялық бақылау және нозокамиальдық инфекциядан болатын аурушаңдықты төмендетудегі маңызы.



2. Мақсаты: дезинфекциялық станцияның функциясы мен құрылымымен таныстыру. Камералық дезинфекцияның сапасы мен тиімділігін бағалау. Дезинфекциялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіздік шаралары және уланған кезде алғашқы көмек көрсетуді игеру. АІИ алдын алудағы стерилизацияның маңызын түсіндіру.

3. Оқыту мақсаты:

  • инфекциялық бақылау және нозокамиальдық инфекциядан болатын аурушаңдықты төмендетудегі маңызы.

  • дезинфекциялық станцияның жұмысын жоспарлауды игеру;

  • дезинфекциялық камералардың қолданылуын, жұмыс істеу тәртібін, қолдану көрсетімдерін меңгеру;

  • камералық дезинфекцияның сапасына, тиімділігіне бақылау жүргізу;

  • дезинфекциялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіздік шараларын, уланған кезде алғашқы көмек көрсетуді игеру;

  • АІИ алдын алудағы стерилизацияның маңызын түсіндіру;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • дезинфекциялық станцияның функциясы мен құрылымы;

  • дезинфекциялық камералар: түрлері, қолданылуы, жұмыс істеу тәртібі, қолдану көрсетімдері;

  • камералық дезинфекцияның сапасы мен тиімділігіне бақылау жүргізу;

  • дезинфекциялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіздік

шаралары және дезинфекциялық заттармен уланған кезде алғашқы көмек көрсету;

  • инфекциялық бақылау және нозокамиальдық инфекциядан болатын

аурушаңдықты төмендетудегі маңызы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, презентациялар, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиеттер

негізгі:

  1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.

қосымша:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.

3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.

4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.

5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.

2006.


6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.

7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты

дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.

8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009

7. Бақылау (тесттер):


  1. Тырысқақтың эпидемиялық ошағында қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Мұндай жағдайда судан сынаманы неше реттен төмен алмауы тиіс?

А) 3-ден аз емес

Б) 4-ден аз емес

В) 5-ден аз емес

Г) 7-ден аз емес

Д) 10-нан аз емес



  1. Іш сүзегімен ауырған науқасты анықтап және оңашалағаннан кейін эпидемиялық ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Жүргізілген эпидемияға қарсы шаралардың сапасын бағалауды қамту қанша пайыздан (%) төмен болмауы мүмкін?

А) 70


Б) 100

В) 90


Г) 80

Д) 60


3. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда қолданылған медициналық құралдарды стерилизация алды қанды тазалау сапалылығын қай сынамамен анықтайды?

А) фенолфталеинді

Б) азопирамды

В) судандық

Г) бензидиндік

Д) гасперлендік

4. Ішек инфекциясымен ауырған науқастың қолданылған ыдыстарын 1% ас сода ерітіндісінде қайнату.

Толық залалсыздандыру үшін қанша уақыт қайнату қажет?

А) 5 мин

Б) 3 мин

В) 10 мин

Г) 12 мин

Д) 15 мин

5. Орталықтандырылған стерилизация орталығында стерилизация алды қанды тазалау сапалылығын бақылау қандай жиілікте өткізілуі қажет?

А) күнінен 1 рет

Б) айына 1 рет

В) кварталына 1 рет

Г) аптасына 1 рет

Д) жылына 1 рет

6. Егу кабинетінде стерильді столды ... дайындайды.

А) әрбір 2 сағат сайын

Б) бір жұмыс аусымына

В) бір тәулікке

Г) 3 тәулікке

Д) 24 сағатқа

7. Егу кабинетінде генеральды тазалауды ... жүргізеді.

А) әр 24 сағат сайын

Б) күнделікті жұмыс күні басталар алдында

В) 7 күнде 1 рет

Г) 3 күнде 1 рет

Д) күнделікті жұмыс күні аяқталған соң

8. Стерильді материалды алуға пинцет ... сақталады.

А) 1,5% кальций гипохлорид ерітіндіде

Б) 4% су тотығында

В) 6%су тотығында

Г) 0,25% кальций гипохлорид ерітіндіде

Д) 0,5% хлорамин ерітіндісінде

9. Ашылмаған бикстердің стерильдік мерзімі...

А) 3 тәулік бойы

Б) тәулік бойы

В) 12 сағат бойы

Г) жұмыс күні бойы

Д) 24 сағат бойы

10. Өзін-өзі бақылау сынамалары неден кейін жүргізіледі:

А) стерилизация алдындағы тазалау+

Б) күнделікті дезинфекция

В) стерилизация

Г) қорытынды дезинфекция



Д) антисептиктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет