Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба



бет28/75
Дата21.06.2023
өлшемі318.94 Kb.
#475276
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Кадрлық менеджмент пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

ДИВИДЕНДТЕР ДИВИДЕНДЫ компанияның акционерлерінің арасында акциялардың санына қарай бөлінетін пайдасының бөлігі.
ИНДЕКСИНДЕКС экономикалық құбылыстардың дамуының, мысалы, өндіріс көлемінің, өмір деңгейінің, бағалардың салыстырмалы көрсеткіші.
Бизнес (Business) — дело, занятие, приносящее доход, предпринимательская или коммерческая деятельность, вид (направление) деятельности.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншік құқығының жеке адамдарға немесе адамдар тобына (ұжым) көшуі.
Инновацинлық даму - жаңа идеялардың, ғылым мен білімнің және технологияның енуімен байланысты.
Экстенсивті (кеңейту) жол - қосымша қорларды (табиғи, материалдық еңбек) пайдалану арқылы өндіріс көлемінің сан жағынан өсуі; интенсивті жолға қарама-қарсы.
Субсидия  – денежное пособие из средств государства или местного бюджета, специальных фондов, предоставляемое предпринимателям, организациям, фирмам, отдельным гражданам, местным органам власти и др.
Өндіріс факторлары – бұл нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстар (жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет)
Фирма – бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылық жүргізуде еркіндік алған экономикалық субъект.
Рынок -Нарық – бұл экономикалық проблемалардың тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауар өндіру мен тауарға айырбастауда туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формалары.
Спрос -Сұраныс – сұраныстың бағалық (баға) және бағасыз (тұтынушының табысы, саны, тұтынушылардың талғамы, бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлар бағасының өзгеруі, келешектегі өзгерістерді күту)
Предложение -Ұсыныс - ұсыныстың бағалық және бағалық емес (ресурстар бағасы, технология, салықтар және дотация, бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлар бағасының өзгеруі, сатушылардың саны)

Акционерное общество -Акционерлік қоғам (АҚ ) - өз капиталын құнды қағаздар-акциялар сату арқылы қалыптастыратын кәсіпорын. Акцияның иесі АҚ пайдасының бір бөлігін өзіне алуға құқы бар.


Басқарушылық әрекеттестiк iске асқанда екi субъект арасында басқарушылық байланыс бар деп айтуға болады. Оның мәнi мынада: олардың бiрi екiншiсiнiң белгiлiктi түрде жұмыс iстеуiне мүдделi және басқарушылық бұйрықтар бередi, ал екiншiсi – өзiн белгiлiктi себептерге орай бiрiншiсiнiң басқарушылық бұйрықтарына сәйкес ұстанады.Екi субъектi арасында басқарушылық байланыс орнап, сәйкесiнше басқарушылық әрекеттестiк жүзеге асуы үшiн осы субъектiлер арасында басқарушылық қатынастар болуы қажет. Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны - бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс. Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады. Нәтижесінде адамдардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара әрекеттесуінің жиынтығы, басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады. Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады. Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы - басқарушы мен басқарылушы - жүйенің бірлігі ретінде қарастырылады. Алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын - мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін, ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б. білдіреді. Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады. Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі:
– адамдарды (қызметкерлерді) басқару;
– еңбек құралдарын (затты) басқару.
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді. Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару - бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару. Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен айналысады. Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің қатысушысы ғана емес, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да болып табылады. Ал адам әлеуметтік тұлға болғандықтан оған әрқилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. тән. Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету процесінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді. Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша былайша жіктеледі:
– басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасындағы;
– басқарушы жүйенің ішіндегі (басқару сатылары және деңгейлері арасында);
– басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы (субординациялық қатынас). Объектілері бойынша өндірісті басқару қатынасы мыналарға бөлінеді: тұлғалар арасындағы, жүйелер арасындағы және аралас. Таралу өрісі бойынша басқару қатынасы мынадай түрлерге бөлінеді:
– салалық, яғни бір саланың шегіндегі;
– аймақтық, яғни бір аймақтың шегіндегі;
салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың арасындағы;
– аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың арасындағы;
– аймақтық-салалық, яғни әр түрлі аймақтардағы салалар арасындағы.
Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойынша жай және күрделі деп бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет