Оқу әдістемелік кешені



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#133981
1   2   3   4   5   6   7   8
Қосымша әдебиеттер

  1. З. М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері

  2. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, З. М. Алиакбарова, А. М. Бекетаев - Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы –Алматы, “Білім”, 1995.

  3. Ю. А. Ермалаев. Возрастная физиология. М. : Высшая школа, 1985.

  4. И. М. Төлембеков. Нерв жүйесінің физиологиясы Алматы : Ана тілі 1992.

  5. Ж. Н. Нурғалиев, С. Т. Төлеуханов, Эндрокриндік жүйелер физиологиясы, Алматы : Қазақ университеті 2000.

  6. Қ. С. Рымжанов, И.М. Төленбек. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы : 2000.

  7. М. В. Антропова Школьная гигиена Москва

Лекция N 3.
Тақырып: Жоғарғы жүйке жүйесі
Жоспар:


  1. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі туралы түсінік.

  2. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің иілімділігі.

  3. Шартты рефлекстердің жастық ерекшеліктері. Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері.

  4. Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері.


Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі туралы түсінік. Шартты рефлекстік қызмет жүйке жүрйесінің жеке қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің жеке қызметі әрбір адпның ата-анасынан берілетін нәсілдік қасиеттеріне және оның жеке дамуы кезінде пайда болған, өмірден түйген тәжірибесіне байланысты. Осы қасиеттерінің жиынтығы – жоғарғы жүйке жүйесінің типі болып табылады.

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің иілімділігі. Жүйке жүйесінің тума қасиеттері негізінен тұрақты болады. Бірақ жүйке жүйесінің иілімділігі арқасында ғана тәрбиенің нәтижесінде олай да, былай да ауытқып, өзгеруі мүмкін. ЖЖЖҚ –нің типі тұқымдық қасиеттері мен адамнеың тәрбиесі нәтижесінде қалыптасады.

Жоғарғы жүйке жүйеснің қызметінің иілімділігі аса маңызды педагогикалық фактор болып табылады. Жүйке жүйесінің қызметі мен икемділігі шынығуға, тәрбиелеуге көнеді. Ұшқалақ типтегі балаларды салмақтылыққа тәрбиелеуге болады. Жүйкесі жұқа типтегі балаларды ұзақ мазасыздау олардың шектен шығып кетуіне әкеп соқтырады. Оларда невроз пайда болады. Ондай балалар жаңа тәртіпке қиындау үйренеді, арнайы назар аударуды талап етеді.



Шартты рефлекстердің жастық ерекшеліктері. Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері. Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді. Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады. Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.

Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.

Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер шауланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүүргізу керек.

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері. Красногорский балалардың жоғарғы жүйке жүйесін зерттей оттырып, балалық шақта оның 4 типі болатынын анықтады:

1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы сөйлейді, сөз қоры да жетерлік болады.

2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді. Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және шыдамды.

3. Күшті, ұшқалақ, елгезектігі жоғары, тежелуі қиын тип. Олардың тежелу процесі жеткіліксіз. Қыртысасты қызметі жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. Мұндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тұрақсыз. Бұндай типті балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қалт жібермейді, бірден араласып кетеді. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенін де байқамай қалады.

4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип. Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады. Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге шыдамайды, тез шаршап қалады.

Жоғарыда айтылғандай балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке –жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павлов та: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.

Тақырып 5. Импульс қабылдаудың нейрофизиологилық механизмі мен жасқа байланысты ерекшеліктері.

Қоршаған ортамен қатынаста, оны танып білуде импульс қабылдау аса маңызды рөл атқарады. Қабылдау -сыртқы ортадан келген ақпарат-информацияны талдау және бағалау процестерінен тұратын күрделі процес.

Информация қабылдауда ми қыртыстарының әртүрлі аудандары қатысып, қабылдайды, талдайды, өңдеп, қабылдаған информацияны бағалайды. Ми қыртыстарының бастапқы проекциялық бөліктерінде информация қабылданып, сигналдар талқыланады. Екінші проекциялық аймақтарда әртүрлі аналаизаторлардан түскен информациялар күрделі сенсор комплекстерінде бағаланады (синтезделеді ). Анализатор аймақтары айқасқан жерде –ми қыртыстарының ассоциативті аймақтарында әртүрлі анализаторлардан түскен тітіркеністер интеграциясы жүреді. Олар бұрынғы тәжірибелерінен, тіршілік сабақтарынан алған эталонмен салыстырады. Осы ми қыртысы аймағында түскен информация комплексті бағаланады. Сөйтіп не істеу керектігі жөнінде шешім қабылданады. Стимульмен танысылып, оның маңызы анықталады.

Назардың нейрофизиологиялық механизмі мен оның жасына орай қалыптасуы. Назар – дегеніміз оқу- тәрбие жұшмыстарындағы ең маңызды психофизиологиялық қызметтерге жатады. Қабылдау, назар өте күрделі актылар жүйесі. Оған мидың көтеген бөліктері қатысады. Назар ми қыртыстарының активтілік деңгейін көтереді. Оған ми қыртыстарын генерал активтендіретін орта мидың ретикулярлы формациясы, локалды( белгілі бір жерді ғана активтендіретін ) активтендіретін лимбикалық жүйе мен реттеуші жоғарғы ми қыртыстары орталықтары және бақылау жасаушы ми қыртыстарының маңдай бөліктері жатады. Генералды активтендіру еріксіз назардан сақтандырады. Локальды активтендіру механизмімен ерікті, ниетпен назар аудару процесі жүреді. Назар мен қабылдау арасында екіжақты тығыз байланыс орнаған. Бір жағынан назар ми қыртыстарын активтендірсе, қабылдауды оптималдайды, әртүрлі ми қыртыстары бөліктерін таңдап, талдап қабылдау процесіне жұмылдырып отырады. Ал екінші жағынан, назар барлық түскен информацияны талдаумен өңдеуге негізделеді . Сондықтанда назар аудару процесі жас келген сайын мидың активтендіру жүйесінің, сондай-ақ информацияны талдау мен өңдеуге қатысатын қыртыс құрылымдарының құрылым – функциональ жетілуімен сипатталады.

Мотивация дегеніміз эмоция, олардың мінез –құлық қалыптасуындағы маңызы. Мотивация дегеніміз ми құрылымдарының организмнің белгілі бір сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған активті жағдайы. Мотивция организмнің биологиялық талаптарына байланысты да, білуге құштарлығы жағынан да пайда болуы мүмкін. Қандай да болмасын информация –ақпарат мінез –құлық қалыптаспастан алдын сол моменттегі бар мотивациямен салыстырады. Мысалы, қарны тоқ жануарға тамаққа шартты рефлекс жасау қиын, себебі оның қоректік мотивациясы жоқ. Мотивациямен эмоция тығыз байланысты. Мақсатқа жету мен талаптардың қанағаттануы оң, көтеріңкі эмоция тудырады. Оған жетпеу көңіл –күйін эмоцияны төмендетеді. Адамзаттың басты сұранысының бірі ақпаратқа- информацияға сұранысы. Осы оң эмоция адамда өмір бойы таусылмайды.

Эмоция барлық организм ждағдайына әсер етеді. Теріс эмоция денсаулыққа кері әсерін тигізеді, адамды езіп тастайды, жабырқатады: адам селсоқ, алаңғасар, енжар күй кешеді. Теріс эмоцияның шегі жылау. Оң көтеріңкі эмоцияны жымию, күлу арқалы білдіреді. Әрине оң эмоциялар адамның жұмыс қабілетін арттырады. Интеллектуаль жағы жақсарып, қоршаған орта әсерлері жақсы қабылданады, есте ұстау қабілеті жоғарлайды. Эмоцияның рөлі балалық шақта әсіресе жоғары. Балалар жаңалыққа өте құштар болып келеді. Осы сұраныстарын қанағаттандыру оң эмоциямен қабат жүреді. Эмоция орталық нерв жүйесі жұмысын жақсартады. ОНЖ жетіле түсуі бастапқы мектеп жастарында танып білу сұраныстарын қалыптастырып эмоциясын реттеуі жетіле түсуіне себеп болады.

Балалар эмоциясы ОНЖ бақылауының әлсіздігіне байланысты тұрақсыздау болып келеді. Оны олардың ұстамсыздығынан аңғаруға болады. Балалар оңай жылап, артынан көп өтпей –ақ күле салады. Қуанғаннан қатты күліп, айқайлап кетеді. Жасы өскен сайын олардың ұстамдылығы арта бастайды. Әрине оның қалыптасуында тәрбиенің орны ерекше. Ұстамды балалар ересектерден үйренеді. Әрине мұндайда ересектердің өзі үлгі болғаны жөн.

Тәжірибелі оқытушылар сабақты эмоциямен өткізу оқушылар назарын сабаққа аударудың кепілі екенін біледі. Біздің әрқайсысымыз көңіл –күйіміздің жақсы болса жұмыстыңда өнімді болатынын жақсы білеміз .

Ұйқы мен ояулықтың нейрофифзиологиялық механизмі. Адам организмі қалыпты тіршілік жасауының кепілі – ұйқы мен ояулықтың алмасып отыруы.

Ұйқы -организмнің қоршаған ортамен байланысының айтарлықтай үзілу жағдайы. Ұйқы организм қабілеттерінің қайта қалпына келтіру болып табылады. Ондайда зат алмасу қарқыны баяулайды, бұлшық ет тонусы, жүрек жиырылуы бәсеңдейді. Ол ақыл-ой жұмысының қалыпты жүруіне де керек. Ұзақ уақыт ұйқы азайса адамдардың ақыл-ой жұмысы нашарлап , ашуланшақ, тітіркенгіш бола бастайды. Психикасынан да ауытқулар байқауға болады.

Ұйқы мен ішкі тежеу табиғаты бір процестер. Ішкі тежелу ояу кезде тек бірқатар клеткаларды ғана қамтыса, ұйқы кезінде ми қыртыстары мен одан төмен орналасқан ми бөліктерінде де болады. Ол клеткалардың тынығып қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Қызмет ауысуы мидың әртүрлі құрылымдарының әсерлесуі арқылы жүзеге асады.
Негізгі әдебиеттер.


  1. Антропова М. В. Гигиена детей и подростков. – 6-е изд. –М.: Медицина, 1982.

  2. Гуминский А.А, Лентьева Н.Н., Тупицына Л.П. Руководство к выполнению лабораторных занятии по возрастной физиологии. – М. : изд МГПИ им. В.И. Ленина, 1989.

  3. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. – М . : Просвещение, 1990.

  4. Адаптация организма учащихся к учебной и физической нагрузкам / Под ред. А.Г. Хрипковой, М. В. Антроповой. – М. – Педагогика, 1982

  5. Лионтева Н.Н, Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. (внутренние органы). – М. : просищение 1986.

  6. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы – Алматы 2003. К. Дүйсенбин, З. Алиакбарова.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет